2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 281-V ҚРЗ

      2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара
сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
хаттама

(2015 жылғы 5 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 2, 19-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге, уақытша болуға құқық беретін жарамды құжаттарға осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар жатады.
      Осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшалар Келісімге 1 және 2-қосымшаларды алмастырады.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама Келісіммен бір уақытта қолданысын тоқтатады.

      2012 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан  
Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан  
Республикасының Үкіметі арасындағы   
Азаматтардың өзара сапарларының шарттары
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттамаға        
1-қосымша                

Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының
аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат
тасымалдағышы бар паспорты.
      5. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      6. Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін үшін ғана).
      7. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан     
Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан   
Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың
өзара сапарларының шарттары туралы келісімге 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу    
туралы хаттамаға             
2-қосымша                

Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      1. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгіде).
      2. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      3. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгіде).
      4. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      5. 16 жасқа толмаған Өзбекстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (кәмелетке толмаған азаматтар үшін жол жүру құжаты - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      6. Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана).
      7. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      8. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың өзбек тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады