2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 19 ақпандағы № 80-V Заңы.

      2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл Хаттама Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысын тоқтатады - ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік
рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік
баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір
мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың
ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған
соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

      2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабына сәйкес,

      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Тараптардың мемлекеттік органдары" - Беларусь Республикасы мемлекеттік басқармасының республикалық органдары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Ресей Федерациясы атқарушы билігінің федералдық органдары;".

      2-баптың алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары тиісінше жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар болып саналсын;

      2) 5-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Тауарлар бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, дипломатиялық өкілдіктің персонал мүшелері, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметкерлері немесе артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген органдар және (немесе) халықаралық ұйымдар миссияларының персоналы, сондай-ақ егер болу мемлекетінде тұрақты тұрмайтын болса және болу мемлекетінің азаматы болып табылмаса, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған болса, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарапының сыртқы істер министрлігі не дипломатиялық өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оған теңестірілген орган және (немесе) өз Тарапының аумағында орналасқан халықаралық ұйымның миссиялары хабардар еткен болса;

      тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға, спорттық жарыстарды не оларға дайындықты өткізуге, дүлей апаттардың, авариялардың, апаттардың салдарын жоюға, Тараптардың қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, Тараптардың мемлекеттік шекараларын қорғауға, Тараптардың мемлекеттік органдарының пайдалануына арналған болса, ол туралы мүдделі Тараптың орталық кеден органы жөнелтуші кеден органына ұсынған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбастан осындай тауарларды шығару туралы қолдауды мүдделі Тараптың тиісті мемлекеттік органы растаған болса;".

      5-баптың төртінші абзацы бесінші абзац болып саналсын;

      4) 7-баптың төртінші абзацындағы "осы Келісімнің 13-бабына" деген сөздер "осы Келісімнің 12-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5) Келісімге 2-қосымшада "1" сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Беларусь Республикасының кеден органы немесе Қазақстан Республикасының кеден органы Сертификатты тіркеуші кеден органы болып табылса, мұндай кеден органының коды мынадай ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі:

      Беларусь Республикасы үшін - 112 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (11200000);

      Қазақстан Республикасы үшін - 398 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (39800000)".

2-бап

      Тараптар арасындағы осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Келісімде белгіленген тәртіпте шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.

      Осы Хаттама депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын Кеден одағының комиссиясында сақталады және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасы

Республикасы

Федерациясы

үшін

үшін

үшін


      2011 жылғы 19 желтоқсандағы Мәскеу қаласында қол қойылған 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама көшірмесінің мәтіні толық және бірдей екенін осымен куәландырамын:

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Президенті

      А.Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Президенті

      Н.А. Назарбаев;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Президенті

      Д.А. Медведев.

      Түпнұсқалық данасы кеден одағы Комиссиясында сақталады.

Кеден одағы Комиссиясының


Хатшылығының Құқықтық


департаменті директорының


орынбасары

М.И. Халимов


      2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрлігі


Кедендік бақылау комитеті


төрағасының міндетін атқарушы

С. Мулькин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады