2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 маусымдағы № 3-VІ ҚРЗ

      2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының
аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол
учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша
тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу
тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Хаттама

(2016 жылғы 28 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 5, 81-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      2009 жылғы 21 мамырдағы Хаттамамен өзгерген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
      2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімнің 24-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 12 және 14-баптары алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2012 жылы 19 қыркүйекте Павлодар қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                    Үкімет үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады