Баспасөз хабарламасы
2012 жылы 20 қарашада Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы бағытталуын көздейтін "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қазақстан Республикасы Заңының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 - 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мөлшерін анықтау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 - 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлерін республикалық бюджетке: 2013 жылға - 1380 млрд. теңге; 2014 жылға - 1188 млрд. теңге; 2015 жылға - 1188 млрд. теңге бекітеді.
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бюджетті тұрақты кіріс көзімен қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде экономикалық белсенділікті және экономикадағы жұмыспен қамтушылыққа бағытталған бюджет шығыстарын толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың құқықтық салдары оң сипатталуда, өйткені олардың мақсаты мемлекеттің қаржы қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ республикалық бюджеттің басқа да шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етеді және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда министрлігі