Баспасөз релизі
2016 жылғы 28 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Бұл Заң бәсекелестік саласындағы заңнаманы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес келтіруге бағытталған, сонымен қатар онда тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын көздейді.
Заңда монополияға қарсы орган жұмысының міндеттері, мәртебесі және тәртібі, құқық қорғау органдарымен және басқа елдердің монополияға қарсы ведомстволарымен өзара іс-қимыл тетігі реттелген.
Сондай-ақ егер келісімдер бәсекелестікке қарсы сипатта болса және бәсекелестікке қауіпті болса, зияткерлік меншікке айрықша құқыққа қатысты алып қоюларды жою көзделген. Бұл бізге мысалы, қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік тауар өндірушілердің нақты өкілдерімен келісімдерді күштеп таңған жағдайда ден қоюға мүмкіндік береді.
Реттеудің маңызды құралы - монополияға қарсы комплаенс, ол ең алдымен бизнеске монополияға қарсы органмен бірлесіп, тауар нарығындағы іс-әрекет қағидаттары мен қағидаларын және құқық бұзушылықтарды жасаудың корпоративтік тәуекелдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Анықтамалық: Монополияға қарсы комплаенс нарық субъектісінің бәсекелестікті қорғау және оны бұзушылықтардың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру және өзге шаралар жүйесі болып табылады.
Монополияға қарсы комплаенсты енгізу үшін нарық субъектісі (субъектілері) монополияға қарсы комплаенс актісін (актілерін) қабылдауға құқылы:
нарық субъектісінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтары тәуекелдерін бағалауды және оларды азайту шараларын көздейтін ішкі акт;
тиісті тауар нарығында нарық субъектілерінің адал бәсекелестік қағидаларын көздейтін сыртқы акт.
Нарық субъектісі (субъектілері) түскен кезінен бастап бір ай ішінде қарауға жататын монополияға қарсы комплаенс туралы акті жобасын монополияға қарсы органның келісуіне жолдауға құқылы.
Бұдан басқа, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар мәніне тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін тағы 2 айға ұзарту мүмкіндігімен 3 айға дейін арттыру ұсынылады.
Бұл бизнес субъектісіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелеріне дау айту жағдайларында құрылатын келісім комиссиясына дайындалу үшін уақыт береді.
Әлемдік үздік практикаға сәйкес келтіру және бәсекелестікке қарсы әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеу мақсатында, нарық субъектілеріне қатысты мемлекеттен нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары берілген ұйымдарға бәсекелестікке қарсы әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауға тыйым салуды қолдану ұсынылады.
Нарық субъектісінің әрекеттерінде заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама институтын, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, қолдау бойынша белгілерді қоспағанда, осы құралды үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша нарық субъектісінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) қолданып кеңейту ұсынылады.
Бұл шара бұзушылықты жедел жоюға және өтініш берушіге бірдей емес бағалар мен жағдайларды қолданған жағдайда өтініш берушінің (зардап шегушінің) өтінішін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бұл өтініш берушіге басқа сатып алушылармен бірдей жағдайларда бірден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭҰДҰ стандарттарына сәйкес баға реттеу алынып тасталды, ол монополияға қарсы реттеумен ауыстырылды.
Бұл ретте, қоғамдық маңызы бар нарықтар ұғымын енгізіліп, оларға 4 салада, атап айтқанда: теміржол көлігі, электр энергетикасы, газбен жабдықтау және әуежай қызметтері салаларында баға реттеуді сақтау ұсынылады.
Теміржол көлігі саласында: жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартым қызметтерін көрсету, мына көрсетілетін қызметтерді қоспағанда:
теміржол жүк вагондарын жалға беру және вагондар (контейнерлер) операторлары қызметтері бойынша;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынастарда теміржол көлігімен жүк тасымалдау бойынша.
Электр энергетикасы саласында: бұрын реттелетін нарық субъектілеріне жатқан энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі; электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу, сауда жүйелерінің жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына, орталықтандырылған сатып алуына және сатуына дайындығын қамтамасыз ету.
Газбен жабдықтау саласында: тауарлық газды бөлшек саудада өткізу және үй иелері үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу.
Әуежайлар қызметі нарығында: телескопиялық трапты беру; жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын беру; жүктерді өңдеу; ЖЖМ қамтамасыз ету; тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежай үй-жайларын жалға беру.
Орталықтандырылған сауда-саттықты қоспағанда, бұл ретте қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеу мерзімін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін белгілеу.
Бұдан басқа бәсекелестік мәселелерін қозғамайтын, бірақ қабылдануы өте қажет бірқатар түзетулер ұсынылды.
Осылай, "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мақсатында 3 жыл ішінде субсидиялаудың тіркелген мөлшерлемесін 7 пайыз деп белгілеп, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша жылына 17 пайыздан аспайтын пайыздық мөлшерлеме бөлігін мемлекеттің жабуы жолымен, құрылыс ұйымдарының қызметін ынталандыру ұсынылады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлік субъектілерін кедендік баж бен қосымша құн салығын төлеуден босату мақсатында, олардың барлық қызмет түрлері бойынша преференция көзделуімен еркін экономикалық аймақ және еркін қоймалар аумағында әрекет ететін заңды тұлғалар үшін өлшемшарттар тізбесін кеңейтіп, Кәсіпкерлік кодекске инвестициялық преференциялар бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады.
Осымен қатар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, сертификаттар беру тетігін іске асыру мақсатында, "ӨКІМ операторы" қызметін, оған жаңа отандық автомобильді сатып алу кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндірушінің берген жеңілдігін қаржыландыруға төлем түрінде оның банктік шотына түскен ақшаны жолдау құқығын беріп, кеңейту ұсынылады.
Заңда кәсіпкерлік қоғамдастығы күтетін, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы ырықтандыруға, адал бәсекелестікті қорғауда монополияға қарсы қызметтің рөлін күшейтуге, табиғи монополиялар салаларында тариф белгілеу тетігінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған прогрессивті жаңалықтар көрініс тапқан.