Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 219-V ҚРЗ

Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» 219-V Заңына қол қойды.
      Келісімнің мақсаты Мемлекеттік шекарада екі мемлекеттің шекара өкілдерінің қызметі үшін негіз құру болып табылады.
      Келісімде шекаралық қақтығыстарды реттеу тәртібі, шекарада тұрақтылықты қамтамасыз ету және шекаралық ынтымақтастықты ынталандыру, сонымен қатар қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасында тәртіпті ұстау белгіленген.

      Қазақстан Республикасы
      ҰҚК Шекара қызметі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз