1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қарашадағы № 253-V ҚРЗ

      1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 2011 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама
салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің
қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтатады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімнің күшіне енген күнінен бастап уақытша қолданылады.

      2011 жылғы 8 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының             Беларусь Республикасының
          Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады