2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 137-V Заңы

      2012 жылғы 4 желтоқсанда Астанада жасалған 2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы
ХАТТАМА

(2014 жылғы 9 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 3, 23-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын),
      2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Келісімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын)
      теңдік пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыруға мүдделілік білдіре отырып,
      Жобаны іске асыруға байланысты жасасуға жататын шарттарды - электр станциясын жобалауға, сатып алуға және салуға арналған шартты, электр станциясын пайдалануға және оған техникалық қызмет көрсетуге арналған шартты, отын жеткізу шартын, пайдалануға жаңадан енгізілетін өндіруші қондырғылардың электр қуатын дайындықта ұстау бойынша  қызмет көрсету туралы ұзақ мерзімді шартты (бұдан әрі - Жобалық келісімдер) назарға ала отырып,
      Жобаны табысты іске асыру мақсатында осы Келісім Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететіндігін және Жобаны іске асыру, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету үшін қажет екендігін атап өте отырып,
      Жоба электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жобаланатынын, салынатынын, іске асырылатынын және қаржыландырылатынын мойындай отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:».
      2. Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап
      Жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  регрестің шектелген құқығы бар жобалық қаржыландыру талаптарына жауап  беретін ұзақ мерзімді шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілеген баға, көлем және мерзім бойынша Жобалық компаниядан жаңадан пайдалануға берілетін өндіруші қондырғылардың электр қуатын дайындықта ұстау бойынша қызметін сатып алатын ұйымды айқындайды.».
      3. Келісімнің 8-бабының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың ережелері тек Жоба шеңберінде Жобалық компания мен Жобаны іске асыруға қатысатын мердігер ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстарды (қызметтерді) өткізу жөніндегі кірістер мен операцияларға қатысты қолданылады және кредиттік шартқа қол қойылған күнінен бастап жаңадан енгізілетін өндіруші қондырғылардың электр қуатын дайындықта ұстау бойынша қызмет көрсету туралы ұзақ мерзімді шартта белгіленген түпкілікті күнге дейін қолданылады.».

2-бап

      1. Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.
      2012 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, корей, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының            Корея Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын және корей тілдеріндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады