Дене шынықтыру және спорт туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.

      Баспасөз-релизі

      2014 жылғы 3 шілдеде Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Заңды қабылдау мақсаттары мыналар болып табылады:

      - дене шынықтыру және спорт саласындағы базалық құқықтық құжатты жетілдіру;

      - дене шынықтыру мен спорттың орнықты жүйесін және аталған салада тиімді мемлекеттік басқаруды құру;

      - спортта допингтік құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін жасау;

      - дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін жүйелендіру;

      - спорт саласындағы ескірген, тиімділігі төмен құқық нормаларын ауыстыру;

      - осы саланы құқықтық реттеудегі олқылықтарды толықтыру.

      Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, бұқаралық спортты дамытудың құқықтық тәсілдері мен тетіктерін айқындайды.

      Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар:

      - бұқаралық дене шынықтыруды, әуесқой және кәсіпқой спортты дамытуға ықпал ету;

      - спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру;

      - қоғамда дене шынықтыру-спорттық бұқаралық қозғалысты дамыту;

      - спортшыларды ынталандыру шараларын арттыру жастардың спортпен шұғылдануына және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуіне ықпал ететін болады;

      - спортты дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың санының артуына, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуіне, жоғары дәрежелі спортшылардың әлеуметтік кепіліне ықпал ететін болды.

      Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз