2010 жылғы 25 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Kелісімгe
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
ХАТТАМА
(2013 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., № 5, 48-құжат)
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы Прага қаласында 1996 жылғы 8 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әpi - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1-бап
Кeлiciмнің 3-бабында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режим туралы ереже осы бапқа сәйкес кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелеріне орай Уағдаласушы Тарап ұсынатын пайдаға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше екінші Уағдаласушы Тараптың міндеттемелеріне осы кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретіндігімен келіседі.
5. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, олардың инвестицияларына немесе кірістеріне бip Уағдаласушы Тарап Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім немесе салық салуға байланысты басқа да халықаралық келісімдер негізінде ұсынуға құқылы осындай пайданы, басымдықтарды немесе артықшылықтарды ұсыну міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.».
2-бап
Келісімнің 6-бабының 1-тармағының бipiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуропалық Одақ қабылдаған шараларды қозғамастан, аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары инвестициялар салған әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторлар барлық салықтық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы инвесторларға осы инвестициялармен байланысты еркін айналымдағы валютада, кедергісіз және артық кідіріссіз, атап айтқанда, бipaқ айрықша емес төлемдердің еркін аударымын ұсынады:».
3-бап
Келісімнің 8-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер бip Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау осындай жолмен даудың туындағаны туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай түрде шешілмесе, онда инвестор өз қалауы бойынша оны:
а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекеттің құзыретті соттарының, немесе
б) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияның қолданылып жүрген ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның қатысушысы болған жағдайда, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID), немесе
в) төрешіге немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік регламентіне сәйкес халықаралық «ad hoc» төрелік сотының қарауына ұсына алады. Дау тараптары осы ережелерде өзгерту туралы жазбаша уағдаласуы мүмкін. Егер тиісті төрелік ережелерде немесе екі Уағдаласушы Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, аралық соттың шешімі дауда екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болуы тиіс.».
4-бап
1. Keлісім мынадай мазмұндағы 11-баппен толықтырылсын:
«11-бап
Қауіпсіздіктің негізгі мүдделері
1. Осы Келісімнің ешқандай ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптың өзінің:
а) қылмыстарға қатысты;
б) қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына және әскери немесе басқа да әлеуетті құрылымдарды жабдықтау мақсатында жүзеге асырылатын өзге де тауарлармен, материалдармен, қызметтермен және технологиялармен жасалатын операцияларға қатысты;
в) соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы төтенше жағдайлар жүзеге асырылған;
г) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш қондырғыларды таратуға тыйым салуға қатысты ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды icкe асыруға байланысты, немесе
д) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес келетін өзінің міндеттемелеріне байланысты негізгі қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін шараларды қолдануына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Уағдаласушы Тарап қауіпсіздігінің негізгі мүдделері оның кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ, нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшелігінен туындайтын мүдделерді қамтуы мүмкін.».
3. Келісімнің 11 және 12-баптары 12 және 13-баптар болып саналсын.
5-бап
Келісімнің 12-бабында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қорытынды ережелер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың өзара келісiмі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».
6-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.
2010 жылғы 25 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әpi барлық мәтіндер бірдей дәлме-дәл болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы Чех Республикасы
үшін үшін
2010 жылғы 25 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық
департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың чех тіліндегі мәтіні берілген.