Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына баспасөз релизі

      2012 жылғы 13 ақпанда Мемлекет Басшысы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау қызметінің Тұжырымдамасына сәйкес әзірленген "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы:

      Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындауға;

      арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке келумен, оны өткерумен және тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге;

      арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын анықтауға, оларды материалдық қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауға бағытталған.

      Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жатады.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен 42 заңнамалық актілеріне:

      қолданыстағы заңнаманы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен сәйкес келтіруге;

      арнаулы мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді.

      Көрсетілген заңдар сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінің өзгешілігін ескере отырып, оларды өзге мемлекеттік органдардан бірінші кезекте құқық қорғау органдарынан, ал арнаулы мемлекеттік

      органдарда қызмет өткеруді - құқық қорғау қызметі мен әскери қызметтен ажыратуға бағытталған.

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдары осы органдарда қызмет ету имиджін жоғарылатуға септігін тигізеді.

      Көрсетілген заңдарды қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз