2014 жылғы 18 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісім (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
ТРАСТ ҚОРЫ ГРАНТ № TF0141185
Энергия тиімділігін арттыру және
жастар бірлестіктерін дамыту
бағдарламалары үшін бір донордың
Траст қоры ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) арасындағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
(энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту
бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші)
ТРАСТ ҚОРЫ ГРАНТ № TF0141185
ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСТАР БІРЛЕСТІКТЕРІН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҮШІН БІР ДОНОРДЫҢ ТРАСТ ҚОРЫ
ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
2014 жылғы _____________ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі – Алушы) мен энергияның тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры (бұдан әрі – Траст қоры) әкімшісі ретінде әрекет етуші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі – Дүниежүзілік Банк) арасында жасалды.
Осы арқылы Алушы және Дүниежүзілік Банк төмендегілер туралы уағдаласты:
I бап
Стандартты шарттар; Айқындамалар
1.01. Дүниежүзілік Банк әртүрлі қорлардан бөлетін гранттар бойынша 2012 жылғы 15 ақпандағы Стандартты шарттар (бұдан әрі – Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер мән мәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімде пайдаланылатын және бас әріппен жазылған терминдер оларға Стандартты шарттардың немесе осы Келісімнің негізінде берілген мәндерге ие.
II бап
Жоба
2.01. Алушы өзінің осы Келісімге (бұдан әрі – Жоба) 1-қосымшада көрсетілген жоба мақсаттарына шынайы берілгендігін мәлімдейді. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл түзетулер енгізілу мүмкіндігін ескере отырып, Стандартты шарттардың II бабының және осы Дүниежүзілік Банк пен Жобаны Атқарушы Агенттік арасындағы Келісім (бұдан әрі – Жоба туралы Келісім) күнгі Келісімнің ережелеріне сәйкес Алушы Жобаны іске асыруын қамтамасыз етеді.
2.02. Осы Келісімнің 2.01-бөлімінің ережелерін шектеусіз, және Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасында келісілген өзге жағдайларды қоспағанда, Алушы Жобаның осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
III бап
Грант
3.01. Дүниежүзілік Банк Алушыға осы Келісімде жазылған немесе аталған тәртіппен және шарттарда Жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін жиырма бір миллион жеті жүз алпыс үш мың АҚШ доллары (21 763 000 $) мөлшерінде грант (бұдан әрі – грант) бөлуге өз келісімін береді.
3.02. Алушы грант қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес ала алады.
3.03. Грант Траст қорының қаражатынан қаржыландырылады, оны толықтыру үшін Дүниежүзілік Банк Траст қорының донорынан кезең-кезеңімен берілетін жарналар алады. Стандартты шарттардың 3.02-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банктің төлем міндеттемелері осы Келісімге байланысты донор Траст қоры шеңберінде Дүниежүзілік Банкке бөлетін қаражат сомасымен шектеледі, ал Алушының грант қаражатын алу құқығы аталған қаражаттың болуына байланысты.
IV бап
Құқықтық қорғаудың қосымша құралдары
4.01. Стандартты шарттардың 4.02. (k) бөлімінде көрсетілген осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұрудың қосымша жағдайлары төменде көрсетілген:
(a) Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке Жоба туралы Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін немесе бөгет болатын қандай да бір іс-қимылдар жасаса немесе жасауға рұқсат алса.
(b) Жобаны Атқарушы Агенттік Жоба туралы Келісім шеңберінде қандай да бір өз міндеттемелерін орындамаса.
(c) Дүниежүзілік Банк: (i) Дүниежүзілік Банк Жобаны Атқарушы Агенттіктің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, зорлық-зомбылық іс-әрекеттер практикаларына, сондай-ақ Дүниежүзілік Банкті қаржыландыру нәтижесінде алынған қаражатты пайдалануға қатысты құпия келісімдер практикасына қатысуы фактілерін анықтау, және/немесе (ii) басқа қаржыландырушы ұйымның Жобаны Атқарушы Агенттіктің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, зорлық-зомбылық іс-әрекеттер практикаларына, сондай-ақ осы қаржыландырушы ұйым беретін қаражатты пайдалануға байланысты құпия келісімдер практикаларына қатысы болу фактілерін оның анықтауы нәтижесінде Жобаны Атқарушы Агенттіктің аталған ұйым қаржыландыратын қаражатты алуға немесе аталған қаржыландырушы ұйым толық немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға өзгеше түрде қатысуға құқығы жоқтығы туралы жасаған мәлімдемесінің нәтижесінде Жобаны Атқарушы Агенттікті Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын қаражатты алу немесе Дүниежүзілік Банк толық немесе ішінара қаржыландыратын (оның ішінде басқа қаржыландырушы ұйым беретін қаражаттың әкімшісі ретінде) кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға кез келген өзге қатысу үшін талаптарға сәйкес келмейді деп жарияласа.
(d) Осы Келісімге қол қойылған кезден бастап болған оқиғалар салдарынан Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жоба туралы Келісім шеңберіндегі міндеттемелерін орындауын күмәнді ететін төтенше жағдай туындаса.
(e) Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жоба туралы Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындау қабілетіне едәуір дәрежеде, сондай-ақ теріс әсерін тигізуі мүмкін Жобаны Атқарушы Агенттiктің соған сәйкес құрылған және қызмет ететін Құрылтай Құжаттары өзгертiлсе, жойылса, күшін жойса немесе оның қолданысы тоқтатыла тұрса.
(f) Осы Келісімнің 5.03-бөлімінде айтылған Келісім күшіне енген күннен кейін Дүниежүзілік Банк осы күн басталғанға дейін, бірақ осы Келісімге қол қойылған күннен кейін Дүниежүзілік Банкке, егер осы Келісім осындай оқиға болған күні күшіне енген жағдайда, Алушының грант шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұруға құқық беретін оқиғаның орын алғанын анықтаса.
V бап
Келісімнің күшіне енуі; Қолданысын тоқтатуы
5.01. Осы Келісім Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын төменде көрсетілген шарттардың сақталғаны жөнінде құжаттамалық куәліктер Дүниежүзілік Банкке ұсынылғанға дейін күшіне енбейді.
(a) Осы Келісімнің Алушы атынан және Жоба туралы Келісімнің Жобаны Атқарушы Агенттіктің атынан жасалуына және орындалуына қажетті мемлекетішілік рәсімдерді және корпоративті іс-қимылдарды жүргізу арқылы тиісті түрде санкцияланса немесе ратификацияланса.
(b) Егер Дүниежүзілік Банктің өтініші бойынша Жобаны Атқарушы Агенттіктің жай-күйі Жоба туралы Келісім жасалған күні Дүниежүзілік Банкке ұсынылған немесе кепілдік берілген күйінде осы күн басталғаннан кейін ешқандай елеулі келеңсіз өзгерістерге ұшырамаса.
(c) Осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде аталатын Қосымша келісімге Алушы және Жобаны Атқарушы Агенттік атынан қол қойылса.
(d) Алушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – ИЖТМ) жәрдемдесуімен осы Келісімге 2-қосымшаның I.В бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы нысанда Жоба жөніндегі Операциялық Нұсқаманы бекітсе және Жобаны Атқарушы Агенттіктің бекітуін қамтамасыз етсе.
(e) Алушы Жобаны Басқарушы Комитетті құрса, Комитеттің жұмыс тәртібі мен функцияларын, сондай-ақ осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.2-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банк талаптарына сай келетін уәкілетті өкілдерді айқындаса.
(f) Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.3-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банктің талаптарына сай келетін әзірленген техникалық тапсырмалары, жиынтықталған штаты мен ресурстары бар Жобаны Іске асыру Тобының құрылуын қамтамасыз етсе.
5.02. 5.01. (а) бөліміне сәйкес ұсынылуы тиіс куәліктердің құрамында, Дүниежүзілік Банкке Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын қорытынды немесе Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы құқықтық сарапшының қорытындылары немесе, егер мұндай талапты Дүниежүзілік Банк ұсынса, Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын Алушының құзыретті лауазымды тұлғасының төмендегілер туралы куәландыратын растауы ұсынылады:
(a) Алушы атынан осы Келісім қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу арқылы тиісті түрде санкцияланғаны немесе ратификацияланғаны, сондай-ақ Алушы атынан қол қойылғаны және орындалғаны және ол үшін осы Келісімнің шарттарына сәйкес міндетті заңды күші бар екендігін.
(b) Жобаны Атқарушы Агенттік атынан Жоба туралы Келісімнің тиісті түрде санкцияланғаны немесе ратификацияланғаны, сондай-ақ Жобаны Атқарушы Агенттік атынан қол қойылғаны және орындалғаны және осы Жоба туралы Келісімнің шарттарына сәйкес ол үшін міндетті заңды күші бар екендігін.
(c) Осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде айтылатын Қосымша Келісімді Алушы және Жобаны Атқарушы Агенттік тиісті түрде санкциялағаны немесе ратификациялағаны және Қосымша Келісімнің шарттарына сәйкес әр тарап үшін міндетті заңды күші бар екендігін.
5.03. Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасында өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім Дүниежүзілік Банк Алушының мекенжайына 5.01-бөлімге сәйкес ұсынылуға тиіс құжаттамалық куәліктерді Дүниежүзілік Банк қабылдағаны туралы хабарламаны жіберген күні (бұдан әрі – Күшіне ену күні) күшіне енеді. Егер күшіне ену күніне дейін Дүниежүзілік Банкке Алушының грант шотынан қаражат алуға құқығын тоқтата тұруға уәкілеттік беретін оқиға орын алса, Дүниежүзілік Банк осындай оқиға (осындай оқиғалар) аяқталмағанға (аяқталғанға) дейін осы Бөлімде айтылған хабарламаны жіберуді кейінге қалдыра алады.
VI бап
Алушының өкілі; Заңды мекенжайлар
6.01. Стандартты шарттардың 7.02-бөлімінде айтылған Алушының өкілі ИЖТМ болып табылады.
6.02. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде айтылған Алушының заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қабанбай батыр даңғылы, 32/1
Астана 010000
Қазақстан Республикасы
Факс: +7-7172-24-12-31
6.03. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде сілтеме бар Дүниежүзілік Банктің заңды мекенжайы:
International Bank for Reconstruction and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423 (MCI) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145 (MCI)
______________, _________ КЕЛІСІЛДІ, алғашқы жасалған күні және жылы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.: __________________________
Лауазымы: ________________________
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
(энергия тиімділігін арттыру және жастар
бірлестіктерін дамыту бағдарламалары
үшін бір донордың Траст қорының әкімшісі
ретінде әрекет етуші)
___________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:__________________________
Лауазымы: _______________________
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаттары: (i) мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілердің энергия тиімділігін және (ii) энергетиканы орнықты қаржыландыру үшiн қолайлы ортаны жақсарту болып табылады.
Жобаға мынадай құрамдас бөліктер кіреді:
1-бөлiк: Мемлекеттiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлерде көрсетілетін кіші жобаларды дайындау және іске асыру
Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада жазылған критерийлерге сәйкес қоғамдық ғимараттарда энергия тұтынуды азайту мақсатында құқықтық күші бар кіші жобаларды іске асыру.
2-бөлiк: Алушыға және Жобаны Атқарушы Агенттiкке техникалық жәрдемдесу
(a) ИЖТМ және Жобаны Атқарушы Агенттіктің әлеуетін үйлестiру, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және басқару үшін күшейту.
(b) Энергия тиiмдiлiгі саласында техникалық зерттеулер жүргiзу.
(c) Жобаның 1-бөлiгі шеңберiнде қаржыландырылатын кіші жобаларға байланысты ақпараттық-ағарту және ақпараттық науқандарды өткізу.
(d) Энергетиканы қаржыландырудың орнықты тетiктерiн құруды қолдау үшiн құқықтық, институционалдық және нормативтiк құжаттарды әзірлеу.
(e) Энергия тиімділігі саласындағы қаржыландыруға дайын инвестициялық жобалардың тізімін жасауды қоса алғанда, қаржыландыру мен энергия тиімділігін арттыруға инвестицияларды қаржыландырудың экономикалық негізделген схемаларын іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін әзірлеу.
2-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру
І бөлім Институционалдық және басқа да тетіктер
А. Институционалдық тетіктер
1. ИЖТМ Алушы атынан Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойына Жоба бойынша іс-қимылдарды жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.
2. Алушы ИЖТМ және ИЖТМ, Жобаны Атқарушы Агенттік өкілдері және Алушы тарапынан басқа да министрліктердің өкілдері басқаратын, Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада егжей-тегжейлі көрсетілген операциялық рәсімдері мен функциялары бар және ұлттық саясат пен стратегияларға сәйкес Жобаның қызметіне стратегиялық басшылық жасау үшін және Жобаның мақсаттарына қол жеткізу прогресін бақылау үшін жауапты болуға тиіс Жобаның Басқару комитетінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын әзірленген техникалық тапсырмалары бар, штатпен және ресурстармен жасақталған, Жобаны күн сайын орындау, қаржылық басқару, сатып алу, мониторингтеу және оның қызметін бағалау жөніндегі міндеттер жүктелетін Жобаны Іске асырушы Топ құруын және оның Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Топтың құрамына басқалармен қатар жоба менеджері, қаржылық басқару жөніндегі маман, сатып алу жөніндегі маман және қоршаған орта жөніндегі маман кіруге тиіс.
В. Жоба жөніндегі операциялық нұсқама
1. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жобаны Дүниежүзілік Банк талаптарын қанағаттандыратын басшылық ету ережелеріне (бұдан әрі – Жоба жөніндегі операциялық нұсқама) сәйкес орындауын қамтамасыз етуге міндеттенеді, ол өзгелермен қатар мыналарды қамтуға тиіс:
(а) Жобаны іске асыру тетіктері, сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері, сондай-ақ қаржылық басқару қырлары;
(b) Жобаны іске асыру үшін операциялық және әкімшілік рәсімдер;
(с) кіші жобаларды таңдау, бағалау, іске асыру және бақылау бойынша критерийлер мен рәсімдік талаптар;
(d) Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатқа сәйкес кіші жобаларды орындау үшін Қоршаған ортаны басқару жөніндегі жоспарларды іске асырудың рәсімдік талаптары;
(е) Жобаны іске асыру бойынша мониторинг, бағалау, басқару және есептілік тетіктері; сондай-ақ
(f) Жобаны Басқару Комитетінің операциялық рәсімдері мен функциялары.
2. Жоба жөніндегі операциялық нұсқаманың шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.
С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Алушы Жобаны іске асыруды 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары қаражаты және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі нұсқаманың» және құжаттың 2011 жылдың қаңтарында жаңартылған нұсқасының («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама») ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
D. Қосымша келісім
1. Жобаны іске асыруға жәрдемдесу үшін Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін шарттарда Алушы мен Жобаны Атқарушы Агенттік арасында жасалған Қосымша келісім шеңберінде грант қаражатын беруге міндеттенеді.
2. Алушы Қосымша келісімге сәйкес Алушы мен Дүниежүзілік Банктің мүдделері қорғалатындай, ал гранттың мақсаттарына қол жеткізілетіндей дәрежеде өз құқықтарын жүзеге асыруға және өз міндеттерін орындауға міндеттенеді. Дүниежүзілік Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, Алушының Қосымша келісімді немесе оның қандай да бір ережелерін қайта табыстауға, өзгертуге, қабылдамауға, одан жалтаруға немесе орындамауға құқығы жоқ.
3. Қосымша келісімнің шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.
Е. Кіші жобалар
1. Жобаның 1-бөлігін орындау үшін және кез келген кіші жобаларды кез келген облыстың аумағында іске асырғанға дейін Алушы көрсетілген кіші жобаларды іске асыру барысында облысқа тиісті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін, көрсетілген облыстың Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін барлық қажетті әкімшілік шараларды қолдануы үшін ИЖТМ арқылы тиісті облыспен өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – ӨТМ) қол қояды.
2. Жобаның 1-бөлігін орындау үшін және кез келген кіші жобаларды кез келген облыстың аумағында іске асырғанға дейін жоғарыда көрсетілген кіші жобаларды жүзеге асыру барысында Таңдаулы әкімшілік бірліктің қолдау көрсету міндеттемесін қамтамасыз ету үшін Алушы Таңдаулы Әкімшілік Бірліктің Жобаны Атқарушы Агенттікпен және Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын тиісті құқыққа сыйымды бенефициармен Кіші жоба туралы келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
3. Жобаның 1-бөлігін іске асыру үшін Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің мыналарды орындауын қамтамасыз етеді:
(а) Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада егжей-тегжейлі айтылған критерийлер мен рәсімдерге сәйкес кіші жобаларды таңдау, бағалау және бекіту.
(b) тиісті кіші жобаны іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, консалтингілік және консультациялық емес қызметтерді сатып алу.
(с) тиісті кіші жобаны Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын тиісті дәрежеде әзірленген техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен практикаларға сәйкес тиісті түрде және тиімді іске асыру.
(d) тиісті кіші жобаны Кіші жоба туралы келісімнің, Жоба жөніндегі операциялық нұсқаманың, Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың қолданыстағы ережелеріне сәйкес жүзеге асыру.
(е) Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын жағдайда тиісті құқықтық күші бар бенефициармен және тиісті Таңдаулы Әкімшілік Бірлікпен Кіші жоба туралы келісім жасасу.
(f) өзгелердің ішінде әрбір құқықтық күші бар бенефициарға қойылатын: (А) Алушыға, Жобаны Атқарушы Агенттікке және Дүниежүзілік Банкке тиісті кіші жобаларды тексеру, олардың іске асырылуын және тиісті құжаттаманы тексеру құқығын беру, сондай-ақ (В) Алушы, Жобаны Атқарушы Агенттік немесе Дүниежүзілік Банк жоғарыда айтылғанға байланысты негізделген талап етуі мүмкін барлық ақпаратты Алушыға, Жобаны Атқарушы Агенттікке және Дүниежүзілік Банкке дайындау және ұсыну талабын қоса алғанда, өз мүдделерін және Алушының және Дүниежүзілік Банктің мүдделерін тиісінше қорғау құқығын алу.
4. Кіші жоба туралы келісімнің шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.
F. Қорғау саясатының шараларын сақтауды қамтамасыз ету
1. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жобаны Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатқа сәйкес орындауын қамтамасыз етеді, ал Жобаны Атқарушы Агенттік Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімін алмай Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың кез келген ережелерін қайта табыстай, өзгерте, бұза, жоя немесе жалтара алмайды.
2. Алушы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың және Қоршаған ортаны басқару жоспары ережелерінің сақталуын бақылау үшін қажетті барлық шараларды уақтылы қолданылатындығына қатысты Жобаны Атқарушы Агенттік тарапынан кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.
3. Алушы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың ережелеріне және Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін Қоршаған ортаны басқару жоспарының тиісінше әзірленуіне және іске асыру үшін осындай Жоспардың ұсынылуы міндетті болып табылатын кіші жоба шеңберінде қандай да бір жұмыстар басталғанға дейін ұсынылуына қатысты Жобаны Атқарушы Агенттік тарапынан кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.
ІІ Бөлім Жоба бойынша мониторинг, есептілік және қызметті бағалау
А. Жобаның іске асырылу барысы туралы есеп; Жобаның іске асырылуының аяқталғандығы туралы есеп
1. Алушы Жоба бойынша жұмыстың барысын бақылайды және бағалайды және Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін көрсеткіштердің негізінде Жобаның іске асырылуы туралы есеп жасайды. Жобаның іске асырылуы туралы әрбір Есеп ұзақтығы бір күнтізбелік семестр болатын кезеңді қамтиды және Есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
2. Алушы Жобаның іске асырылуының аяқталуы туралы есепті Стандарттық шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес жасайды. Жобаның іске асырылуының аяқталғандығы туралы есеп жоба бойынша жұмыстар аяқталған күннен кейін алты айдан кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
В. Қаржылық басқару; Қаржылық есептер; Аудиторлық тексерулер
1. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Стандартты шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын Жоба бойынша қаржылық басқару жүйесін құруын қамтамасыз етеді.
2. Алушы Жоба бойынша тоқсандық аралық аудиттелмеген қаржылық есептердің Дүниежүзілік Банк талаптарына сай келетін нысанда және мазмұнда жасалып, әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Алушы Жоба бойынша қаржылық есептілікті аудиторлық тексеруді Стандартты шарттардың 2.07. (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырады. Қаржылық есептілікті әрбір аудиторлық тексеру Алушының бір қаржылық жыл кезеңін қамтиды. Әрбір кезең бойынша аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік аудиттелген кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
ІІІ бөлім Сатып алуды жүзеге асыру
А. Жалпы ережелер
1. Сатып алуды және консалтингілік қызметтер көрсетуді жүзеге асырудың басшылыққа алынатын қағидаттары. Жобаны іске асыру үшін қажетті және грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық емес және консалтингілік көрсетілетін қызметтердің барлығын сатып алу мынадай құжаттарда:
(а) 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Сатып алу жөніндегі нұсқама) І бөлімінде тауарларға, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуге қатысты және 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқама) І және ІV бөлімдерінде консультанттар көрсететін қызметтерге қатысты; сондай-ақ
(b) осы ІІІ бөлімнің ережелерінде жазылған немесе ескерілген, сондай-ақ Сатып алу жоспарында нақтыланған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Айқындамалар. Осы Бөлімде төменде сатып алудың нақты әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін бас әріппен қолданылатын терминдер орын алған жағдайға байланысты «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» ІІ және ІІІ бөлімдерінде немесе «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» ІІ, ІІІ, ІV және V бөлімдерінде жазылған тиісті әдіске жатады.
В. Тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алудың белгілі бір әдістері
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықты өткізу нәтижесінде берілген келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алудың басқа әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу үшін халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа мынадай: (а) осы Келісімге 2-қосымшаға Толықтыруда жазылған қосымша ережелер ескеріле отырып, ұлттық конкурстық сауда-саттық, (b) Тауарларды сатып алу, және (с) тікелей келісімшарттарды жасасу сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.
C. Консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алудың белгілі бір әдістері
1. Баға және сапа арақатынасына негізделген іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, онда консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алу сапа және құн бойынша іріктеу негізінде берілген келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алудың басқа әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алу үшін сапа және құн бойынша іріктеуден басқа мынадай: (a) сапа бойынша іріктеу, (b) ең төмен құн бойынша іріктеу, (c) бекітілген бюджет жағдайларында іріктеу, (d) консультант біліктілігіне негізделген іріктеу, (e) бірыңғай көзден іріктеу, сондай-ақ (f) дара консультанттарды іріктеу сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.
D. Дүниежүзілік Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерге шолу жасауы
Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар айқындалады. Барлық қалған келісімшарттар Дүниежүзілік Банктің кейіннен қарауына жатады.
ІV бөлім Грант қаражатын алу
А. Жалпы ережелер
1. Алушы төмендегі 2-тармақтың кестесінде берілген құқықтық күші бар шығыстарды қаржыландыру үшін грант қаражатын мыналардың: (а) Стандартты шарттардың ІІІ бабының, (b) осы бөлімнің, сондай-ақ (с) Алушыға хабарламада (Дүниежүзілік Банк мезгіл-мезгіл енгізетін өзгерістерді және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісім шеңберінде қолданылатынын ескере отырып, 2006 жылдың мамырында басып шығарылған «Дүниежүзілік Банктің жобаны іске асыруға қаражат беру жөніндегі нұсқамасын» қоса алғанда) Дүниежүзілік Банк айқындай алатын қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес ала алады.
2. Төменде ұсынылған кестеде грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін заңды шығыстардың санаттары (бұдан әрі – Санат), әрбір Санатқа грант сомасының бөлінуі, сондай-ақ әрбір Санатта құқықтық күші бар шығыстар шеңберінде қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген:
Санат | Гранттан бөлінген сома (АҚШ долл.) | Қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық қатынасы (салықтарды қоса алғанда) |
---|---|---|
(1) Жоба бойынша 1-бөліктің кіші жобаларын іске асыру шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар, консультациялық емес қызметтер көрсету, консалтингілік қызметтер көрсету |
17 700 000 |
100% |
(2) Жоба бойынша 2-бөлікті орындау шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар, консультациялық емес қызметтер көрсету, консалтингілік қызметтер көрсету, оқыту және операциялық шығыстар |
4 063 000 |
100% |
Жалпы сома |
21 763 000 |
(а) «Операциялық шығыстар» термині Жобаны іске асыруға, көлік құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жалдауға байланысты, отынға, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарына төлеу үшін, көлік құралдары мен жабдықтарды сақтандыру, офисті жалдау, интернет пен байланыс төлемдері, ақпараттық жүйелерді қолдау, құжаттаманы аударуға байланысты шығыстарды төлеу, банк алымдарын, коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ туристік және көлік шығыстарын төлеу, тәуліктік және тұру шығыстарын және Жоба бойынша қызметті жүзеге асыруға тікелей байланысты басқа да негізді шығыстарды төлеу үшін Алушы және/немесе Жобаны Атқарушы Агенттік көтерген негізді және қосымша шығыстарды білдіреді. Қосымша шығыстар Алушының немесе Жобаны Атқарушы Агенттіктің мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдарының жалақысын қамтымайды.
(b) «Оқыту» термині Жобаны іске асыру барысында мыналарға: (і) өткізілетін оқытуға байланысты жаттықтырушылар және оқитындар көтерген көшіп-қонуға, тұруға, тамақтануға және тәуліктік негізделген шығыстарға, (іі) курс құнына, (ііі) оқыту/семинар өткізу үшін үй-жайлар мен жабдықтарды жалдау ақысына, (іv) осы тармақта көзделмеген оқыту материалдарын дайындауға, алуға, қайта шығаруға және таратуға орай шығыстарға байланысты туындайтын шығыстарды (консалтингілік немесе консультациялық емес қызметтер көрсетуге байланысты емес) білдіреді.
В. Қаражатты алу шарттары; Қаражатты алуға арналған кезең
1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, осы Келісімге қол қойылған кезге дейін орындалған төлемдер үшін грант қаражатын алу мүмкін емес.
2. Стандартты шарттардың 3.06 (с) бөліміне сәйкес жабылу күні 2017 жылғы 30 маусым болып есептеледі.
V бөлім Өзге де міндеттемелер
А. Алушы осы грант күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде Жобаны Атқарушы Агенттіктің қаржылық басқару жөніндегі маманды жалдауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
В. Алушы осы грант күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды және Жобаны Атқарушы Агенттіктің пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2-ҚОСЫМШАҒА ТОЛЫҚТЫРУ
ҰЛТТЫҚ КОНКУРСТЫҚ САУДА-САТТЫҚ - ӨЗГЕРІСТЕР
Ұлттық конкурстық сауда-саттық шеңберінде сақталатын сатып алуды жүзеге асыру рәсімі Алушының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2013 жылғы 6 қаңтардағы № 63-V Заңда жазылған «Тендер арқылы мемлекеттік сатып алу» рәсімі болып табылады; алайда осындай рәсім I бөлімнің ережелеріне, III бөлімнің 3.3 және 3.4-тармақтарына және «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» 1-қосымшасына және мынадай қосымша ережелерге сәйкес болуға тиіс жағдайда:
(a) Құқықтық күш: Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысу құқықтылығы және оларға Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшартты беру; тиісінше, сауда-саттыққа қатысушы немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың
I бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшарттарды оларға беру үшін құқылы емес деп жариялануы мүмкін емес. Шетелдік қатысушылар ұлттық конкурстық сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі және шетелдік қатысушылар сатып алу процесіне қатысу құқығын алу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен ынтымақтастықта болуға міндетті емес.
(b) Тіркеу: конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалардың қатысуымен шектелмейді, ал шетелдік қатысушылардан сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру үшін алдын ала талап ретінде жергілікті билік органдарында тіркелу талап етілмейді.
(c) Артықшылықтар: конкурстық ұсыныстарды бағалау барысында сауда-саттыққа қатысушының ұлты, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің шығу тегі, жергілікті үлесі, азаматтардың қатысу дәрежесі және/немесе кез келген басқа да преференциялық бағдарламалар негізінде артықшылықпен қарау фактілеріне жол берілмейді.
(d) Тендерлік құжаттама: сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар тиісті стандартты тендер құжаттарын, оның ішінде Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын келісімшарт ережелерін пайдаланады.
(e) Шығыстарды бағалау: шығыстарды бағалау құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға жария етілуге жатпайды. Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімін алмай, шығыстар бағасымен және/немесе бюджеттің шекті деңгейімен салыстыру негізінде конкурстық ұсынысты қабылдамауға жол берілмейді.
(f) Конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімі: сауда-саттыққа барлық қатысушылар, егер бұл айрықша мән-жайлармен ақталса, қолданылу мерзімі аяқталған күн басталғанға дейін және мерзім тек бағалауды аяқтау және/немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге ұзартылатын және ол төрт (4) аптадан аспайтын жағдайда ғана келісімшартты бағалауды аяқтау немесе беру үшін қажетті ең аз мерзімге конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жазбаша нысанда жүгіне алады. Мерзімді қосымша ұзарту туралы бұдан кейінгі өтініштерге Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жол берілмейді.
(g) Конкурстық ұсыныстарды ұсыну және конверттерді ашу: сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық ұсыныстарды дайындау және беру үшін сауда-саттыққа қатысуға шақыру жарияланған кезден бастап немесе тендер құжаттамасы алынған кезден бастап оқиғалардың қайсысы кешірек болатынына байланысты кемінде отыз (30) күн беріледі. Конкурстық ұсыныстар бар конверттер өтінімдерді беру мерзімі аяқталған соң дереу көпшілік алдында ашылады. Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі өз конкурстық ұсыныстарын берген сауда-саттыққа барлық қатысушыларға, сондай-ақ Дүниежүзілік Банк тарапынан алдын ала қарауға жататын келісімшарттарға қатысты Дүниежүзілік Банкке уақытында беріледі.
(h) Біліктілік: біліктілік критерийлері тендер құжаттамасында нақты айқындалған. Тендер құжаттамасында белгіленген барлық критерийлер және тек осы критерийлер ғана сауда-саттыққа қатысушының тиісті біліктілігі бар екенін айқындау үшін пайдаланылады. Біліктілікті бағалау «сәйкес/сәйкес емес» қағидаты бойынша жүргізіледі, ал балдық жүйе қолданылмайды. Осындай бағалау объективті және өлшемді факторларды, оның ішінде: (i) тиісті жалпы және осы салаға тән тәжірибені, сондай-ақ келісімшартты орындағаннан кейін қанағаттанарлық өндірістік көрсеткіштерді және белгілі бір кезең ішінде ұқсас келісімшарттарды ойдағыдай аяқтауды, (ii) қаржылық жағдайды, және тиісті жағдайларда (iii) құрылыс және/немесе өндірістік жабдықтардың мүмкіндіктерін назарға ала отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшартты нәтижелі орындау қабілеті мен ресурстарына ғана негізделеді.
(i) Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін алдын ала біліктілік бойынша рәсімдер мен құжаттама жұмыстарды орындауға арналған ірі, күрделі және/немесе мамандандырылған келісімшарттар жағдайында қолданылады. Оның негізінде сауда-саттыққа қатысушы алдын ала біліктіліктен өткен ақпаратты, оның ішінде қатысушының персонал мен жабдыққа қатысты ағымдағы міндеттемелері мен мүмкіндіктерін тексеру келісімшарт берілген сәтте жүзеге асырылады.
(j) Алдын ала біліктілік рәсімі қолданылмайтын жағдайларда келісімшарт жасасу ұсынылатын сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі тендерлік құжаттамасында көрсетілген біліктілік критерийлері қолданыла отырып, біліктіліктен кейінгі барысында бағаланады.
(k) Конкурстық ұсынысты бағалау: бағалау критерийлері тендерлік құжаттамасында нақты айқындалған. Конкурстық ұсыныстарды бағалау тендерлік құжаттамасында жазылған сандық бағалауға келетін критерийлерге қатаң сәйкестендіріліп жүргізіледі. Бағаны қоспағанда, бағалау критерийлері ақшалай мәнде беріледі. Балдық жүйе және топтау қолданылмайды, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарды бағалау кезінде баға мәніне не ең төменгі нүкте де, пайыздық мәнде берілмейді. Конкурсанттар маңызды емес, болмашы ауытқулар себебі бойынша алып тасталмайды.
(l) Келісімшарттар конкурстық ұсынысы: (i) тендер құжаттамасына едәуір дәрежеде сәйкес келетін және (ii) ең төмен бағалау құнын ұсынатын сауда-саттыққа білікті қатысушыға беріледі. Конкурстық ұсыныстың бағасын немесе мәнін талқылау көзделмеген.
(m) Өтінімдер бағалау құнынан төмен немесе жоғары болғандықтан немесе белгіленген диапазонның немесе ұсыныстар бағасы «тобының» шегінен шыққандықтан ғана олардан бас тартылмайды. Барлық конкурстық ұсыныстардан (немесе, егер тек біреу ғана алынса, жалғыз ұсыныстан) бас тарту, сатып алу процесін болдырмау, сондай-ақ жаңа конкурстық ұсыныстарға сұрау салу Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз мүмкін емес.
(n) Кепілдіктер: кепілдіктердің форматы мен қажетті қолданылу мерзімі тендер құжаттамасында белгіленеді.
(o) Құпиялылық: конкурстық ұсыныстарды бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланған кезге дейін құпия болып табылады.
(p) Электрондық сатып алу жүйелері: электрондық сатып алу жүйелері Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
(q) Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес әрбір тендер құжатын және келісімшартқа Дүниежүзілік Банктің алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарына қатысқаны «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес анықталған фирмаларға немесе жеке тұлғаларға қарсы санкциялар қолдануға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілді.
(r) Бақылау және аудиторлық тексерулер құқығы: «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес әрбір тендер құжатына және келісімшартқа Дүниежүзілік Банктің шоттарды, есептерді және конкурстық ұсыныстарды беруге байланысты басқа да құжаттарды бақылауға және аудиттеуге және келісімшарттарды орындауға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілген.
ҚОСА БЕРІЛГЕН ҚОСЫМША
Айқындамалар
(a) «Құқықтық күші бар бенефициар» – Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада көрсетілген, атап айтқанда, мемлекеттік меншік, ғимараттың құрылымдық бекінісі және жабу, санын қысқарту немесе жекешелендіру жоспарларының болмауы сияқты заңдылықтың негізгі критерийлеріне сәйкес кіші жобалар инвестициялауға құқығы бар алушы.
(b) «Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжат» Дүниежүзілік Банктің 2013 жылғы 9 қаңтардағы талаптарына жауап беретін, ол туралы ақпарат Дүниежүзілік Банктің Infoshop-ында 2013 жылғы 11 қаңтарда берілген Алушының экологиялық басқару жөніндегі негіздемелік құжаты. Құжатта жобаны іске асыру нәтижесінде болатын экологиялық және әлеуметтік салдарды бағалаудың қағидаттары, қағидалары, басшылыққа алынатын нұсқаулары мен рәсімдері және теріс салдарды жеңілдету, мониторинг жөніндегі шаралар, сондай-ақ қолайсыз экологиялық және әлеуметтік салдарды болдырмау немесе азайту үшін Жобаны іске асыру және пайдалану барысында қолданылатын іс-шаралар жазылады.
(c) Қоршаған ортаны басқару жоспары» – Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатта жазылған параметрлерге сәйкес дайындалған Жобаны іске асырудың белгілі бір аумағы үшін қоршаған ортаны басқару жоспары. Қоршаған ортаны басқару жоспарын осындай Жоспардың болуы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжат ережелеріне сәйкес қажетті талап болып табылатын әрбір кіші жоба үшін Жобаны Атқарушы Агенттік әзірлейді және қабылдайды; келеңсіз салдарды жеңілдету, мониторинг жөніндегі шараларды және теріс экологиялық және әлеуметтік салдарды болдырмау, олардың әсерін азайту немесе осындай салдарды қолайлы деңгейге дейін азайту үшін кіші жобаны іске асыру немесе пайдалану барысында қабылданатын іс-шараларды қамтиды.
(d) «ИЖТМ» – Алушының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі немесе оның құқықтық мирасқоры.
(e) «Облыс» – Алматы мен Астананы қоса алғанда, Алушының 16 өңірінің бірі.
(f) «Сатып алу жоспары» – 2013 жылғы 9 қаңтардағы Жобаны іске асыру үшін және «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» 1.16-параграфында және «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» 1.24-параграфында айтылған, көрсетілген параграфтарға сәйкес мезгіл-мезгіл өзгерістер енгізілуі мүмкін сатып алу жоспары.
(g) «Жоба туралы келісім» – Дүниежүзілік Банк пен Жобаны Атқарушы Агенттік арасында осы Келісімнің қол қою күнінен бастап және аталған термин өзіне Жоба туралы Келісімге қосымша болып табылатын барлық қосымшалар мен келісімдерді қамтиды.
(h) «Жобаны Атқарушы Агенттік» – Жобаны Атқарушы Агенттіктің Құрылтай Құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанынан құрылған, Жобаны іске асыруға жауапты, мемлекетке тиесілі «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы немесе оның құқықтық мирасқоры.
(i) «Жобаны Атқарушы Агенттіктің Құрылтай Құжаттары» – (А) оған сәйкес Жобаны Атқарушы Агенттік құрылатын және басқарылатын, түзетулермен сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілдедегі № 1065 қаулысы және (Б) ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің № 73-п бұйрығымен бекітілген "Қазақэнергиясараптама" Акционерлік қоғамының Жарғысы және Жобаны Атқарушы Агенттіктің Құрылтай Құжаттары; (В) оған сәйкес Жобаны Атқарушы Агенттік құрылатын және басқарылатын, түзетулер ескерілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашасындағы № 1294 қаулысы.
(j) «Жобаны іске асыру тобы» немесе «ЖІАТ» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.3-бөлімінде айтылатын, Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін әзірленген техникалық тапсырмалары, штат кестесі және ресурстары бар бірлік.
(k) «Жоба жөніндегі операциялық нұсқама» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.B бөлімінде айтылатын, Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Дүниежүзілік Банкпен алдын ала келісілген ықтимал мерзімдік түзетулерді ескере отырып, Алушы мен Жобаны Атқарушы Агенттік қабылдаған нұсқама.
(l) «Қоғамдық ғимарат» – (i) мемлекеттік меншіктегі (яғни жеке тұлға немесе корпорация бақыламайтын, мемлекеттің меншігі болып табылады), (ii) тұрақты құрылымды және (iii) оған қатысты жабу, санын қысқарту немесе жекешелендіру жоспарлары қаралмайтын әкімшілік бірлік аумағындағы объект.
(m) «Таңдаулы әкімшілік бірлік» – кіші жобалар іске асырылатын Алушының аумағындағы «облыс», «аудан» немесе «қала».
(n) «Жобаны Басқарушы Комитет» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.4-бөлімінде айтылатын комитет, сондай-ақ оның кез келген құқықтық мирасқоры.
(o) «Кіші жоба» – Жобаны Атқарушы Агенттік Жобаның 1-бөлігіне сәйкес құқықтық күші бар бенефициардың игілігі үшін Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада жазылған критерийлерге (экологиялық және әлеуметтік қарастыруды қосқанда, бірақ олармен шектелмей) және құқықтық күшіне қойылатын талаптарға сәйкес таңдалған қоғамдық ғимараттарға қатысты жүргізетін немесе жүргізуді жоспарлаған және егер осындай бағалау өткізуді Дүниежүзілік Банк талап етсе, кіші жобаны (оның ішінде Қоршаған ортаны басқару жоспарларын) іске асыру нәтижесінде экологиялық және әлеуметтік салдарлардың мәніне бағалауға жататын қызмет немесе бірқатар іс-шаралар.
(p) «Кіші жоба туралы келісім» – Жобаның 1-бөлігі шеңберінде құқықтық күші бар бенефициардың игілігі үшін кіші жобаны іске асыру шарттары жазылған Жобаны Атқарушы Агенттік, таңдаулы әкімшілік бірлік пен құқықтық күші бар бенефициар арасында жасалған келісім.
(q) «Қосымша келісім» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде айтылытын келісім, оған сәйкес Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке грант қаражатын ұсынады.
(r) «Траст қоры» – Швейцарияның Даму және Ынтымақтастық Агенттігі ұсынған, Швейцария Конфедерациясының Үкіметі берген қаражаттан қаржыландырылатын Энергия тиімділігін арттыру және Жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры.
Дүниежүзілік Банк әртүрлі қорлардан
беретін гранттардың стандартты шарттары Күні: 2012 жылғы 15 ақпан
І БАП
Кіріспе ережелер
1.01-бөлім. Стандартты шарттарды қолдану. Осы Стандартты шарттарда, әдетте ХҚДБ және ХДҚ әртүрлі қорлардың (ХДҚ ресурстары болып табылмайтын) есебінен беретін гранттарға қолданылатын кейбір шарттар мен ережелер жазылады. Олар Грант беру туралы келісімде көзделген дәрежеде қолданылады.
1.02-бөлім. Грант беру туралы келісімге сәйкес келмеу. Егер, Грант беру туралы келісімнің қандай да бір ережесі осы Стандартты шарттардың ережесіне сәйкес келмесе, Грант беру туралы келісімнің ережесі қолданылады.
1.03-бөлім. Анықтамалар. Егер Грант беру туралы келісімде өзгеше көзделмесе, осы Стандартты шарттарда немесе Грант беру туралы келісімде бас әріппен жазылған терминдерді пайдаланудың барлық жағдайларында олар осы Стандартты шарттарда өздері үшін айқындалған мағынада қолданылады.
1.04-бөлім. Сілтемелер; тақырыптар. Осы Стандартты шарттарда қамтылған Баптарға және Бөлімдерге сілтемелер осы Стандартты шарттардың Баптарына және Бөлімдеріне жатады. Олардың тақырыптары осы Стандартты шарттарда тек сілтеме үшін келтіріледі және осы Стандартты шарттарды түсіндіру кезінде ескерілмеуге тиіс.
ІІ БАП
Жобаның орындалуы
2.01-бөлім. Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары. Алушы мыналарды:
(а) Жобаның (і) тиісті ұмтылушылықпен және тиімділікпен; (іі) қолданылатын әкімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нормаларға және практикаға сәйкес; сондай-ақ (ііі) осы Стандартты шарттарды қоса алғанда, Грант беру туралы келісімнің ережелеріне сәйкес орындалуын; және
(b) Жоба үшін қажеттілігіне қарай қаржы қаражатын, объектілерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге де ресурстарды шұғыл беруді қамтамасыз етеді.
2.02-бөлім. Сақтандыру. Алушы Жобаға қажетті кез келген тауарларды сақтандыру үшін қаражаттың жеткілікті көлемін бөлуді қамтамасыз етеді және грант қаражаты есебінен, тауарды сатып алуға, тасымалдауға және оларды пайдалану немесе орнату орнына жеткізуге байланысты тәуекелдерге орай қаржыландырылады. Осындай сақтандыру бойынша кез келген өтеу осындай тауарларды ауыстыру немесе жөндеу үшін еркін пайдаланылатын валютамен төленеді.
2.03-бөлім. Жер сатып алу. Алушы қажет болған кезде Жобаны орындау үшін талап етілетін барлық жерді және жерге барлық құқықтарды сатып алу бойынша барлық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және Дүниежүзілік Банкке оның талабы бойынша Жоба үшін Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын осындай жер және осындай құқықтар бар екені туралы растаманы дереу ұсынады.
2.04-бөлім. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану; объектілерді күтіп ұстау. Алушы мыналарды:
(а) Дүниежүзілік Банк өзгеше келісетін жағдайларды қоспағанда, грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тек Жоба мақсатында пайдалануды; және
(b) Жобаға қатысы бар барлық объектілерді ұдайы тиісінше пайдалану мен күтіп ұстауды және мұндай объектілерді қажеттілігіне қарай барлық қажетті жөндеуді және реконструкциялауды дереу жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2.05-бөлім. Құжаттар; есептік жазбалар. Алушы мыналарды:
(a) Дүниежүзілік Банке оның талабы бойынша Жобаға байланысты барлық құжаттарды Дүниежүзілік Банк негізді түрде талап ететін нақтылаудың сондай дәрежесімен дереу ұсынуды;
(b) Жобаны іске асыру барысын есепке алу (оған байланысты шығындарды және қамтамасыз етілетін нәтижелерді қоса алғанда), грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сәйкестендіру, сондай-ақ оларды Жоба шеңберінде пайдалану туралы ақпаратты ашу үшін жеткілікті көлемдегі есептік жазбаларды жүргізуді қамтамасыз етеді; мұндай есептік жазбалар Дүниежүзілік Банке оның талабы бойынша дереу ұсынылады;
(с) Жоба шеңберіндегі шығыстарды растайтын барлық есептік материалдарды ең аз дегенде: (і) грант Шоты жабылған Күннен кейін екі жыл ішінде; немесе (іі) егер Дүниежүзілік Банк төмендегі 2.07 (b) бөліміне сәйкес Алушының Қаржылық есептілігінің аудитін жүргізуді талап етсе, мына мерзімдердің: (А) Дүниежүзілік Банк аудитор куәландырған, грант Шотынан қаражатты соңғы алу жүзеге асырылған кезеңді қамтитын Қаржылық есептілікті алғаннан кейін бір жыл өткенге дейінгі; (В) грант Шоты жабылған Күннен кейін екі жыл өткенге дейінгі мейілінше кешірек мерзімдерге дейін сақтауды; сондай-ақ
(d) Дүниежүзілік Банк өкілдеріне (b) және (с) тармақтарына айтылған барлық есептік материалдармен танысу мүмкіндігін, сондай-ақ оларға өздері қажеттілігіне қарай негізді сұрата алатын осындай есептік материалдарға қатысты барлық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.
2.06-бөлім. Жоба мониторингі, Жоба бойынша есептілік және Жобаны бағалау. Алушы:
(а) өзі Жобаның іске асырылу барысына тұрақты негізде мониторингті және бағалауды жүзеге асыра алу және Дүниежүзілік Банкке қолайлы көрсеткіштерге сәйкес оның мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткілікті қағидалар мен рәсімдерді қолдауды қамтамасыз етеді; және
(b) егер бұл Грант беру туралы келісімнің ережелеріне сәйкес талап етілсе:
(і) (А) нысаны және мазмұны бойынша Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын, жоба бойынша бір немесе бірнеше есепті («Жоба бойынша есептер») Дүниежүзілік Банкке дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді, оларда мониторинг және бағалау бойынша осындай іс-шаралардың нәтижелері жинақталады және Жобаның одан әрі тиімді де нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін Алушы ұсынатын шаралар жазылады; бұл ретте Жоба бойынша әрбір есеп Грант беру туралы келісімде ескертілген кезеңді қамтуға тиіс; сондай ақ (В) Дүниежүзілік Банкке осындай есепке қатысты Алушымен пікір алмасу үшін жеткілікті мүмкіндік береді және осыдан кейін Дүниежүзілік Банктің пікірлерін ескере отырып, бұл мәселе бойынша ұсынылған шараларды жүзеге асырады; сондай-ақ
(іі) Жобаның аяқталуы туралы бір немесе бірнеше есепті («Жобаның аяқталуы туралы есептер») дайындауды және Грант беру туралы келісімде осы мақсаттар үшін көрсетілген күннен кешіктірмей: (А) Дүниежүзілік Банк Жобаның орындалуы, Алушының және Дүниежүзілік Банктің Грант беру туралы келісім бойынша өздерінің тиісті міндеттемелерін орындауы және грант мақсаттарына қол жеткізуі туралы ақпаратты; және (В) Жобаның орнықты жетістіктерін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарды қамтитын негізді түрде сұрау салуы мүмкін сондай көлемдегі және сондай нақтылау дәрежесіндегі бір немесе бірнеше есепті Дүниежүзілік Банкке беруді қамтамасыз етеді.
2.07-бөлім. Қаржылық басқару; қаржылық есептілік; аудит. Алушы мыналарды:
(a) Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық басқару жүйесін қолдауды және қаржылық есептілікті («Қаржылық есептілік»), осы және басқасы Жобаға байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды жеткілікті түрде көрсететіндей дайындауды;
(b) егер бұл Грант беру туралы келісімнің ережелеріне сәйкес талап етілсе: (і) Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлардың Қаржылық есептілікті кезең сайын аудиторлық тексеруін; және (іі) Дүниежүзілік Банк қажеттілігіне қарай негізді түрде сұрата алатын, Қаржылық есептілікті болып өткен аудиторлық тексеруге және осындай аудиторларға қатысты басқа ақпаратпен бірге осындай аудиторлық тексеруден өткен Қаржылық есептілікті Дүниежүзілік Банке Грант беру туралы келісімде осы мақсаттар үшін көрсетілген күннен кешіктірмей ұсынуды; сондай-ақ
(с) аудиторлық тексеруден өткен Қаржылық есептілікті Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы тәртіппен осы Бөлімнің (b) тармағына сәйкес ашық қол жетімділікте уақтылы орналастыруды қамтамасыз етеді.
2.08-бөлім. Өзара іс-қимыл жасау және консультациялар. Алушы және Дүниежүзілік Банк гранттың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және Жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін толық көлемде өзара іс-қимыл жасайды және осы мақсатта Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде және одан кейін он жыл бойы:
(а) кез келген тараптың талабымен Жоба, грант және Грант туралы келісім жөніндегі өздерінің тиісті міндеттемелерінің орындалуы бойынша кезең сайын пікір алысады және екінші тарапқа ол негізді түрде талап ете алатын, осындай мәселелерге байланысты барлық ақпаратты береді;
(b) мұндай мәселелерге кедергі келтіретін немесе кедергі келтіруі ықтимал кел келген мән-жайлар туралы бір-біріне дереу хабарлайды.
2.09-бөлім. Сапарлар. Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңі бойы және ол аяқталғаннан кейін он жыл ішінде Алушы:
(а) егер ол Мүше мемлекет болып табылса Дүниежүзілік Банк өкілдеріне грантқа байланысты мақсатта өзінің аумағының кез келген бөлігіне бару мүмкіндігін береді;
(b) егер ол Мүше мемлекет болып табылмаса, өз тарапынан Дүниежүзілік Банк өкілдеріне грантқа байланысты мақсатта Мүше мемлекет аумағының кез келген бөлігіне бару мүмкіндігін беру үшін қажетті барлық шараларды қолданады; сондай-ақ
(с) Дүниежүзілік Банк өкілдеріне: (і) Жобаның құрамына енгізілген кез келген объектіге және алаңқайға бару; және (іі) грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлармен, сондай-ақ Алушының Грант беру туралы келісім бойынша міндеттемелерді орындауына қатысы бар кез келген құжаттармен танысу мүмкіндігін береді.
2.10-бөлім. Даулы аумақ
Жоба даулы аумақ болып табылатын немесе болатын аумақта жүзеге асырылған жағдайда Жобаны Дүниежүзілік Банктің қаржыландыруы да, мұндай аумақты кел кезген белгілеу немесе оған сілтеме де Грант беру туралы келісімде Дүниежүзілік Банк тарапынан мұндай аумақтың қатыстылық құқықтық немесе өзге мәртебесін талқылаудың мәні болып табылмайды және мұндай аумаққа қатысты талаптарды реттеу кезінде қандай да біреудің құқықтарын кемсітпейді.
III БАП
Грант қаражатын алу
3.01-бөлім. Грант шоты; қаражатты алудың жалпы қағидаттары; қаражатты алу валютасы
(a) Дүниежүзілік Банк грант сомасын грант номиналданған валютамен Грант шотына есепке жатқызады. Алушы қажеттілігіне қарай Грант беру туралы келісімнің және осы Стандартты шарттардың ережелеріне сәйкес Грант шотынан грант сомасын алуды сұрата
алады.
(b) Грант шотынан грант сомасын алу грант номиналданған валютамен жүзеге асырылады. Алушының талабы бойынша Дүниежүзілік Банк оның агенті ретінде әрекет ете отырып және Дүниежүзілік Банк айқындаған шарттарда Грант шотынан алынған валютаға Алушы Қолайлы шығыстар төлемін жүзеге асыру үшін негізді түрде сұрата алатын осындай басқа валюталар сатып ала алады. Барлық жағдайларда Грант беру туралы келісімнің немесе осы Стандартты шарттардың мақсатында бір валютаның басқа валютамен көрсетілген құнын айқындау қажеттігі туындайды, мұндай құнды Дүниежүзілік Банк негізді түрде айқындайды.
3.02-бөлім. Қаражаттың жеткіліксіздігі. 3.01-бөлімнің ережесіне қарамастан, егер мұндай алу нәтижесінде Грант шотынан алынған гранттың жалпы сомасы Дүниежүзілік Банкке басқа қаржыландыратын ұйымдардың грантын іске асыру мақсаттары үшін оған берілген траст-қорлардың ресурстарынан оның иелігіндегі сомадан асып кетсе, қаражатты алуға жол берілмейді. Кез келген мұндай қаражаттың жетіспеуіне байланысты тәуекел Алушыға жүктеледі, бұл ретте Дүниежүзілік Банк Грант беру туралы келісімге байланысты Дүниежүзілік Банктің грант мақсаттары үшін иелігіндегі қаражат сомасынан асатын қандай да бір шығыстарға немесе міндеттемелерге қатысты Алушы алдында немесе кез келген үшінші тұлғалар алдында қандай да бір жауапты болмайды.
3.03-бөлім. Дүниежүзілік Банктің арнайы міндеттемесі. Алушының талабы бойынша және Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасында келісілген шарттарда Дүниежүзілік Банк өзіне гранттың қандай да бір сомасын кез келген кейіннен тоқтата тұруға несесе күшін жоюға қарамастан Қолайлы шығыстарға арналған сомаларды төлеу бойынша жазбаша түрде арнайы міндеттемелер («Арнайы міндеттеме») қабылдай алады.
3.04-бөлім. Өтінімдер; Растамалар
(a) Егер Алушы Грант шотынан соманы алуға ниет білдірсе немесе Дүниежүзілік Банкке Арнайы міндеттеме қабылдау туралы өтінішпен жүгінсе Алушы Дүниежүзілік Банкке тиісті жазбаша өтінім («Өтінім») береді, оның нысаны мен мазмұнын негізді түрде Дүниежүзілік Банк айқындайды.
(b) Дүниежүзілік Банк Өтінімде сұралған қаражатты кез келген алуға рұқсатты бергенге дейін, не одан кейін Алушы Дүниежүзілік Банкке мыналарды: (і) әрбір Өтінімге қол қоюға уәкілеттік берілген тұлға немесе тұлғалар өкілеттіктерінің Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын растамасын, сондай-ақ осы тұлғалардың әрқайсысы қолтаңбаларының куәландырылған үлгісін; сондай-ақ (іі) әрбір Өтінімге қатысты Дүниежүзілік Банк көрсететін осындай құжаттар мен басқа да растамаларды («Растамалар») ұсынады.
(с) Гранттың қандай да бір сомасына әрбір Өтінім мен оның Растамасы Грант шотынан осындай соманы алуға Алушының құқығы бар екеніне және ол Грант беру туралы келісімде көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдаланылатынына Дүниежүзілік Банк көз жеткізуі үшін жеткілікті нысанда және мазмұнда болуға тиіс. Қолайлы шығыстарға қатысты Өтінімдер дереу берілуге тиіс.
(d) Дүниежүзілік Банк Алушының Грант шотынан алатын сомасын тек Алушыға немесе оның өкімі бойынша төлейді.
3.05-бөлім. Бөлінген шоттар
(а) Алушы Дүниежүзілік Банк Алушының талабы бойынша алда Жоба мақсаттарына төлеу үшін Грант шотынан алынған соманы депозитке қоя алатын бір немесе бірнеше бөлінген шоттар ашып, ұстай алады («Бөлінген шоттар»). Барлық Бөлінген шоттар Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы болатын және Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы жағдайларда қаржылық мекемелерде ашылады.
(b) Кез келген Бөлінген шоттарға қаражатты депозитке қою және олардан төлем жасау Грант беру туралы келісімге және осы Стандартты шарттарға сәйкес, сондай-ақ қосымша нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады, олар туралы Дүниежүзілік Банк Алушыға уақыттың тиісті сәтінде хабардар ете алады. Дүниежүзілік Банк бұл туралы Алушыға хабардар ете отырып, Грант беру туралы келісімге және осындай нұсқаулықтарға сәйкес қаражатты осындай шоттардың кез келгеніне депозитке қоюды тоқтата алады. Бұл жағдайда Дүниежүзілік Банк Алушыға Грант шотынан қаражатты кейіннен алу үшін пайдаланылатын рәсімдер туралы хабарлайды.
3.06-бөлім. Қолайлы шығыстар. Грант беру туралы келісімде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, Алушы грант қаражатын мынадай талаптарға сай келетін шығыстарды қаржыландыруға ғана пайдалануды («Қолайлы шығыстар») қамтамасыз етеді:
(a) төлем Жоба үшін қажетті және грант қаражаты есебінен қаржыландырылуға жататын, сатып алынуы Грант беру туралы келісімнің ережелеріне толық сәйкестікте жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің негізделген құнын қаржыландыруға арналады;
(b) төлемге Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған шешімімен тыйым салынған; сондай-ақ
(c) төлем: (і) Грант беру туралы келісімде осы мақсаттар үшін белгіленген күннен ерте емес жүзеге асырылады; және (іі) Дүниежүзілік Банк өзгесіне келіскен жағдайларды қоспағанда, Грант шоты жабылған Күнге дейін шеккен шығыстарды төлеуге арналады.
3.07-бөлім. Салықтарды қаржыландыру
(а) Грант беру туралы келісімде грант қаражатын Мүше мемлекет немесе оның аумағында Қолайлы шығыстардан немесе оларға қатысты немесе оларды әкелуден, өндіруден, сатып алудан немесе жеткізуден алынатын Салықтарды төлеу үшін алуға жол берілмейтіндігі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда кез келген мұндай Салықтардың сомасы азайған немесе көбейген кезде Дүниежүзілік Банк бұл туралы Алушыны хабардар ете отырып, Грант беру туралы келісімде көрсетілген, грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын осындай Қолайлы шығыстар пайызын қаражатты алуға көрсетілген шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажетті болса, соншалықты түзете алады.
(b) Мұндай нұсқау жоқ болса, гранттың кез келген қаражатын осындай салықтарды төлеу үшін пайдалану өзі беретін кредиттер мен гранттардың қаражатын үнемді және тиімді пайдалануды талап ететін Дүниежүзілік Банктің саясатымен айқындалады. Осыған байланысты, егер қандай да бір кезде Дүниежүзілік Банк кез келген осындай Салықтың сомасы шектен тыс немесе мұндай Салық өзге де себептер бойынша кемсітуші немесе негізсіз болып табылады деп шешсе, Дүниежүзілік Банк Сатып алушыға тиісті хабарлама жібере отырып, грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын осындай Қолайлы шығыстардың Грант беру туралы келісімде көрсетілген пайызын Дүниежүзілік Банктің осындай саясатының сақталуын қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты түзете алады.
3.08-бөлім. Қаражаттарды қайта бөлу. Егер Дүниежүзілік Банктің пікірі бойынша, Грант беру туралы келісімге сәйкес Қолайлы шығыстардың белгілі бір санатына арналған гранттың қандай да бір сомасы осы санаттың шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болса, Дүниежүзілік Банк Алушыға тиісті хабарлама жібере отырып, мыналарды:
(а) Дүниежүзілік Банктің пікірі бойынша, басқа Қолайлы шығыстар үшін қажет болмайтын Гранттың кез келген басқа сомасын қаражаттың болжамды жеткіліксіздігін жабу үшін қаншалықты қажет болса соншалықты көлемде осы санаттың пайдасына қайта бөлуді; және
(b) егер мұндай қайта бөлу қаражаттың болжамды жеткіліксіздігін толық көлемде жаппаса, осындай шығыстар төлеміне арналған қаражатты одан әрі алу барлық осындай шығыстар жүзеге асырылмайынша жалғасуы үшін осындай санат шеңберінде қаржыландырылатын Қолайлы шығыстардың пайызын қысқартуды жүзеге асыра алады.
IV БАП
Гранттың күшін жою; грантты тоқтата тұру; өтеу
4.01-бөлім. Алушының жоюы. Алушы Дүниежүзілік Банкті хабардар ете отырып, гранттың кез келген алынбаған сомасының күшін жоя алады, бірақ бұл ретте Алушы Арнайы міндеттеменің нысанасы болып табылатын қандай да бір соманың күшін жоя алмайды.
4.02-бөлім. Дүниежүзілік Банктің тоқтата тұруы. Дүниежүзілік Банк Алушыны хабардар ете отырып, егер бұдан әрі санамаланған оқиғалардың кез келгені болып және жалғасып жатса, Алушының Грант шотынан қаражатты алу құқығын тоқтата тұра алады. Мұндай тоқтата тұру Дүниежүзілік Банк Алушыға қаражатты алу құқығы қалпына келтірілгені туралы хабарламайынша жалғасады.
(а) Кедергі жасау. Егер Мүше мемлекет болып табылмайтын Алушыға грант берілсе және Мүше мемлекет: (і) Жобаның орындалуына немесе Алушының Грант беру туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауына тосқауыл болатын немесе кедергі жасайтын кез келген әрекеттерді жүзеге асырса немесе жүзеге асырылуына жол берсе; немесе (іі) Дүниежүзілік Банктің өкілдеріне грантпен немесе Жобаға байланысты мақсаттарда өз аумағының кез келген бөлігіне баруына нақты мүмкіндік бермесе.
(b) Міндеттемелердің орындалмауы. Алушының Грант беру туралы келісім бойынша өзінің кез келген міндеттемелерін орындамауы.
(с) Алдау және сыбайлас жемқорлық. Дүниежүзілік Банк кез келген уақыт сәтінде Алушының (немесе, егер Алушы Мүше мемлекет болып табылмаса, Мүше мемлекеттің немесе гранттың қандай да бір қаражатын өзге де алушының) қандай да бір өкілінің грант қаражатын пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлыққа, алдауға, астыртын сөз байласуға немесе мәжбүрлеуге жүгінгенін және бұл ретте Алушының (немесе Мүше Мемлекеттің немесе осындай өзге де алушының) Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын, осындай әрекеттердің жүзеге асырылуы кезінде олардың жолын кесу үшін уақтылы және тиісті шаралар қолданбағанын анықтайды.
(d) Тоғыспалы тоқтата тұру. ХҚДБ немесе ХДҚ Алушының (немесе Мүше мемлекеттің) осындай келісім немесе ХҚДБ-мен немесе ХДҚ-мен кез келген басқа келісім бойынша өзінің кез келген міндеттемелерін орындамауы салдарынан ХҚДБ немесе ХДҚ-мен кез келген келісім шеңберінде Алушының (немесе, егер Алушы Мүше мемлекет болып табылмаса, Мүше мемлекеттің) қаражатты алуға құқығын толық немесе ішінара тоқтата тұрған.
(e) Төтенше жағдай. Грант беру туралы келісім жасалған күннен кейін болған оқиғалар салдарынан Жобаның жүзеге асырылуын немесе Алушының Грант беру туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауын екіталай ететін төтенше жағдайдың туындауы.
(f) Анық емес өтініш. Алушының Грант беру туралы келісім шеңберінде немесе оған байланысты жасаған өтінішінің немесе Дүниежүзілік Банк грант беру кезінде сүйенетін, Алушы ұсынған кез келген өтініштің немесе декларацияның қандай да бір елеулі қатынаста шындыққа сай келмеуі.
(g) Міндеттемелерді беру; активтерді иеліктен шығару. Осы тармақтың ережелері, Дүниежүзілік Банктің пікірі бойынша, жай шаруашылық қызмет барысында жүзеге асырылатын: (А) Алушының (немесе осындай өзге ұйымның) Грант беру туралы келісімнен туындайтын немесе оған сәйкес қабылданған қандай да бір өз міндеттемелерін орындау қабілетіне елеулі және қолайсыз әсер етпейтін немесе Жоба мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін; (В) егер грант Мүше мемлекет болып табылмайтын Алушыға ұсынылып, ол Алушының (немесе осындай өзге ұйымның) қаржылық жағдайына немесе жұмыс істеуіне елеулі және қолайсыз әсер етпейтін операцияларға қатысты қолданылмайтын жағдайда, Алушы (немесе Жобаның кез келген бөлігін жүзеге асыруға жауап беретін кез келген өзге ұйым) Дүниежүзілік Банктің келісуінсіз: (і) өзінің Грант беру туралы келісімнен туындайтын немесе оған сәйкес қабылданған кез келген міндеттемелерін толық немесе ішінара басқаға берген немесе табыстаған; немесе (іі) грант қаражаты есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылған кез келген мүлікті немесе активтерді сатуды, жалға беруді, табыстауды, басқаға беруді жүзеге асырған немесе өзгеше түрде иеліктен шығаруды жүргізген;
(h) Мүшелік. Мүше мемлекет: (і) оның ХҚДБ-ға немесе ХДҚ-ға мүшелігі тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған; немесе (іі) ол Халықаралық валюта қорының мүшесі болуды тоқтатқан жағдайда қалған.
(і) Алушының жағдайы. Егер грант Мүше мемлекет болып табылмайтын Алушыға берілсе:
(і) Алушыны (немесе Жобаның кез келген бөлігінің іске асырылуы үшін жауап беретін кез келген өзге ұйымды) тарату, ыдырату немесе оның қызметін тоқтата тұру бойынша кез келген әрекеттер қолданылған.
(іі) Алушы (немесе Жобаның кез келген бөлігінің іске асырылуы үшін жауап беретін кез келген өзге ұйым) Грант беру туралы келісімнің күніне өзі жұмыс істеген құқықтық нысанда жұмыс істеуін тоқтатқан.
(ііі) Дүниежүзілік Банктің пікірі бойынша, Алушының (немесе Жобаның кез келген бөлігінің іске асырылуы үшін жауап беретін кез келген өзге ұйымның) құқықтық сипаты, меншік нысаны немесе оны бақылау Грант беру туралы келісімнің күніне қолданыста болған ережемен салыстырғанда соншалықты өзгеріп, ол Алушының (немесе осындай өзге ұйымның) Грант беру туралы келісімнен туындайтын немесе соған сәйкес өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындау немесе Жобаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету қабілетіне айтарлықтай және қолайсыз әсерін тигізген.
(j) Белгіленген талаптарға сәйкес келмеу. (і) ХҚДБ немесе ХДҚ Алушының ХҚДБ немесе ХДҚ ұсынған қандай да бір қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлыққа, алдауға, астыртын сөз байласуға немесе мәжбүрлеуге жүгінгенін анықтауына байланысты, ХҚДБ немесе ХДҚ Алушының (Мүше мемлекет болып табылмайтын) ХҚДБ немесе ХДҚ ұсынатын қандай да бір қаржыландыру қаражатын алуға немесе ХҚДБ немесе ХДҚ толықтай немесе ішінара қаржыландыратын қандай да бір жобаны дайындауға немесе іске асыруға өзгеше түрде қатысуға құқығы жоқ деп жариялаған және/немесе (іі) өзге қаржыландырушы ұйым өзі осындай қаржыландырушы ұйым ұсынған қандай да бір қаржыландырудың қаражатын пайдалануға байланысты Алушының сыбайлас жемқорлыққа, алдауға, астыртын сөз байласуға немесе мәжбүрлеуге жүгінгенін анықтауы салдарынан Алушының осындай қаржыландырушы ұйым ұсынатын қандай да бір қаржыландырудың қаражатын алуға немесе осындай ұйым толықтай немесе ішінара қаржыландыратын қандай да бір жобаны дайындауға немесе іске асыруға өзгеше түрде қатысуға құқығы жоқ деп жариялаған.
(k) Қосымша жағдай. Грант беру туралы келісімде осы Бөлімнің мақсаттары үшін көзделген кез келген өзге жағдай («Тоқтата тұрудың қосымша жағдайы») орын алған.
4.03-бөлім. Дүниежүзілік Банктің күшін жоюы. Дүниежүзілік Банк Алушыны хабардар ете отырып, Алушының гранттың алынбаған сомасына қатысты қаражатты алу құқығын тоқтата алады және егер мұндай сомаға қатысты мынадай:
(a) Тоқтата тұру. Гранттың қандай да бір сомасына қатысты Алушының Грант шотынан қаражат алу құқығы үздіксіз отыз күн бойы тоқтатыла тұрған.
(b) Сомаға қажеттіліктің болмауы. Алушымен консультациялардан кейін Дүниежүзілік Банк Қолайлы шығыстарды қаржыландыру үшін гранттың қандай да бір сомасына қажеттілік жоқ деп шешім қабылдаған.
(с) Алдау және сыбайлас жемқорлық. Дүниежүзілік Банк кез келген уақыт сәтінде грант қаражатынан кез келген сомасына қатысты Алушының (немесе, егер Алушы Мүше мемлекет болып табылмаса, Мүше мемлекеттің немесе грант қаражатын кез келген өзге де алушының) өкілдері сыбайлас жемқорлыққа, алдауға, астыртын сөз байласуға немесе мәжбүрлеуге жүгінді және бұл ретте Алушы (немесе Мүше мемлекет немесе грант қаражатын өзге де алушы) мұндай әрекеттер пайда болған кезде олардың жолын кесу үшін Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын уақтылы және тиісті шараларды қолданбады деп белгілеген.
(d) Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу. Дүниежүзілік Банк қандай да бір уақыт сәтінде: (і) қаржыландырылуы грант қаражаты есебінен болжанатын кез келген келісімшарт бойынша сатып алулар Грант беру туралы келісімде жазылған немесе аталған рәсімдерге сәйкес келмейді деп белгілеген және (іі) осындай келісімшарт бойынша керісінше жағдайда грант қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолайлы болуы мүмкін шығыстар сомасын айқындаған.
(e) Грант шотының жабылу күні. Грант шотының жабылу күнінен кейін онда гранттың алынбаған сомасы қалған жағдайлардың бірі орын алса, мұндай соманың күшін жоя алады.
4.04-бөлім. Арнайы міндеттеменің нысанасы болып табылатын сомаларға күшін жою немесе тоқтата тұру қатысты болмайды. Дүниежүзілік Банк тарапынан ешқандай күшін жою немесе тоқтата тұру, тиісті Арнайы міндеттемеде бұл анық айтылған жағдайларды қоспағанда, кез келген Арнайы міндеттеменің нысанасы болып табылатын сомаларға қатысты қолданылмайды.
4.05-бөлім. Грантты өтеу
(а) Егер Дүниежүзілік Банк гранттың қандай да бір сомасы Грант беру туралы келісімнің немесе осы Стандартты шарттардың ережелеріне сәйкес келмейтіндей түрде пайдаланылғанын анықтаса, Алушы Дүниежүзілік Банктен хабарлама алынғаннан кейін мұндай соманы Дүниежүзілік Банкке дереу өтейді. Мұндай құқыққа сыйымсыз пайдалану, шектеусіз, мыналарды:
(і) мұндай соманы Қолайлы шығыстар болып табылмайтын шығысты төлеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды; не
(ii) (A) мұндай соманы пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлықты, алдауды, астыртын сөз байласуды немесе мәжбүрлеуді қолдануды немесе (В) мұндай соманы өзі бойынша сатып алу барысында немесе өзін орындау кезінде Алушының (немесе егер Алушы Мүше мемлекет болып табылмаса, Мүше мемлекеттің немесе гранттың мұндай сомасын өзге де алушының) өкілдері осындай практикаға жүгінген және бұл ретте осы жағдайлардың кез келгенінде Алушы (немесе Мүше мемлекет немесе өзге де осындай Алушы) мұндай практиканың пайдаланылуы кезінде оның жолын кесу үшін Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын уақтылы және тиісті шаралар қабылдамаған келісімшартты қаржыландыру үшін пайдалануды қамтиды.
(b) Дүниежүзілік Банк өзге шешім қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, Дүниежүзілік Банк осы Бөлімге сәйкес өтелген бүкіл соманың күшін жояды.
4.06-бөлім. Күшін жойғаннан, тоқтатыла тұрғаннан немесе өтеуден кейін ережелердің жарамдылығы. Осы Бапқа сәйкес кез келген күшін жоюға, тоқтата тұруға немесе өтеуге қарамастан, Грант беру туралы келісімнің барлық ережелері, осы Стандартты шарттарда арнайы айтылған жағдайларды қоспағанда, толық күшін және қолданылуын сақтайды.
V БАП
Орындауды қамтамасыз ету; төрелік
5.01-бөлім. Орындауды қамтамасыз ету. Алушының және Дүниежүзілік Банктің Грант беру туралы келісім шеңберіндегі құқықтары мен міндеттемелері жарамды болып табылады және кез келген мемлекеттің немесе оның кез келген саяси бөлімшесінің заңнамасындағы қандай да бір өзге ережелерге қарамастан, олардың шарттарына сәйкес мәжбүрлеп жүзеге асырылуға жатады. Алушының да, Дүниежүзілік Банктің де осы Бапта көзделген қандай да бір рәсім шеңберінде осы Стандартты шарттардың немесе Грант беру туралы келісімнің қандай да бір ережесі жарамсыз немесе жағдайға қарай ХҚДБ немесе ХДҚ келісімі Баптарының қандай да бір ережесіне орай мәжбүрлеп жүзеге асыруға жатпайды деп тұжырымдауға құқығы жоқ.
5.02-бөлім. Құқықтарды жүзеге асырмау. Міндеттемелерді кез келген орындамау нәтижесінде Грант беру туралы келісім бойынша қандай да бір тарапта туындайтын қандай да бір құқықты, өкілеттікті немесе қорғау құралын жүзеге асырудағы ешқандай кідіріс немесе олардың жүзеге асырылмауы осы құқықтардың, өкілеттіктердің немесе қорғау құралдарының қандай да бірін кемітпейді және олардан бас тарту немесе міндеттемелерді мұндай орындамаумен үнсіз келісу болып есептелмеуге тиіс. Мұндай тараптың кез келген орындамауға қатысты ешқандай әрекеті немесе оның міндеттемелерді кез келген орындамаумен кез келген үнсіз келісуі мұндай тараптың міндеттемелерді кез келген өзге немесе кейінгі орындамауға қатысты қандай да бір құқықтарын, өкілеттіктерін немесе қорғау құралдарын қозғамайды және кемітпейді.
5.03-бөлім. Төрелік. Грант беру туралы келісімге байланысты туындаған және тараптар арасындағы уағдаластық бойынша реттелмеген, Грант беру туралы келісім бойынша тараптар арасындағы кез келген дау және осы тараптардың кез келгенінің екінші тарапқа қатысты кез келген талабы бұдан әрі жазылған ережелерге сәйкес төрелік органға («Төрелік орган») қарауға беріледі.
(a) Мұндай төрелік талқылауға қатысушылар бір тараптан Дүниежүзілік Банк, екінші тараптан Алушы болып табылады.
(b) Төрелік орган мынадай түрде тағайындалатын үш төрешіден тұрады: (і) бір төрешіні Дүниежүзілік Банк тағайындайды; (іі) екінші төрешіні Алушы тағайындайды; (ііі) үшінші төрешіні («Супертөреші») тараптар арасындағы уағдаластық бойынша тағайындалады немесе егер уағдаластыққа қол жеткізілмесе, Халықаралық соттың Төрағасы немесе егер жоғарыда аталған Төрағаның тағайындауы болмаса, БҰҰ Бас хатшысы тағайындайды. Егер тараптардың кез келгені төрешіні тағайындамаса, мұндай төрешіні Супертөреші тағайындайды. Осы Бөлімге сәйкес тағайындалған қандай да бір төреші отставкаға кеткен, қайтыс болған немесе әрекетке қабілетсіз болған жағдайда бастапқы төрешіні тағайындау үшін осы Бөлімде көзделгендей түрде мирасқор төреші тағайындалады және мұндай мирасқор мұндай бастапқы тағайындалған төрешінің барлық өкілеттіктері мен міндеттерін иеленеді.
(с) Төрелік талқылау рәсіміне осы Бөлімге сәйкес мұндай рәсімге бастамашылық жасаған тараптың екінші тарапқа хабарлама жіберуі арқылы бастамашылық жасалуы мүмкін. Мұндай хабарламада төреліктің қарауына берілетін даудың немесе талаптың сипаты, талап етілетін қанағаттандырудың сипаты, сондай-ақ төрелік талқылауға бастамашылық жасаған тарап тағайындаған төрешінің тегі жазылатын өтініш қамтылуға тиіс. Мұндай хабарламадан кейін отыз күн ішінде екінші тарап төрелік талқылауға бастамашылық жасаған тарапқа мұндай екінші тарап тағайындаған төрешінің тегін хабарлауға тиіс.
(d) Егер төрелік талқылауға бастамашылық жасаған хабарламадан кейін алпыс күн ішінде тараптар Супертөрешінің кандидатурасы туралы уағдаласпаса, тараптардың кез келгені Супертөрешінің осы Бөлімнің (b) тармағына сәйкес тағайындалуын талап ете алады.
(e) Төрелік органды шақыру уақыты мен орнын Супертөреші айқындайды. Бұдан кейін Төрелік орган өзінің отырыстарын қашан және қайда өткізетінін айқындайды.
(f) Төрелік орган өзінің құзыретіне қатысты барлық мәселелерді шешеді және осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес және тараптар арасында өзге де уағдаластық бар болған жағдайларды қоспағанда, өзінің регламентін айқындайды. Төрелік органның барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
(g) Төрелік орган тараптарға әділ талқылау мүмкіндігін береді және өзінің шешімін жазбаша түрде шығарады. Мұндай шешім келмеген тарап болмағанда шығарылуы мүмкін. Төрелік орган мүшелерінің көпшілігі қол қойған шешім Төрелік органның шешімін білдіреді. Шешімнің қол қойылған данасы әрбір тарапқа беріледі. Осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес шығарылған кез келген мұндай шешім түпкілікті және Грант беру туралы келісім бойынша тараптар үшін міндетті болып табылады. Осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес әрбір тарап Төрелік орган шығарған кез келген мұндай шешімді сақтауға және орындауға тиіс.
(h) Тараптар төрешілердің және төрелік талқылауды жүргізу үшін тарту қажет болатын өзге де адамдардың сыйақы сомасын айқындайды. Егер тараптар мұндай сома туралы Төрелік орган шақырылғанға дейін уағдаласпаса, Төрелік орган мұндай соманы бар міндеттемелерді негізге ала отырып, ақылға қонымды шекте белгілейді. Әрбір тарап төрелік талқылау бойынша өздерінің шығыстарын көтереді. Төрелік органның шығындары тараптар арасында тең бөлінеді және олар төлейді. Төрелік органның шығындарын бөлуге немесе мұндай шығыстарды төлеу рәсіміне қатысты кез келген мәселені Төрелік орган шешеді.
(і) Осы Бөлімде жазылған Төрелік туралы ережелер Грант беру туралы келісім бойынша тараптар арасындағы дауларды шешудің немесе бір тараптың екінші тарапқа қарсы Грант беру туралы келісімге байланысты туындайтын кез келген талабын реттеудің кез келген басқа рәсімін алмастырады.
(j) Егер төрелік шешімнің даналары тараптарға жеткізілгеннен кейін отыз күн ішінде шешім орындалмаған болса, кез келген тарап: (і) сот шешімін ала алады немесе құзыретті юрисдикциядағы кез келген сотта төрелік шешімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін кез келген екінші тарапқа қарсы тиісті рәсімге бастамашылық жасай алады; (іі) мұндай сот шешімінің орындалуын атқарушылық іс жүргізу негізінде қамтамасыз ете алады; немесе (ііі) төрелік шешімнің және Грант беру туралы келісім ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін осындай екінші тарапқа қарсы кез келген басқа да тиісті қорғау құралын пайдалана алады. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер Алушы Мүше мемлекет болып табылса, осы Бөлім сот шешімін алуға немесе мұндай рәсімге осы Бөлімнің ережелеріне қарағанда өзгеше негіздер бойынша рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, Алушыға қарсы төрелік шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге құқықтар бермейді.
(k) Осы Бөлімге сәйкес кез келген рәсімге байланысты немесе осы Бөлімге сәйкес шығарылған төрелік шешімнің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі кез келген рәсімге байланысты қандай да бір хабарламаны не құжатты тапсыру 7.01-бөлімде көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін. Грант беру туралы келісім бойынша тараптар кез келген осындай хабарламаны немесе құжатты тапсыруға қатысты кез келген және барлық өзге де талаптардан бас тартады.
VI БАП
Күшіне енуі; қолданылуын тоқтатуы
6.01-бөлім. Күшіне енуі. Егер Грант беру туралы келісімде өзгеше көзделмесе, Грант беру туралы келісім оны Грант беру туралы келісім бойынша барлық тараптар ресімдеген күннен бастап күшіне енеді.
6.02-бөлім. Қолданылуын тоқтатуы. Грант беру туралы келісімнің және ол бойынша тараптардың барлық міндеттемелерінің қолданылуы барлық мұндай міндеттемелер толық орындалғаннан кейін дереу тоқтатылады.
VII БАП
Басқа да ережелер
7.01-бөлім. Хабарламалар мен талаптар. Грант беру туралы келісімге сәйкес кез келген хабарлама (талап) жазбаша түрде ресімделуге тиіс. Мұндай хабарлама (талап) курьер немесе пошта, телекс немесе факсимильді байланыс (немесе егер Грант беру туралы келісімде рұқсат етілсе, өзге де электрондық құралдар) арқылы мұндай хабарлама (немесе талап) жіберілетін тарапқа («Адресат») мұндай тараптың Грант беру туралы келісімде осы мақсаттар үшін көрсетілген мекенжайы бойынша (немесе Адресат мұндай хабарламаны беруші немесе мұндай талапты мәлімдеуші. тарапты хабардар ететін өзге мекенжай («Мекенжай») бойынша) жеткізілгенде, тиісті түрде берілді (мәлімделді) деп есептеледі. Факсимильді байланыс арқылы жүзеге асырылған жеткізу пошта арқылы да расталуға тиіс.
7.02-бөлім. Алушы атынан жасалатын әрекеттер. Грант беру туралы келісімде Алушы осы Бөлімнің мақсаттары үшін көрсеткен өкіл (немесе осы мақсаттарда осындай өкіл жазбаша түрде уәкілеттік берген кез келген адам) («Алушының Өкілі») Грант беру туралы келісімге сәйкес талап етілетін немесе жүзеге асыруға және Грант беру туралы келісімге сәйкес талап етілетін және Алушы атынан ресімдеуге рұқсат етілетін кез келген құжаттарды ресімдеуге рұқсат етілетін кез келген әрекеттерді жүзеге асыра алады.
7.03-бөлім. Өкілеттіктерді растау. Алушы Дүниежүзілік Банкке: (а) Алушы Өкілінің өкілеттіктерін жеткілікті растауды; сондай-ақ (b) мұндай өкіл қолтаңбасының куәландырылған үлгісін ұсынады.
7.04-бөлім. Бірнеше данада ресімдеу. Грант беру туралы келісім бірнеше данада ресімделуі мүмкін, олардың әрқайсысы түпнұсқа болып табылады.
7.05-бөлім. Ақпаратты ашу. Дүниежүзілік Банк Грант беру туралы келісімді және Грант беру туралы келісімге қатысты кез келген ақпаратты осындай ашу кезінде қолданыста болатын өзінің ақпаратты ашу саясатына сәйкес жариялай алады.
ҚОСЫМША
Анықтамалар
1. «Тоқтата тұрудың қосымша жағдайы» - Грант беру туралы келісімде айтылған, 4.02 (k) бөлімінің мақсаттары үшін кез келген тоқтата тұру жағдайы.
2. «Мекенжай» - 7.01-бөлімде аталған, Грант беру туралы келісімге сәйкес хабарламалар мен талаптар жіберілуге тиіс Адресаттың мекенжайы.
3. «Адресат» - 7.01-бөлімнің мақсаттары үшін хабарламалар мен талаптар жіберілуге тиіс тарап.
4. «Өтінім» - 3.04-бөлімге сәйкес Грант шотынан гранттың қандай да бір сомасын алуға Алушы беретін өтінім немесе Дүниежүзілік Банкке гранттың қандай да бір сомасына қатысты Арнайы міндеттеме қабылдау туралы өтініш.
5. «Төрелік орган» - 5.03-бөлімге сәйкес құрылған төрелік орган.
6. «Грант шотының жабылу күні» - Грант беру туралы келісімде айқындалған күн (немесе Дүниежүзілік Банк бұл туралы Алушыны хабардар ете отырып неғұрлым кешірек белгілейтін күн), одан кейін Дүниежүзілік Банк Алушыға тиісті хабарлама жібере отырып, Алушының Грант шотынан қаражат aлу құқығын тоқтата алады.
7. «Жобаның аяқталуы туралы есеп» - 2.06 (b) (іі) бөліміне сәйкес дайындалуға және Дүниежүзілік Банкке ұсынылуға тиіс әрбір есеп.
8. «Бөлінген шот» - 3.05-бөлімде аталған, Жобаның мақсаттарына арналған алдағы төлемдер үшін Грант шотынан алынған сомаларды Банк депозитке қоя алатын әрбір шот.
9. «Доллар», «$» және «USD» - бұл терминдердің әрқайсысы Америка Құрама Штаттарының заңды валютасын білдіреді.
10. «Қолайлы шығыс» - төленуі 3.06-бөлімнің талаптарына сай келетін және тиісінше грант қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолайлы болып табылатын шығыс.
11. «Қаржылық есептілік» - 2.07-бөлімге сәйкес Жобаға қатысты жүргізілуге тиіс қаржылық есептілік.
12. «Грант» - Грант беру туралы келісімде көзделген грант.
13. «Грант шоты» - Дүниежүзілік Банк өзінің есепке алу кітаптарында Алушының атына ашқан, 3.01 (a) бөліміне сәйкес грант сомасы есепке жазылатын шот.
14. «Грант беру туралы келісім» - мерзімділікпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілу мүмкіндігі ескеріле отырып, грант беруді көздейтін, Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы грант беру туралы келісім.
«Грант беру туралы келісім» Грант беру туралы келісімге қатысты осы Стандартты шарттарды, сондай-ақ Грант беру туралы келісімге барлық қосымшаларды, толықтырулар мен қосымша келісімдерді қамтиды.
15. ХҚДБ Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкін білдіреді.
16. ХДҚ Халықаралық даму қауымдастығын білдіреді.
17. «Мүше мемлекет» - аумағында Жоба жүзеге асырылатын Дүниежүзілік Банктің мүшесі немесе осындай мүшенің кез келген саяси немесе әкімшілік бөлімшелері. Егер грантты Дүниежүзілік Банк Грант беру туралы келісім бойынша тарап ретінде осындай мүшеге берсе, «Мүше мемлекет» және «Алушы» терминдері бір тұлғаға жатады.
18. «Жоба» - іске асырылуы үшін грант берілетін және сипаттамасы осындай жобаның сипаттамасында Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы уағдаластық бойынша мерзімділікпен енгізілетін ықтимал өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, Грант беру туралы келісімде келтірілетін жоба.
19. «Жоба бойынша есеп» - 2.06 (b) (і) бөлімінің мақсаттары үшін дайындалуға және Дүниежүзілік Банкке ұсынылуға тиіс Жоба бойынша әрбір есеп.
20. «Алушы» - грант берілетін, Грант беру туралы келісім бойынша тарап.
21. «Алушының Өкілі» - 7.02-бөлімде аталған, Алушы Грант беру туралы келісімде көрсеткен немесе көрсетілген Бөлімнің мақсаттары үшін осындай өкіл жазбаша түрде уәкілеттік берген өкіл.
22. «Арнайы міндеттеме» - 3.03-бөлімге сәйкес Дүниежүзілік Банк қабылдаған немесе оның қабылдауына жататын кез келген арнайы міндеттеме.
23. «Растаулар» - 3.04 (b) бөліміне сәйкес Өтінімге байланысты Дүниежүзілік Банкке ұсынылатын растаулар мен құжаттар.
24. «Салықтар» - Грант беру туралы келісімнің күнінде қолданыста болатын және осы күннен кейін енгізілетін кез келген сипаттағы салықтар, алымдар, комиссиялар мен баждар.
25. «Супертөреші» - 5.03 (b) бөліміне сәйкес тағайындалатын үшінші төреші.
26. «Дүниежүзілік Банк»: (а) егер грантты ХҚДБ берсе немесе оған әкімшілік етсе, ХҚДБ-ны; (b) егер грантты ХДҚ берсе немесе оған әкімшілік етсе, ХДҚ-ны; (с) егер грантты ХҚДБ мен ХДҚ бірлесіп берсе немесе оған әкімшілік етсе, бірлескен ХҚДБ мен ХДҚ-ны білдіреді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.