Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 29-VІ ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат, № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
      екінші абзац алып тасталсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "денсаулық сақтау ұйымдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;";
      бесінші абзац алып тасталсын;
      2) 55-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;";
      3) 56-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;".
      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар):
      7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 122-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "122-1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
      3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
      1) 6-бапта:
      3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;";
      4-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;";
      2) 43-баптың 3-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;";
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушыларына, тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;";
      3) 48-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.".
      4. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
      1) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналары:
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 5 пайызы;
      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы;
      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
      2) 27-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;";
      3) 28-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2017 жылғы 1 шілдеден бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;";
      4) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5, 6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.".
      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
      1) 1-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"3-бап. Осы Заң:

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8), 10), 22) тармақшаларын, 10, 12, 14, 18-тармақтарын;
      2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 5), 6) тармақшаларын, 4-тармағын, 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын, 24) тармақшасын, 6, 8, 13, 16-тармақтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын, 5-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын, 6), 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 7, 15-тармақтарын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
      6. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат):
      60-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-баптың 6-тармағын;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;".

2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н.Назарбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады