Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 18 маусымдағы № 210-V ҚРЗ

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына баспасөз релизі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 маусымдағы № 210-V Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.
      Заңның басты мақсаты ішімдік ішуді азайтуға, алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымын қысқартуға, заңнаманы қатайтуға, заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіруге бағытталған және мынадай негізгі нормалардан тұрады:
      - күштілігі жоғары алкоголь өнімдерін өткізуге тыйым салу бойынша уақытты көбейту;
      - алкоголь өнімін сату уақытын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту;
      - 21 жасқа дейінгі адамдарға өткізу үшін жауапкершілікті күшейту, бір мезгілде «жүз метр» бойынша талаптарды алып тастау;
      - алкоголь өнімін жасырын жарнамалауға сәйкес нормаларды алып тастау;
      - спирттік сусындарды, атап айтқанда алкоголь өнімін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сатуға тыйым салу орындарының тізімін кеңейту;
      - этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілеріне лицензиялық алым мөлшерін жоғарлату;
      - алкогоголь өнімін көтерме және бөлшек сатуды жүзеге асыратын субъектілердің лицензиялық алымды жыл сайын төлеуді енгізу;
      - нарық субъектілеріне және тұтынушыларға алкоголь өнімінің есепке алу – бақылау таңбаларының түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігін беретін құқық беру;
      - этил спирті мен арақты өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең төменгі көлемдерін белгілеу;
      - Кеден одағы елдерінен арақ өнімін импорттаушылар үшін есепке алу – бақылау таңбаларын мақсатты пайдалану туралы міндетемелерін енгізу;
      - этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру көлемін бақылау үшін жаңғыртылған есептеуші бақылау аспаптарын енгізу;
      - алкоголь өнімін өндіруші және алкоголь өнімін импорттаушы кәсіпорындарда акциздік посттарды кезең-кезеңмен алып тастау;
      - этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын лицензиялауға қатысты нормаларды алып тастау;
      - әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату.
      Сонымен қатар, Заңның шегінде қайшылықты норманы алып тастау, құқықта бар тосқауылдарды орнын толтыру, жекелеген дефиницияларды анықтау, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптары мен заңдық техника ережесіне Заң мәтінің сәйкес келтіру бөлігінде Заңды қайта өңдеу қарастырылған.
      Заңды қабылдау кезінде алкоголь өніміне қолжетімділікті шектеу арқылы алкоголь тұтынудың азаюы, инновациялық бақылау әдістерін енгізу жолымен мемлекеттік бақылаудың күшеюі, алкоголь нарығының субъектілері мен тұтынушылардың есепке алу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру мүмкіндігін белгілеу, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы саласындағы талаптарды қатаңдату, осы саладағы заңнама талаптарын бұзуға жол берген адамдардың жауаптылығын күшейту арқылы қызметін заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыратын алкоголь нарығының субъектілер санының қысқаруы күтіледі.
      Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз