2012 жылғы 10 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм (Шығыс-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ арасындағы Қарыз туралы келісім
«Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b))
Күні 10 Қазан 2012
Қарыз туралы келісім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы 2012 жылғы 10 қазандағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда оларға бекітілген мағыналарына ие болады.
II БАП — ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің («Қарыз») 2.07 бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын бір миллиард алпыс сегіз миллион (1 068 000 000) АҚШ долларына тең соманы береді,
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлеуі тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге ауыспалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде осындай сомаға конверсиялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Шарттардың ІV-бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02(d) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
2.05. Әр жылдың 15 ақпаны және 15 тамызы төлем күндері болып табылады.
2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
2.07.(а) Қарыз алушы кез келген уақытта борыштың ұтымды басқарылуын қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады: (і) мақұлданған валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін өзгерту; (іі) пайыздық мөлшерлеме базисінің мыналарға: (А) Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше, немесе (В) өзгермелі мелшерлемеден референттік мөлшерлемеге негізделген Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне және өзгермелі спрэдті тіркелген референттік мөлшерлеме мен өзгермелі спрэд негізінде өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше, немесе (С) Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына, өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге қолданылатын; (ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шектерін анықтау.
b) Осы тармақтың (а) тармақшасына сәйкес сұратылған Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы шарттарда айқындалғандай, «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың IV бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
ІІІ БАП - ЖОБА
3.01. Қарыз алушы Жоба мақсаттарын өзінің жақтайтыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі арқылы жүзеге асырады.
3.02. Осы Келісімнің 3.01-тармағы ережелері үшін шектелмей және егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ
4.01. Мыналар күшіне енудің қосымша шарттары болып табылады:
(а) ККМ арқылы Қарыз алушы Банкті қанағаттандыратын техникалық тапсырмаға сәйкес қаржылық басқару жөніндегі консультантты және сатып алу жөніндегі консультантты таңдауға міндетті;
(b) Жоба бойынша Банкті қанағаттандыратын, барабар кіріктірілген бақылау құралдары бар, Жоба бойынша ресурстар мен шығыстарды қадағалап отыруға және қаржылық есептерді, оның ішінде аралық қаржылық есептерді (АҚЕ) жасауға қабілетті бухгалтерлік есеп жүйесі орнатылатын болады;
(с) Қарыз алушы Банкті қанағаттандыратын Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды қабылдайтын болады;
4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісімге қол қойылған күннен кейін (180) бір жүз сексен күн өткен соң басталатын күн болып табылады.
V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЛАР
5.01. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қарыз
алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
010000, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (ҒІLN) (7)(7172)717785
5.03. Банктің мекенжайы:
Іntеrnatіоnаl Ваnк Fоr Reconstruction and Devolopment
1818 H Street,N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391
Washington D.С. 64145(МСІ)
Қазақстан Республикасы Астана қаласында, жоғарыда көрсетілген
күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін
Қол қойған:
_________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_________________________________
Лауазымы:
_________________________________
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ үшін
Қол қойған:
_________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_________________________________
Лауазымы:
_________________________________
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің Алматы облысының шегіндегі учаскесінде тасымалдау тиімділігін арттыру және Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің учаскелерінде автожолдарды басқаруды жетілдіру осы Жобаның мақсаты болып табылады.
Жоба мынадай құрауыштардан тұратын болады:
1-құрауыш: Алматы облысының шегіндегі автожол учаскелерін
реконструкциялау және салу
(а) Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің құрамында Алматы облысының шегіндегі Алматы - Қорғас учаскесінде оның ішінде ілеспе айналма жолдар, көпірлер, көлік айрықтары мен қосалқы құрылыстар реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыстарды орындау; және
(b) Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын басқару және қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметтерін ұсыну.
2-құрауыш: Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожол дәлізінің
учаскелеріндегі автожолдарды басқаруды жетілдіру
(а) Пилоттық пайдалану және күтіп ұстау схемаларын қолдау үшін автомобиль дәлізінің Сапа хартиясы негізінде ШБАДЖ-мен қамтылған учаскелеріне тауарлар мен консультациялық қызметтерді ұсыну.
(b) Жобаның 1(а)-құрауышына қатысты төлемақы жинау бойынша кешенді стратегия әзірлеу жөнінде консультанттардың қызметтерін ұсыну.
(с) институционалдық реформаны іске асыру бойынша АЖСРК іс-шараларын қолдау үшін консультанттардың қызметтерін ұсыну.
2-ҚОСЫМША
Жобаны орындау
I бөлім. Іске асыру тетіктері
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес жүзеге асырады:
1. Қарыз алушы Жобаны іске асыруды Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСЖҚІ іс-шаралар жоспарында, ҚНС мен ҚОӘБ-де көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетіктері мен операциялық рәсімдерге сәйкес ККМ арқылы жүзеге асырады және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықтың, ЖБСЖҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, ҚНС мен ҚОӘБ-нің қандай да болмасын ережелерін бере, өзгерістер енгізе, күшін жоя немесе бас тарта алмайды.
2. ККМ құрамындағы Автомобиль жолдары комитеті жоғарыда А.1-тармағында жазылған талаптарға сәйкес Жобаны іске асыру бойынша күнделікті іс-шараларды жүзеге асыратын болады.
3. Қарыз алушы ККМ арқылы Жоба іске асырылатын уақытта 2012 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, әр күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей келесі күнтізбелік жылға арналған автожол дәлізін пайдалануға және күтіп ұстауға ұсынылатын бюджетті Банкке жіберуге міндетті және Жобаның 2 (а) құрауышын іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың келесі күнтізбелік жылға арналған кестесін Банкпен келісуге міндетті.
4. Қарыз алушы ККМ-ге (і) 2013 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей Жобаның 2 (а) Құрауышында көзделген жолдарды пайдалану мен күтіп ұстаудың пилоттық схемалары үшін Сапа хартиясы үлгі нысанының әзірленуі мен келісілуін қамтамасыз етуді; (іі) Сапа хартиясы нысаны негізінде әзірленген әрбір Сапа хартиясында пайдалану және күтіп ұстау стандарттарының сәйкес болуын қамтамасыз етуді тапсырады.
5. Қарыз алушы ШБАДЖ шеңберінде Автожол дәлізінің әрбір кіші учаскесі көлік қозғалысы үшін ашылғаннан кейін 3 ай өткен соң кешіктірмей және Сапа хартиясына сәйкес Жобаның 2 (а) құрауышындағы пилоттық іс-шаралар шеңберінде анықталғандай және Сапа хартиясына сәйкес ККМ-нің жоғарыда көрсетілген кіші учаскені пайдалануды және күтіп ұстауды бастауын қамтамасыз етеді.
6. Қарыз алушы ККМ арқылы 2015 жылғы 30 қаңтардан кешіктірмей Банкке бағалау күнінен бастап кемінде 15 жыл кезеңіне Автожол дәлізін пайдалану және күтіп ұстау қажеттіліктерінің оны қанағаттандыратын, бүкіл Автожол дәлізі бойындағы қызметтердің қанағаттандырарлық деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті, жетіспейтін жұмыстарды қаржыландырудың ықтимал мүмкіндіктерін жарыққа шығаратын бағасын ұсынады.
7. Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде Қарыз алушы Банктің оларды беру тәсілі мен жүйелілігі жөніндегі талаптарына сәйкес, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет жобаның сол тоқсанға арналған іс-шараларын қаржыландырумен байланысты күтілетін шығыстарды төлеуге жеткілікті қаржы қаражатын қамтамасыз ету үшін қажетті бюджеттік ресурстарды ұсынады.
8. Қарыз алушы ККМ арқылы оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын (1) АЖСРК мен АЖСРК тобының; және (2) оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын Автожолдарды басқару тобының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
В. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Қарыз алушы:
(а) Жобаны іске асыру мақсаттары үшін орындалатын барлық жұмыстар Банкті қанағаттандыратын экологиялық стандарттар мен талаптарға сәйкес болуына кепілдік береді;
(b) Жоба ҚОӘБ-нің және барлық қолданылатын ҚОҚЖ ережелеріне сәйкес іске асырылуына кепілдік береді; және
(с) ҚОҚЖ-ның, оның ішінде Жобаның іске асыру себебінен болған кез келген экологиялық келеңсіз әсерді барынша азайту және жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралардың Банк үшін қолайлы тәсілмен толық іске асырылуына кепілдік береді.
2. Қарыз алушы:
(а) ККМ-нің АЖК арқылы төмендегі 3(b) тармақта талап етілетін барлық ҚІЖ-лерді ҚНС-ға сәйкес әзірлеуіне кепілдік береді;
(b) қоныс аударған (осы терминнің Қоныс аударушылардың іс-шаралар жоспарында анықталғандай) тұлғалар тарапынан Қоныс аудару жөніндегі шараларды іске асыру есебін (ҚІЕ) және барлық қолданылатын Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарын ҚІЖ іске асыруға байланысты туындайтын барлық шағымдарды Қоныс аударудың негіздемелік саясатына (ҚНС) сәйкес әділ түрде қарау үшін қолданыстағы шағымдарды қарау рәсімдерін сақтауға немесе Көлік және коммуникация министрлігінің ККМ Автомобиль жолдары комитеті (АЖК) арқылы сақтауына және жариялауына немесе Автомобиль жолдары комитетінің (АЖК) жариялауына және шағымдарды қараудың осындай рәсімдеріне көзделген іс-қимылдарды іске асыру бойынша барлық қажетті шаралардың қабылдануына кепілдік береді.
(с) ККМ арқылы әрбір осындай шолу нәтижелері бойынша одан әрі іс-қимылдарға қатысты тұжырымдар мен ұсынымдарды Банкке уақтылы жібереді; және
(d) ККМ арқылы Банкпен келісілетін осындай одан әрі іс-қимыл ұсынымдарының барлығын іске асырады.
3. Қарыз алушы ККМ арқылы:
(а) егер де толығымен шешілмеген жағдайлар үшін ҚІЕ-де айқындалған және ҚІЕ-ге сәйкес Банкті осындай түрде қанағаттандыратын осындай учаскелерде іске асырылып жатқан барлық шараларды Банк пен Қарыз алушы келісіп алмаса, Жоба бойынша қызметті іске асыру мақсаттары үшін Қарыз алушы осы Келісім күніне дейін жерлерді сатып алу жүзеге асырылған жобалау аумағындағы учаскелерде кез келген жұмыстарды бастай алмайды;
(b) Қоныс аударудың негіздемелік саясатқа сәйкес Банкті қанағаттандыратын Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарларын (ҚІЖ) дайындамастан қажет болған, осы Келісімге қол қойылатын кезде жер сатып алу көзделмеген жобалау аумағындағы учаскелерде Жоба бойынша кез келген жұмыстарды бастай алмайды; және жерлерді осындай сатып алу Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.
(с) (і) Жобаны ҚІЖ-ге немесе Қоныс аудару жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарларына сәйкес іске асырады; және (іі) Банктің алдын ала келісімінсіз ҚІЕ-нің немесе Қоныс аудару жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізбейді, оларды тоқтата тұрмайды немесе күшін жоймайды.
4. Қарыз алушы ККМ арқылы:
(а) ҚОӘБ-ге сәйкес Банкті қанағаттандыратын Қоршаған ортаны қорғау жоспарларын Жоба бойынша кез келген жұмыстар басталғанға дейін дайындайды;
(b) Жобаны осындай Қоршаған ортаны қорғау жоспарларына сәйкес іске асыратын болады; және
(с) Банктің алдын ала келісімінсіз, тиісті Қоршаған ортаны қорғау жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізуіне, оларды тоқтата тұруына немесе күшін жоюына болмайды.
С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар
Қарыз алушы Жобаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқамамен Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралар жоспарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
ІІ бөлім. Жобаның мониторингі жөніндегі есептілік және оны бағалау
А. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы Жобаның мониторингін жүзеге асырады және оның іске асырылу барысын бағалайды және Жалпы Шарттардың 5.08-Бөлімінің ережелеріне сәйкес әрі Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтиды және осы есеппен қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін (қырық бес) 45 күннен кешіктірілмей Банкке ұсынылатын болады.
2. Қарыз алушы 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей және кейіннен жыл сайын Банкпен бірлесіп ККМ арқылы Жобаны іске асыру барысына жыл сайынғы шолулар жүргізеді. Жыл сайынғы шолуларға басқалармен қатар мыналар кіретін болады:
(а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс;
(b) тұтастай алғанда, Жобаның тиімділік индикаторларына сәйкес Жобаның тиімділігі; және
(с) негіздемелік іс-шараларды іске асырудағы қол жеткізілген прогресс.
3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) апта бұрын Қарыз алушы ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір Құрауышын іске асырудың жай-күйін сипаттай отырып, жекелеген есепті және тұтастай алғанда, Жобаны іске асыру туралы жиынтық есепті дайындап, ұсынады.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09 бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның жүргізілуін тексеруге міндетті.
2. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелерін шектеместен Қарыз алушы, Жоба бойынша, Банк үшін қанағаттанарлық нысан мен мазмұн бойынша аралық аудиттелмеген қаржылық есептерді тоқсанға дайындайды және әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейінгі қырық бес (45) күннен кешіктірмей Банкке ұсынады.
3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігінің аудитін Жалпы Шарттардың 5.09 Бөлімінің (b) ережелеріне сәйкес жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының 1 (бір) қаржы жылы кезеңін қамтиды. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейінгі алты айдан (6) кешіктірмей ұсынылады.
III бөлім Сатып алу
А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар, жұмыстар және консультациялық емес қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I Бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Консультанттардың қызметтері. Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері «Дүниежүзілік Банк Қарыз Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқамасының» (Консультанттар жөніндегі нұсқама) I және IV Бөлімдерінде қамтылған немесе оларға жасалған сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың белгілі бір әдістерін немесе банктің белгілі бір келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылған, бас әріптерден басталатын терминдер нақты жағдайларға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаманың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды жалдау жөніндегі нұсқаманың ІІ, ІІІ, IV және V бөлімдерінде сипатталған анықтамаларға сәйкес келеді.
B. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес
қызметтерді сатып алудың ерекше әдістері
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа, сол немесе өзге әдіс қолданылатын жағдайларды көрсете отырып, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар үшін тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алуға қолданылуы мүмкін сатып алу әдістері ұсынылған.
Сатып алу әдісі |
(а) осы 2-қосымшаға Толықтыруда көзделген қосымша талаптардың болуы шартымен ұлттық конкурстық сауда-саттық |
(b) Шопинг |
(с) Келісімшарттарды тікелей жасасу |
С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше
әдістері
1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері
Төмендегі кестеде Сапа және құн негізінде іріктеуден басқа, консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін болатын сатып алу әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында сол немесе өзге әдіс қолданылған мән-жайлар көрсетіледі.
Сатып алу әдісі |
(а) Сапа негізінде іріктеу |
(b) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу |
(с) Құны неғұрлым аз болған кездегі іріктеу |
(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу |
(е) Бір көзден сатып алу |
(f) Жеке консультанттарды іріктеу |
D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар тізбесі көрсетіледі. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарау нысанасы болып табылады.
IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу
А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-тармақтағы кестеге сәйкес заңды шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең сайын қайта қарайтын және осындай нұсқамаларға сәйкес осы Келісімге қолданылатын Жобалардың «Дүниежүзілік банктің қаражатын игеру жөніндегі нұсқамасын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін заңды шығыстардың санаттары («Санат»), әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы және әрбір Санат бойынша заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі айқындалған.
Санаты |
Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламада) |
Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі (салықтарды қоса алғанда) |
(1) Жоба бойынша тауарлар, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер және консультанттардың қызметтері |
1,068,000,000 |
85 % |
ЖАЛПЫ СОМА |
1,068,000,000 |
В. Алу шарттары; алу кезеңі
1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
(а) Банкке толық көлемде қарыз қаражатын, резервке қойғаны үшін комиссия төленгенге дейін Қарыз шотынан; не
(b) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынуы мүмкін емес.
2. Жабылу күні - 2017 жылғы 30 маусым.
2-ҚОСЫМШАҒА
Толықтыру
Ұлттық конкурстық сауда-саттық өткізу рәсімдері Мемлекеттік сатып алу туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV («МСЗ») Қазақстан Республикасының Заңында жазылған талаптарға сәйкес келеді, алайда, мұндай рәсім «ХҚДБ қарыз қаражаты және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына ұсынылатын гранттары есебінен тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқаманың» (2011 жылғы қаңтар) («Сатып алу жөніндегі нұсқама») 1-бөліміне және 3.3 және 3.4 параграфтарының ережелеріне және төмендегі қосымша ережелерге сәйкес болуы шартымен:
1. Сатып алатын мекемелер үнемдеу, тиімділік, ашықтық қағидаттары мен Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінің ережелеріне жалпы сәйкестікті сақтай отырып дайындалатын Банк үшін қолайлы үлгілік конкурстық құжаттаманы пайдаланады.
2. Конкурсқа қатысушыларға рұқсат беру Сатып алу жөніндегі нұсқаманың І бөліміне сәйкес айқындалады; тиісінше тендерге бір де бір қатысушы немесе ықтимал қатысушы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде жазылғаннан басқа, өзге себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттар бойынша құқықты емес деп таныла алмайды.
3. Конкурстық сауда-саттыққа қатысу үшін құқықтылығына қатысты бастапқы эмбаргодан туындайтын шектеулерді қоспағанда, тендерге қатысушының азаматтығына және/немесе тауарлардың шыққан жеріне байланысты ешқандай шектеулер қоюға болмайды.
4. Шетелдік қатысушыларға мемлекеттік конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне қатысуға қандай да бір шектеулерсіз рұқсат берілуі мүмкін.
5. Отандық қатысушылардың және/немесе ел ішінде өндірілген тауарлардың қандай да бір артықшылықтары болмайды.
6. Алдын ала тіркелген компаниялар үшін конкурстық сауда-саттықта қатысу шектелмейді және шетелдік қатысушы компанияларға қатысты өнім беру шарты ретінде жергілікті органдарда тіркелу жөнінде талап қойылмайды.
7. Шетелдік компанияларға өтінімді бірлескен кәсіпорын сияқты беру үшін жергілікті әріптестерімен бірігу талабы қойылмайды, ал бірлескен кәсіпорындарға кіретін әріптестер өздерінің міндеттемелері үшін субсидиарлық және жеке жауапты болуға міндетті.
8. Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарының, егер олар өздерінің заңды және қаржылық тәуелсіздігін, коммерциялық қызмет туралы заңнамаға сәйкес жұмыс істеуге қабілетті екенін және өздерінің Қарыз алушыдан немесе Қосалқы қарыз алушыдан тәуелсіз болып табылатынын растай алған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқығы болады. Мұндай кәсіпорындар тендердің басқа да қатысушылары сияқты өтінім кепілдігін беру және тиісінше орындау жөніндегі талаптарды орындайтын болады.
9. Осы ережелерді орындау шартымен сатып алу «МСЗ-да» белгіленген «Конкурстық сауда-саттықты жүргізу әдістерінің» рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
10. Сатып алу мақсаттары үшін шығыстар сметасы құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа ықтимал қатысушыларға жариялауға жатпайды.
11. Банк үшін қолайлы біліктілік алдындағы рәсімдер үлкен, кешенді және/немесе мамандандырылған жобалар үшін пайдаланылады.
12. Өтінімдерді дайындау және ұсыну үшін қай күн кешірек болуына байланысты, сауда-саттыққа қатысуға шақыру күнінен немесе конкурстық құжаттамаға рұқсат берілген күннен бастап сауда-саттықтың қатысушыларға отыз (30) күндік ең аз мерзім беріледі.
13. Өтінімдер бір конвертте берілуге тиіс.
14. Ерекше мән-жайлар түрінде жеткілікті негіздеме болған кезде өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуды барлық қатысушылар мерзім өткенге дейін және келісімшартты бағалауды аяқтау немесе тағайындау үшін қажетті ең аз, бірақ отыз (30) күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда сұратып алуы мүмкін. Оған Банктің алдын ала келісімінсіз, ешқандай басқа ұзартуды сұрату мүмкін емес.
15. Өтінімдер конкурстық құжаттамада белгіленген рәсімдерге сәйкес, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін жария түрде ашылады. Кешігу жағдайларын қоспағанда, өтінімдерді ашу кезінде бір де бір өтінім кері қайтарылмайды.
16. Өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада көрсетілген критерийлерге қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Біліктілік критерийлері бойынша өтінімдерді бағалау «өтеді/өтпейді» қағидаты бойынша жүргізіледі. Бағасынан басқа бағалау критерийі құндық мәнде есептеледі.
17. Көпшілік бөлігі техникалық ерекшеліктерге, келісімшарттың талаптарына немесе конкурстық құжаттаманың басқа маңызды талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер кері қайтарылуға жатады.
18. Өтінімдерді бағалау құпия рәсім болып табылатын, ал тендерлік комитеттің отырыстары сауда-саттыққа қатысушылар және/немесе олардың өкілдері үшін ашық бола алмайды.
19. Біліктіліктен кейінгі талаптар бұрын орындалған келісімшарттарға ғана қатысты, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың қаржылық және техникалық әлеуетіне қатысты қолданылады.
20. Келісімшарт, өтінімнің бағасына немесе мазмұнына қатысты келіссөздер жүргізбестен, алдын ала анықталған және ашылған бағалау критерийлеріне сәйкес келісімшартты орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар ретінде айқындалған, талаптарға сәйкес неғұрлым құны төмен бағаланған өтінімді ұсынған тендер қатысушысына беріледі.
21. Егер сатып алушы мекеме неғұрлым құны төмен бағаланған өтінімнің тендер қатысушысымен келісімшарт жасаса алмаса, келісімшарт тізім бойынша келесі, біріншіден кейінгі балл санын барынша көп жинаған және талаптардың негізгі бөлігіне сәйкес келетін қатысушыға берілуі мүмкін.
22. Банктің оған алдын ала келісімінсіз бір де бір өтінім (немесе егер бір ғана өтінім алынған болса, жалғыз өтінім) қайтарылмайды, сатып алу процесі жойылмайды және жаңа өтінімдер сұратыла алмайды.
23. Қатысушыларға келісімшартты орындау кепілдіктерін беруге арналған келісімшартты беру туралы хабарламаны алған кезден бастап, жиырма сегіз (28) күндік ең аз мерзім беріледі.
24. Конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасы және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшарт Сатып алу жөніндегі нұсқамасында айқындалғандай, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар фирмалар мен жеке тұлғаларға қолданылатын санкцияларға қатысты Банктің саясаты туралы ережені қамтиды. Банк белгіленген немесе белгіленбеген уақыт кезеңі ішінде мұндай компанияны немесе жеке тұлғаны құқықты емес деп көпшілікке жариялау сияқты осындай шараларды қоса алғанда, санкциялар туралы Банктің қолданыстағы рәсімдеріне сәйкес, компанияға немесе жеке тұлғаға кез келген уақытта санкция қолдануға: (а) Банк қаржыландыратын келісімшарттарды алуға; (б) қосалқы мердігер, консультант, өндіруші немесе өнім беруші, сондай-ақ Банк қаржыландыратын келісімшарт берілген басқа заңды компания үшін қызметтердің провайдері етіп тағайындауға құқылы.
25. Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасы және Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшарт сауда-саттыққа қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ, олардың қосалқы мердігерлері агенттері, қызметкерлері, консультанттары қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілері Банкке өздерінің шоттарын, конкурстық өтінімдерді беру мен келісімшарттарды орындауға қатысты есепке алу және басқа да құжаттамасын тексеруге, сондай ақ Банк тағайындаған олардың аудитін жүргізуге рұқсат беруі туралы ережелерді қамтиды. Сатып алу жөніндегі нұсқамада көзделген тексерулер мен аудитті жүргізу кезінде Банк үшін айтарлықтай қиындықтар туғызуға бағытталған іс-қимылдар Сатып алу жөніндегі нұсқаманың анықтамасына сәйкес кедергі келтіру болып табылады.
26. Сатып алу процесіне қатысты шағымдар Сатып алу жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес қаралады.
Е. Тендерлік рәсімнің күшін жою
Тендерді өткізілмеді деп тану және жаңа тендер өткізу Банктің алдын ала келісімімен ғана мүмкін болады.
Ғ. Жекелеген өтінімдерді қабылдамау
Жекелеген өтінімдер мынадай жағдайларда ғана:
(а) қатысушының тиісті біліктіліктері болмаса;
(b) қатысушы өзінің өтініміндегі сатып алушы мекеменің тендерлік комиссиясы тапқан арифметикалық қателерді түзетумен келіспесе; және
(с) қатысушы тендерлік құжаттардың талаптарына сай болмаса, қабылданбауы мүмкін.
3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесі
1. Келесі кестеде негізгі борышты өтеу күндері мен негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуге жататын Қарыздың жалпы негізгі сомасының («Өтеу үлесі») пайыздық үлесі көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынатын болса, онда Қарыз алушының негізгі борышты әрбір осындай өтеу күнінде өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты әрбір өтеу күніне төлемнің өтелетін үлесін көбейту жолымен айқындайтын болады. Төленуге жататын осы сома қажеттігіне қарай осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында түзетілетін болады.
Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні |
Кезекті жарна (пайызбен) |
2017 жылғы 15 тамыздан бастап 2030 жылғы 15 тамызға дейін жыл сайын 15 ақпанда және 15 тамызда |
3,57 % |
2031 жылғы 15 ақпан |
3,61 % |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, онда негізгі борышты осындай өтеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
(а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
(b) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез-келген сома - негізгі борышты өтеудің осындай күніне осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы («Төлемді өтеу үлесінің Бастапқы сомасы») алымы болып табылатын, ал негізгі борышты өтеудің осындай күні немесе одан кейінгі күні төлемдерді өтеу үлесінің барлық қалған бастапқы сомаларының сомасы бөлгіші болып табылатын бөлшекке осындай әрбір алынған соманы көбейту жолымен Банк анықтаған сомаларда осындай алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеледі. Төлеуге жататын осы сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және оларға валюта конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.
3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомасы негізгі борышты өтеудің кез келген күні төлеуге жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін ғана алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
(b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған осындай алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
4. Конверсиялау кезеңі ішінде пайда болатын негізгі борышты өтеудің кез келген күнінде өтеуге жататын, мақұлданған валютаға осындай түрде айырбасталатын мақұлданған валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе кез келген бөлігіндегі конверсиялау кезінде осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Банк тікелей айырбастау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен: (і) конверсиялауға жататын валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуіне жататын мақұлданған валютадағы негізгі борыш сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк конверсия жөніндегі нұсқамаға сәйкес мұндай шешімді қабылдаса экранды мөлшерлеменің валюталық құрауышына айқындайтын болады.
5. Егер қарыз бір Қарыз валютасынан көп номиналданған болса, осы кестенің ережелері қарыз валюталарының әрқайсысының номиналданған сомаларына жекелеп, сондай-ақ сомалардың әрқайсысы үшін жекелеген өтеу кестелерінің есептеулері үшін қолданылады.
Толықтыру
I бөлім. Анықтамалар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама» 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқаманы» және олардың 2011 жылғы қаңтардағы жаңартуларын білдіреді.
2. «Санат» осы Келісімге 4-қосымшаның IV бөлімінің кестесінде сипатталған санатты білдіреді.
3. «Автомобиль жолдары комитеті» немесе «АЖК» Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтарда ККМ құрамында құрылған және Жобаның ағымдағы іске асырылуына жауапты автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ведомствоны, оның ішінде оның барлық құқық мирасқорларын немесе құқық мирасқорын білдіреді.
4. «Консультант таңдау жөніндегі нұсқама» 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «ХҚДБ қарыздары мен ХДҚ кредиттері және Дүниежүзілік Банктің гранттары шеңберінде Қарыз алушылардың консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқаманы» білдіреді.
5. «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» немесе «ҚОӘБ» Қарыз алушы дайындаған және 2011 жылғы 13 желтоқсанда жариялаған, Банкпен келісілген, оған басқалар арасында: (1) аумағында Жобаның іс-шаралары іске асырылатын объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы; (2) жоғарыдағы (1) тармақта сипатталған іс-шаралардың ықтимал және нақты теріс экологиялық және әлеуметтік әсері; және (3) Жоба шеңберінде теріс экологиялық әсерді жұмсартуға, жоюға немесе өзгеше өтеуге бағытталған, Жобаны іске асыру және пайдалану барысында орындалатын шараларды көрсете отырып, объектілер үшін ҚОҚЖ әзірлеу рәсімдері қамтылған қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі түпкілікті есепті білдіреді.
6. «Қоршаған ортаны қорғау жоспарлары» немесе «ҚОҚЖ» - Жоба шеңберінде Қарыз алушының орындауына жататын жұмыстарға қатысты Қарыз алушы қабылдаған объектілер үшін әзірленген және Қоршаған ортаға әсерін бағалауға сәйкес (ҚОӘБ) және осы Келісімге 2-қосымшаның I Бөлімінің 1-тармағына сәйкес Банкпен келісілген және Жоба бойы жұмыстарды орындауға байланысты, ықтимал экологиялық тәуекелді басқару және теріс экологиялық зардаптарды жұмсарту, азайту және/немесе болдырмау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ тиісті институционалдық шараларды және Банктің алдын ала жазбаша бекітуімен, кезең-кезеңмен өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін оның талаптарына сәйкестігіне қатысты тиісті орындалуын және тұрақты кері байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бақылау мен есептілікті жүзеге асыру жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі айқындайтын құжаттарды білдіреді, және «ҚОҚЖ» осындай «ҚОҚЖ»-ның бірін білдіреді.
7. «Сапа хартиясының нысаны» - Қарыз алушы ККМ арқылы әзірлеген және қабылдаған, сондай-ақ Банкті қанағаттандыратын, Жобаның 2(а) құрауышына сәйкес пайдаланудың және күтіп-ұстаудың пилоттық схемасының стандарттары мен рәсімдерін белгілейтін және әрбір Сапа хартиясын әзірлеу үшін негіз болып табылатын құжат.
8. «Негіздемелік іс-шаралар» - ККМ 2010 жылғы 27 желтоқсанда қол қойған құжат, онда одан әрі нақтылауларымен қоса ШБАЖРЖ қаражатынан қаржыландырылатын институционалдық реформаларды іске асыру стратегиясы егжей-тегжейлі сипатталған.
9. «ЖБСЖҚІ іс-шаралар жоспары» Банк талаптарын қанағаттандыратын, Жоба бойынша қаржылық басқаруға бақылауды күшейтуге және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен мінсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, 2012 жылғы 28 наурыздағы нақтылауларымен қоса Қарыз алушы ККМ арқылы 2009 жылғы 16 наурызда қабылдаған Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі іс-шаралар жоспарын білдіреді.
10. «Жалпы Шарттар» 2012 жылғы 12 наурыздағы «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің Қарыз беру бойынша Жалпы Шарттарын» білдіреді.
11. «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
12. «Автожолдарды басқару тобы» Қарыз алушы 4 жолақты автожол желілерін басқару үшін Автомобиль жолдары комитеті құрамында қалыптастырған штаттық қызметкерлер тобын білдіреді.
13. «Сатып алу жөніндегі нұсқама» 2011 жылғы қаңтарда қабылданған «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банк гранттары шеңберінде Қарыз алушылардың тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқаманы» білдіреді.
14. «Сатып алу жоспары» 2012 жылғы 26 наурыздағы, Жоба үшін Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 1.18-параграфында және Консультанттарды таңдау жөніндегі нұсқаманың 1.25-параграфында оған сілтеме жасалған Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді, ол көрсетілген параграфтардың ережелеріне сәйкес кезең сайын жаңартылып отырады.
15. «Жобалау аумағы» Алматы облысының аумағындағы Алматы мен Қорғас арасындағы Автожол дәлізінің учаскесін білдіреді.
16. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама» Қарыз алушы ККМ арқылы қабылдаған және Банкпен келісілген Жобаны іске асыру үшін операциялық және әкімшілік міндеттер, рәсімдер мен қағидалар көрсетілген құжатты, оның ішінде оларды Банкпен алдын ала келісу кезінде ара-тұра өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін осы Келісімнің ережелеріне және мемлекеттік заңдар мен Қарыз алушының регламенттеріне сәйкес келетін қаржылық рәсімдер жөніндегі оқу құралын білдіреді.
17. «Сапа хартиясы» - бұл Банк үшін қанағаттанарлық құжат, ол кем дегенде (і) автожолды пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасын (жолға шығуға рұқсат; жол қозғалысының қауіпсіздігі; қозғалыстың бір қалыптылығы, қызмет көрсету аймағы, шұғыл қызметтердің жұмыстары және т.б. жоспарындағы тиімділігі); және оқыту қажеттігін анықтауды қоса алғанда, жол қызметі персоналы үшін айқындалған тәуекелдерді азайту тәсілдерін және т.б.қоса алғанда, жол операторы қамтамасыз ететін орындау сапасын анықтайтын ОБАЖРЖ автожол дәлізі учаскесінің кіші учаскесін пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету мақсатында Сапа хартиясының нысаны негізінде әзірленеді.
18. «Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарлары» немесе «ҚІЖ» нақты объектілер үшін әзірленген, оның ішінде осы Келісімге 2-қосымшаның І.б. бөлімінің 3 (b)-тармағына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған кез келген қысқартылған қоныс аудару жоспарларын және олардан басқа іс-шаралар бағдарламасын, өтемақылар беру және адамдардың қоныс аудару шаралары мен саясатын, оның ішінде өтемақы және қоныс аудару тетіктерін, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ әрбір объекті осы құжаттардың шарттарын сақтауды тиісінше іске асыруды және үнемі бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған баламалы институционалдық тетіктермен және мониторинг пен есептілік тетіктерімен қатар қаржыландыру көздерін қамтитын Банкпен келісілген құжаттарды білдіреді; және «Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспары» немесе «ҚІЖ» осындай жоспарлардың біреуін білдіреді.
19. «Қоныс аудару жөніндегі шараларды іске асыру туралы есеп» немесе «ҚІЕ» Банкті қанағаттандыратын, АЖК Қарыз алушының атынан 2012 жылғы 29 наурызда дайындаған, қабылдаған және Қарыз алушы 2 сәуірде 2012 жылы жариялаған және 3 сәуірде 2012 жылы Банктің Infoshop сайтында жарияланған, (I) Қарыз алушы осы Келісімнің күніне дейін Жобаның аумағында жерлерді сатып алу кезінде пайдаланған стандарттарды және әдістерді талдауды: (II) сатып алынған жерлерді ҚНС-ке сәйкес келтіру үшін қабылдануы тиіс шараларды анықтай отырып, олқылықтарды талдау, оның ішінде барлық шешілмеген істерді шешудің барабар қаражатының жоспары; және (III) Банктің қоныс аудару саясатының талаптарына сәйкес жерлерді сатып алу процесін жүргізу үшін осы абзацтың (II) тармағы шеңберінде анықталған олқылықтардың орнын толтыру үшін қажетті барлық іс-шаралардың тізбесін қамтитын құжатты білдіреді.
20. «Қоныс аударудың негіздемелік саясаты» немесе «ҚНС» Қарыз алушы дайындаған және келіскен, 2008 жылғы 1 мамырда нақтылауларымен жариялаған, Қарыз алушы 2009 жылғы 18 наурызда қайталап жариялаған және 2009 жылғы 25 наурызда Infoshop сайтында жарияланған құжатты білдіреді, онда қоныс аудару рәсімдері, институционалдық тетіктері, заңды критерийі, құқықтары және өтемақылары, оның ішінде бағалау, қоғамдық тыңдауларды өткізу және оларға қатысу мониторингі және бағалау рәсімдері, сондай-ақ Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде қолданылатын жария ету критерийі айқындалған.
21. «Автожол секторын реформалау жөніндегі кеңесші» немесе «АЖСРК» Көлік және коммуникация министрінің институционалдық реформаны жүргізу және басқару іс-шараларына жауапты штаттық кеңесшісін білдіреді.
22. «Автожол секторын реформалау жөніндегі Кеңесшінің тобы» немесе «АЖСРК тобы» ККМ автожол секторын реформалау және жол реформаларын үйлестіру мәселелері бойынша консультация беру үшін жауапты ККМ ұйымдастырған топты білдіреді. Ол АЖСРК, автожол секторын реформалау іс-шараларын өткізуге мамандандырылған халықаралық консультантты және ККМ-нің жоғары лауазымды адамдарын білдіреді.
23. «Оңтүстік - Батыс автожолын реконструкциялау жобасы» немесе «ОБАЖРЖ» Банк пен Қарыз алушы арасындағы 2009 жылғы 13 маусымдағы № 7681К2 Қарыз туралы келісімнің шеңберінде Банк қаржыландыруды ұсынған жобаны білдіреді.
24. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізі» немесе «Автожол дәлізі» солтүстік-батыста Ресей Федерациясының шекарасынан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы қалалары және оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Қорғас арқылы өтетін, Қарыз алушының бүкіл елін кесіп өтетін автожол дәлізін білдіреді.
Осымен 2012 жылғы 10 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.