Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс
қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшiлердің
отбасыларына арналған жеңiлдiктер мен кепiлдiктердi өзара тану
туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтерітөмендегілер туралы келісті:
1-бап
1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшiлердің отбасыларына арналған жеңiлдiктер мен кепiлдiктердi өзара тану туралы келiсiмге (бұдан әрі – Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1.2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген адамдар санаттары, олардың азаматтығына қарамастан, осы Келісімге қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес өздері тұрақты тұрып жатқан аумақта жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдаланады.
Бұл ретте жеңілдіктер мен кепілдіктер осы Келісімге 2-қосымшада көзделген Жеңілдіктер мен кепілдіктер тізбесін негізге ала отырып, заттай түрде немесе Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақшалай төлемдер түрінде беріледі.".
2.3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатын немесе уақытша тұратын адамдар санаттары үшін мынадай жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі:
1. Ауырған, жазатайым оқиғалар болған, жарақат алған, уланған кезде және пациенттің өміріне қатер төндіретін басқа да жағдайларда болатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда (мекемелерде) жедел медициналық көмекті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің шығындарды өзара өтеуінсіз тегін алу.
2. Уақытша болатын немесе уақытша тұратын мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының, байланыс мекемелерінің, мәдени-ағарту мекемелерінің кезектен тыс қызмет көрсетуі.".
3. 5-баптағы "олардың ұлттық" деген сөздер және "осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 8-баптың екінші бөлігіндегі "Тараптардың ұлттық заңнамасына" деген сөздер "Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына" деген сөздермен, "осы Тарап мемлекетінің" деген сөздер "осы Келісімге қатысушы аталған мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 10-баптың бірінші сөйлеміндегі "Тараптардың ұлттық" деген сөздер "осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің" деген сөздермен, "олардың" деген сөз "тараптардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
6. Келісімге 1-қосымшаның атауы "санаттары" деген сөзден кейін "және бұрынғы КСР Одағы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесі" деген сөздермен толықтырылсын.
7. Келісімге 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"1.6. 1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Белорусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарындағы заңсыз құралымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдар.".
8. Келісімге 1-қосымшаның 2-тармағының 2.2-тармақшасындағы "Бұрынғы КСР Одағын" деген сөздер "Осы қосымшаның 7-тармағында көрсетілген Тізбеге сәйкес, бұрынғы КСР Одағын" деген сөздермен ауыстырылып, жолма-жол ескертпе алып тасталсын.
9. Келісімге 1-қосымша мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Бұрынғы КСР Одағы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесі
7.1. Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпан – 1922 жылғы қазан аралығы.
Совет-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз – қазан.
Испаниядағы ұрыс қимылдары: 1936 – 1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қараша – 1940 жылғы 13 наурыз аралығы.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 (11) мамыр аралығы.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыз – 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығы.
Басмашыларды жою жөніндегі ұрыс операциялары: 1922 жылғы қазан – 1931 жылғы маусым аралығы.
Хасан көлі ауданындағы ұрыс қимылдары: 1938 жылғы 29 шілде – 11 тамыз аралығы.
Халхин-Гол өзеніндегі ұрыс қимылдары: 1939 жылғы 11 мамыр – 16 қыркүйек аралығы.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қайта қосылған кездегі ұрыс қимылдары: 1939 жылғы 17 – 28 қыркүйек аралығы.
Қытайдағы ұрыс қимылдары:
1924 жылғы тамыз – 1927 жылғы шілде аралығы;
1929 жылғы қазан – қараша;
1937 жылғы шілде – 1944 жылғы қыркүйек аралығы;
1945 жылғы шілде – қыркүйек;
1946 жылғы наурыз – 1949 жылғы сәуір аралығы;
1950 жылғы наурыз – мамыр (ӘШҚ әскерлері тобының жеке құрамы үшін);
1950 жылғы маусым – 1953 жылғы шілде аралығы (Қытай аумағынан Солтүстік Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери бөлімшелердің жеке құрамы үшін).
Венгриядағы ұрыс қимылдары: 1956 жыл.
Даманск аралы ауданындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл көлі ауданындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
7.2. Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыз – 16 қазан аралығы.
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйек – 1944 жылғы 27 қаңтар аралығы.
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қараша – 1942 жылғы 4 шілде аралығы.
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілде – 19 қараша аралығы.
7.3. Алжирдегі ұрыс қимылдары: 1962 – 1964 жылдар.
Египеттегі (Біріккен Араб Республикасы) ұрыс қимылдары:
1962 жылғы қазан – 1963 жылғы наурыз аралығы;
1967 жылғы маусым;
1968 жыл;
1969 жылғы наурыз – 1972 жылғы шілде аралығы;
1973 жылғы қазан – 1974 жылғы наурыз аралығы;
1974 жылғы маусым – 1975 жылғы ақпан аралығы (Суэц каналы аймағын минадан тазартуға қатысқан Қара теңіз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшін).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс қимылдары:
1962 жылғы қазан – 1963 жылғы наурыз аралығы;
1967 жылғы қараша – 1969 жылғы желтоқсан аралығы.
Вьетнамдағы ұрыс қимылдары: 1961 жылғы қаңтар – 1974 жылғы желтоқсан аралығы, оның ішінде Оңтүстік Қытай теңізінде жауынгерлік қызмет міндеттерін шешкен Тынық мұхиты флотының барлау корабльдерінің жеке құрамы үшін.
Сириядағы ұрыс қимылдары:
1967 жылғы маусым;
1970 жылғы наурыз – шілде;
1972 жылғы қыркүйек – қараша;
1973 жылғы қазан.
Анголадағы ұрыс қимылдары: 1975 жылғы қараша – 1991 жылғы 31 желтоқсан аралығы.
Мозамбиктегі ұрыс қимылдары:
1967 – 1969 жылдар;
1975 жылғы қараша – 1979 жылғы қараша аралығы;
1984 жылғы наурыз – 1988 жылғы тамыз аралығы.
Эфиопиядағы ұрыс қимылдары: 1977 жылғы желтоқсан – 1990 жылғы қараша аралығы.
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары: 1978 жылғы сәуір – 1989 жылғы 15 ақпан аралығы.
Камбоджадағы ұрыс қимылдары: 1970 жылғы сәуір – желтоқсан.
Бангладештегі ұрыс қимылдары: 1972 – 1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңіз Флоты корабльдері мен қосалқы кемелерінің жеке құрамы үшін).
Лаостағы ұрыс қимылдары:
1960 жылғы қаңтар – 1963 жылғы желтоқсан аралығы;
1964 жылғы тамыз – 1968 жылғы қараша аралығы;
1969 жылғы қараша – 1970 жылғы желтоқсан аралығы.
Сирия мен Ливандағы ұрыс қимылдары: 1982 жылғы маусым.".
10. Келісімге 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшiлердің отбасыларына арналған жеңiлдiктер мен кепiлдiктердi өзара тану туралы келiсiмге 1-қосымшада көрсетілген адамдар санаттары үшін бұрынғы КСР Одағының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктердің (жол жүру бойынша жеңілдіктерді қоспағанда) тізбесі".
2-бап
Осы Хаттама депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткеннен соң күшіне енеді.Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Келісімге қатысушы мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беруі арқылы қосылуына ашық.Қосылатын мемлекет үшін Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2015 жылғы 30 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының | Ресей Федерациясының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Армения Республикасының | Тәжікстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Беларусь Республикасының | Түрікменстан |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының | Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының | Украина |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының | |
| Үкіметі үшін |