Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ.

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17- 18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат):

      1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, төлем ұйымын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";

      2) 282-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тәртiбi мен тәсiлдерi Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат):

      1) 740-бапта:

      1, 3, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.

      Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.

      Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.";

      "3. Клиенттің банктік шоттардағы ақшасына тыйым салу туралы актілерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.";

      "5. Клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімі және (немесе) өкімі тыйым салу туралы акт негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.

      6. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие тұлғалардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін орындауға қабылдағаннан кейін берген актілері осындай шешімнің және (немесе) өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады.

      7. Осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына салынған тыйымдар бірінші кезекте орындалады.

      Бұл ретте банк бұрын қабылдаған тыйым салу туралы актілерді, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін орындау талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады.

      Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына біреуден көп тыйым салынған кезде бұлар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады.

      Тыйым салу туралы өзге де актілер, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бір кезекке және (немесе) одан жоғары тұрған кезекке жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.";

      2) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

      Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

      Клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшасына, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      3) 747-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екінші тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi тұлғаларға тиiстi ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттiң өкiмдерiн орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.

      Банктік шот шартында айқындалған талаптар басталғанға дейін немесе оларды орындағанға дейін ағымдағы немесе жинақ шот иесінің шығыс операцияларын жасау құқығынсыз осы ағымдағы немесе жинақ шоттағы ақшаны депонирлеу (бұғаттау) талабымен үшінші тұлғаның атына банктік шот шарты бойынша ағымдағы немесе жинақ шот ашуға жол беріледі.

      Банктік шот ашқан кезде клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға клиенттiң банктегi ақшасын есепке алу мақсаты үшін тараптар келiскен шарттармен клиенттiң жеке сәйкестендіру коды берiледi. Клиенттiң жеке сәйкестендіру кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасының есебін жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.";

      4) 760-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банк салымы шартында көзделген сыйақы мөлшерін ұлғайту немесе салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, банк салымдар бойынша сыйақы мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқылы емес.".

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат):

      97-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.".

      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20- VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:

      1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

      заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

      қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

      аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.

      Осы тармақта көзделген талаптар:

      1) мемлекеттік мекемелерге;

      2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

      3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

      4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

      5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

      6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

      8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

      9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

      1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.";

      2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізуге міндетті.

      Осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі.

      Дерекқорды жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтерді және орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды;";

      3) 77-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.";

      4-тармақтың 7) тармақшасындағы "қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы." деген сөздер "қызметтері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.";

      4-1-тармақтың 4) тармақшасындағы "алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы." деген сөздер "алу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.";

      4) 456-бапта:

      кестенің 6.4.1, 6.4.2 және 6.4.3-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

"6.4.1.

гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары үшін:


шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

25

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

250

6.4.2.

электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары үшін:


шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

50

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

500

6.4.3.

М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары үшін:


шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

240

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін

350

шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары

2500


      ";

      5) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататындар;";

      6) 581-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.";

      3) тармақшаның екінші бөлігіндегі, 3-1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктеріндегі "құжатының акцептінен" деген сөздер "құжатын орындаудан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 609-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;";

      8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.";

      9) 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Кодекстің 14-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарында көзделген талаптардың орындалуы;".

      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):

      165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.".

      6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 37-1) тармақпен толықтырылсын:

      "37-1) шетелдік көздерден алынған қаражат - шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар ұсынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;";

      2) 174-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –";

      3) 179-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –";

      4) 180-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –";

      5) 256-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –";

      6) 272-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру –".

      7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22- VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат):

      1) мазмұнында 185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi";

      2) 161-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлікке, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылармен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өзге де заттарға тыйым салуға болмайды.";

      3) 180-бапта:

      бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.";

      4) 185-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi

      1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.

      Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың санкциясымен арызды, хабардынемесе рапортты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.".

      8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1,2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9,46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар):

      1) мазмұнында:

      220-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу";

      мынадай мазмұндағы 460-1 және 460-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу

      460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы";

      2) 220-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу";

      бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды уақтылы орындамауы немесе "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, оны орындаудан уақтылы бас тартпау –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "7. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 460-1 және 460-2-баптармен толықтырылсын:

      "460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу

      1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру –

      қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы

      1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 684-баптың бірінші бөлігі "456-1," деген цифрлардан кейін "460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 694-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      6) 695-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464 (бiрiншi бөлiгiнде) және 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      7) 720-баптың бірінші бөлігі "288," деген цифрлардан кейін "460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы "398," деген цифрлардан кейін "460-1 (екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 895-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан ақшаны оның келiсiмінсiз алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.".

      9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат):

      138-баптың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының вексель және валюта заңнамасының сақталуына;".

      10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй төлемдеріне, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшаға, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне тыйым салуға жол берілмейді.".

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;";

      2) 15-баптың екінші бөлігінде:

      21), 22), 23), 30), 40) және 41) тармақшалар алып тасталсын;

      44) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк" деген сөздер "клиенттердің банктік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) тармақша алып тасталсын;

      47) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;";

      "52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;";

      мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8) және 52-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;

      52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      52-4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;

      52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;

      52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;

      52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;

      52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;

      52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;";

      3) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:";

      4) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi, көрсетілетін төлем қызметтері нарығына мемлекеттік бақылауды және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырудағы өкілеттiктерi "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.";

      5) 61-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "ақша төлемдері мен аударымдары" деген сөздер "төлемдер және төлем жүйелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 62-5-баптың 17) тармақшасындағы "бекіту жолымен жүзеге асырады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18, 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;

      19) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;

      20) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу жолымен жүзеге асырады.".

      12. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат):

      1) 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдарды;";

      2) 30-баптың 6-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий аталған заңды тұлғаларда осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асырады.";

      3) 36-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.";

      4) 50-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.

      Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

      2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.";

      5, 7-1 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.

      Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.";

      "7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның сұратуды алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.

      Анықтама сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.

      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в) және г) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.";

      "11. Мемлекеттік кіріс органдарының сұратуларын қоспағанда, осы баптың 6 және 7-тармақтарында тізбеленген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қағаз жеткізгіштегі сұратулары, қаулылары мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландыруға жатады.

      Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың сұратуларының, қаулыларының көшірмелері ұсынылған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде "Көшірмесі дұрыс" деген белгі қойылады. "Көшірмесі дұрыс" деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландырған күні көрсетіліп, оның қолымен және мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылады.";

      мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

      "12. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып қою және (немесе) талап етіп алдыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес сот санкциялаған алу ісін жүргізу туралы қаулылар негізінде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалған тәртіппен соттың ұйғарымы негізінде жүргізіледі.

      13. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.";

      5) 51-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.

      Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай- ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді. Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасынан және мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдарымен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиiс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде, тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.

      Бұл ретте сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.

      Жеке және заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары құжаттарды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді.

      Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.

      Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операциялар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.

      Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге бірiншi басшы қол қоюға және ол мемлекеттік кіріс органдарының мөрiмен куәландырылуға тиіс.

      Электрондық нысанда жіберілетін өкім мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарына сәйкес прокурордың келісімі болмаған жағдайда, банктер банктегі мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актілерді орындаудан бас тартады.

      Тыйым салынатын сома болмаған және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген келісімдер не санкциялар болмаған жағдайда, банктер тыйым салу туралы актілерді орындаудан бас тартады.".

      13. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):

      101-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдіктері

      Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.

      Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.".

      14. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13- 14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      85-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Нотариус депозиті шарттарында жеке және заңды тұлғалардың ақшасы орналастырылатын банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.".

      15. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

      18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Кредиттік серіктестік "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.".

      16. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21- 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрығы негізінде біржақты мәмілені тіркеген жағдайда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен мәмілелері тіркелген жағдайда, тіркеуші оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.";

      2) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (мұндай болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлі тоқтатылған жағдайда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (номиналды ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.";

      3) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе номиналды ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (номиналды ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.".

      17. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19- II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19- I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат):

      29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      18. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) резидент заңды тұлғалар мен өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленген сома шегiндегі ұлттық валютадағы төлемдер;".

      19. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):

      15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қоғам "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.".

      20. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      1) 1-баптың 12-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) төлем ұйымдары;";

      16) тармақшадағы "тұлғалар;" деген сөз "тұлғалар жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.";

      3) 5-бапта:

      3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық ақшаны иеленуші сәйкестендірілмеген жеке тұлғалар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.

      Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:

      1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

      2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;

      3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.

      Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.".

      4) 10-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)6), 8)16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;";

      5) 11-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар белгіленетін, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      6) 16-баптың 13-1) және 13-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13 – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;

      13-2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;".

      21. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) борышкер атқарушылық құжатты iшiнара орындағанда, сот орындаушысы бұл жөнінде атқарушылық құжатқа белгі қояды;";

      2) 58-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердiң мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердiң мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотынан ақша өндіріп алуға жол берілмейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақшаны өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен белгіленетін валютаның нарықтық айырбастау бағамы қолданыла отырып, шетелдік валютадағы басқа банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау оның толық орындалуына не клиенттің таратылуына немесе клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына байланысты банктің банктік шотты жабуына дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Атқарушылық құжат ішінара орындалған кезде сот орындаушысы атқарушылық құжатқа төленген сома туралы белгі қояды.";

      3) 62-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Борышкердің банктік шоттарының бар екендігі туралы ақпарат болған кезде банктік шоттардағы ақшаға (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны қоспағанда) және борышкердің банктегі басқа да мүлкіне тыйым салуды сот орындаушысы сот санкциясымен ғана қолданады.";

      4) 95-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.

      Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.";

      5) 97-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "97-бап. әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыға өндіріп алуды қолдану

      Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде төленетiн әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыларға, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыларға өндiрiп алуды қолдану төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сот шешiмi бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.";

      6) 98-баптың 17) тармақшасындағы "активтерінен өндіріп алуға болмайды." деген сөздер "активтерінен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) тұрғын үй төлемдерінен;

      19) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан;

      20) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.".

      22. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж. № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы "келтіру болып табылады." деген сөздер "келтіру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) егер жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер мен демонстрациялардың, сондай-ақ оларға қатысуға шақырудың мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни төзімсіздікті, тектiк-топтық астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса не оларды өткізу қоғамдық тәртіпке және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған (келіп түскен) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрация- лар ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ оларға қатысуға шақыруға пайдалану болып табылады.".

      23. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22- II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат):

      2-қосымша мынадай мазмұндағы 84-1-жолмен толықтырылсын:

      "

84-1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу

Төлем ұйымының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуына рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама



      ".

      24. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат):

      1) 1-бапта:

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 220-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың 6) тармақшасында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "екінші бөліктің 1), 10), 11), 12), 26), 27), 44), 49), 50), 54), 62), 63), 65), 66), 68), 69), 77) және 85) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:";

      жетінші және оныншы абзацтар алып тасталсын;

      12-тармақтың 17) тармақшасының алтыншы абзацындағы "Төлемдік талап-тапсырма", "төлемдік талап-тапсырманы" деген сөздер тиісінше "Төлем талабын", "төлем талабын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):

      1-баптың 3-тармағы 14) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) 284-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:".

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2016 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 25-тармағын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларын;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 5) және 9) тармақшаларын, 6-тармағын, 8-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын және 22-тармағын;

      4) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағын және 20-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 21-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


      Астана, Ақорда, 2016 жылғы 26 шілде

      № 12-VІ ҚРЗ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады