Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 557-IV Заңы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың,бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға 202 жылғы 16 ақпанда қол қойылды

      Заң бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту, бюджет тәртібін арттыру және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту мемлекеттік қаржы бақылау органдарының функцияларын күшейту мақсатында әзірленді.
      Осыған байланысты жаңа құжат – Бұзушылық сыныптауыш көзделеді. Бұл бұзушылық түрлерін, бұзылған құқық нормаларын, бұзушылықты жою тәсілдерін және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті жауапкершілік түрлерін қамтитын тізбе.
      Заңда бюджеттік және басқа заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көзделеді.
      Лауазымды тұлғалар және мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және Еңбек кодексіне сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк, сондай-ақ Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершiлiк болып табылады.
      Әкімшілік кодексінің шеңберінде белгіленген табиғи нормаларды (тиістілік нормаларын) және әкімшілік шығыстар бойынша ақша түріндегі нормаларды бұзғаны және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды беруге бағыталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту қарастырылған.
      Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту үшін  уақыты өту мерзімін ұлғайту арқылы бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде толықтырулар енгізу қарастырылуда.
      Заңда нысаналы трансферттерді пайдалану жауапкершілігі күшейтілді, атап айтқанда:
      жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені, нәтижелерге қол жетпегені үшін;
      жоғары тұрған бюджетті ұйымдастырушы әкімшілерінің конкурстық рәсімдерді уақытында өткізбегені үшін жауапкершілік қарастырылды.
      Бюджеттік тәртіпті арттыру мақсатында Бюджет кодексінен келесі қаржы жылында ағымдағы нысаналы трансферттерді түгел пайдалану нормасы алынып тасталды.
      Сондай-ақ, Заңда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының нәтижеге қол жеткізбеуге алып келген бюджет қаражатының игерілмеуі үшін жауапкершіліктері қарастырылады.
      Квазимемлекеттік секторы субъектілеріне берілген бюджет қаражатының жұмсалуына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында  аумақтық қазынашылық органдарында бюджеттік инвестицияларды аудару және оны квазимемлекеттік секторы субъектілерінің қолдануы үшін қолма-қол бақылау есебін ашу ұсынылады.
      Заңда бюджеттік инвестицияларды іске асыру нормалары күшейтілген.
      Заңның нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қатаң түрде бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, қаржылық-экономикалық негіздемені бекіту және түзету тәртібі көзделген.
      Бюджеттік қаражатын пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында есеп комитеті, тексеру комиссиясы және қаржылық бақылау органдарының құзыреттерін кеңейту көзделген.
      Заңда бұған дейін бюджеттік инвестициялар санатына жатқызылған және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қаржылындырылған дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін нысаналы салым салуға сәйкес нормалар көзделген.
      Дербес білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесін есепке ала отырып және нысаналы салымның құрамына даму шығыстарымен бірге ағымдағы шығыстарын қосу үшін нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жеке түрін көздеу ұсынылады.
      Заңға меморандумдарға және жеке мемлекеттік органдармен стратегиялық жоспарларды әзірлеу бойынша нормалар енгізілген, атап айтқанда Бюджет кодексінде:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдар әзірлеуі бойынша норма;
      стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдардың тізбесі көзделген.
      Сондай-ақ стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар әзірлеу және бекіту тәртібі айқындалды.
      Қазіргі уақытта Заңның нормаларын іске асыруға байланысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс басталды.
      Заңның толық мәтіні бүгін ресми БАҚ-та жарияланды.

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз