Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік
одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы Заңына БАСПАСӨЗ
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырманы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Заң әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялардың қызметінің тиімділігін арттыру, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының туындау қатерінің алдын, қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтардың профилактикасы, алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметінің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру, сондай-ақ соттардың ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді қысқа мерзімдерде қарауы мақсатында қабылданды.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулермен:
кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің қызметкерлердің, мүше ұйымдардың мүддесін республикалық, салалық және өңірлік әлеуметтік әріптестік деңгейінде білдіру уәкілеттіктері нақтыланды.
мерзімді әскери қызметке шақырылған қызметкерге жұмыс орнының сақталуы бойынша кепілдік беру бөлігінде, қызметкерлердің жалақы индекстеу тетігін нақтыланды, азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тізбесіне (тiзіліміне) қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреттері нақтыланды;– әлеуметтік-еңбек шиеленістерін реттеу тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіпті салдарын барынша азайту мақсатында, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді соттардың қысқа мерзімде (10 күн) қарауы жөніндегі норма қарастырылды.
- әлеуметтік шиеленіс пен еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатымен,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару мен өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына әлеуметтік шиеленіс мониторингін жүзеге асыру және еңбек жанжалдарының туындау қатерін болжамдау функцияларын бекіту нормаларырастырылды.
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы қатерінің алдын алуды күшейту және мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретін нақтылау мақсатында Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына "Еңбек" (Труд) орденін бекітуді қарастырылды.
Заңның қабылдануына байланысты құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдардың туындауына әкеп соқтырмайды.
Қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қайшы келмейді.