Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 34-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар):

      1) 285-2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін:

      оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын күтіп-ұстау;

      энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуы кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға берілетін төлемақы түрінде жібереді.

      Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларында:

      қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар;

      пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты ұсынған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктердің мөлшерін айқындау шарттары, оның ішінде тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді;";

      2) 285-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру;

      10-2) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;".

      2. 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

      3. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      301-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар оларды нысаналы пайдалану тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып есептеледі.

      Мерзімдерін қоса алғанда, осындай тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және индустриялық-инновациялық даму және өнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы уәкілетті органдары айқындайды.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 163, 164, 166, 167 және 714-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік

      164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу";

"166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы

      167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы";

      "714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган";

      2) 44-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "және реттелетiн нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 62-баптың екінші бөлігіндегі "және реттелетiн нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 163-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік

      1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік –

      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 164-бапта:

      тақырыптағы "және реттелетiн нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      бірінші бөліктегі "салаларындағы және реттелетін нарықтардағы" деген сөздер "салаларында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "және реттелетiн нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктегі "салаларындағы және реттелетін нарықтардағы" деген сөздер "салаларында" деген сөзбен ауыстырылып, "және реттелетiн нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 166-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзімдерде бермеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағалардың алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:

      1) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсiмi) мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма;

      2) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;

      3) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма түсiнiледi.

      2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да енгiзілуі керек.";

      7) 167-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы –";

      8) 168-баптың бірінші абзацындағы "салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы" деген сөздер "салаларында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 463-баптың ескертпесіндегі "және реттелетін нарықтар" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 714-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган

      1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      11) 804-баптың бірінші бөлігінің 35) тармақшасындағы "және реттелетiн нарықтарда" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 806-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.".

      5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) мазмұнында:

      88-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 90-1, 90-2, 90-3, 90-4, 90-5, 90-6, 90-7 және 90-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Монополияға қарсы орган және оның өкілеттіктері

      90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі

      90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері

      90-3-бап. Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылық

      90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы

      90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы

      90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті

      90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары

      90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 120-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тараудың, 124-5, 124-6, 124-7, 124-8 және 124-9-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

      124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

      124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті

      124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау

      124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері

      124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері";

      194-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "194-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi";

      мынадай мазмұндағы 195-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс";

      19-тараудың, 212, 213, 214 және 215-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      229-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру";

      мынадай мазмұндағы 295-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу";

      2) 88-бап алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Монополияға қарсы орган және оның өкілеттіктері

      90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі

      1. Монополияға қарсы органның біртұтас жүйесін орталық атқарушы орган, оның ведомствосы және оған бағынысты аумақтық бөлімшелер құрайды.

      2. Аумақтық бөлімшелер өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктері және орталық атқарушы орган бекіткен ереже шегінде жүзеге асырады.

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері

      Монополияға қарсы органның міндеттері:

      1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;

      3) экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау;

      4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.

90-3-бап. Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылық

      Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылықты ведомствоның бірінші басшысы жүзеге асырады.

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы

      1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде монополияға қарсы орган халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламалар, ақпарат беру туралы сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеп-тексерулер туралы хабардар ету арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және олардың сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы

      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:

      1) құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;

      2) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты береді;

      3) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;

      4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу үшін сарапшылар ретінде жібереді.

      2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттіктері шегінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:

      1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;

      2) монополияға қарсы органның сұрау салулары мен өтініштері бойынша:

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сұрау салуларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оларды монополияға қарсы органға жеткізу жөнінде шаралар қолданады;

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган ұсынатын, қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекеттердің белгілері бар материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде монополияға қарсы органға хабардар етеді;

      монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.

90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті

      Монополияға қарсы орган:

      1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын жүзеге асырады;

      2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;

      6) экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;

      8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестікті болғызбайды және олардың жолын кеседі;

      9) бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді келіседі;

      10) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;

      11) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асырады;

      12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;

      13) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, қаржы ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;

      14) қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      15) мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      16) тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      18) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтайды;

      19) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемелерді бекітеді;

      20) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізеді;

      21) банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады;

      22) нарық субъектілеріне:

      осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;

      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

      осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

      экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;

      егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;

      23) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға осы Кодекске қайшы келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;

      24) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысады;

      25) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;

      26) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      27) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстарды жібереді;

      28) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында өз қызметі туралы мәлiметтердi орналастырады;

      29) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;

      31) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;

      32) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды орналастырады;

      33) нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне жібереді;

      34) монополияға қарсы орган қабылдаған бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме береді;

      35) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлейді және бекітеді;

      37) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне сәйкестігін белгілейді;

      38) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      39) осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз береді;

      40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары

      Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;

      2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.

      2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.";

      4) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тұрғын үй құрылысы.";

      5) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субсидиялау;".

      6) 116-баптың 3-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік бағалық реттеу енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);";

      13) тармақшадағы "қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттейді." деген сөздер "қызметтерге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді.";

      7) 120-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк монополия субъектiсiн құру арқылы жүзеге асырылады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк кәсiпорын ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.";

      8) мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:

"120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу

      Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:

      "11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

      124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

      1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:

      1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;

      2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықтар жүргізуге, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуға дайындығын қамтамасыз ету;

      3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;

      4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;

      5) мыналарды:

      теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған нарық субъектілеріне қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу жиынтығында мынадай талаптарға сай келетін:

      1) бұрын бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған реттелетін нарық субъектілері көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұтынушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтер көрсететін;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұтынушыларға көрсетілген қызметтер көлемі бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтері көлемінің отыз бес және одан да көп пайызын құрайтын нарық субъектілеріне де қолданылады.

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:

      1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

      2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;

      5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;

      6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;

      7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Кодексте көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;

      8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;

      9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау

      1. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау тұтынушылар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады.

      3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі:

      1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:

      табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы ақпаратты ұсынатын қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін қоспағанда, кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      бағаларға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде ұсынуға;

      2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында хабардар етуге;

      3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтауға;

      4) шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес орындауға;

      5) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;

      6) шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;

      7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның нұсқамаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдерде орындауға міндетті.

124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

      1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша сатып алуға;

      2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ олар қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға;

      3) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;

      4) жария тыңдауларға қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарының болуына құқылы.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

      1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі белгілейтін техникалық талаптарды орындауға міндетті.";

      10) 138-бап мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;";

      11) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"160-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары

      Бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, адал бәсекелестікке жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып табылады.";

      12) 163-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті экономика салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қолдануға және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамауға міндетті.";

      13) 169-баптың 3, 4 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге алып келетін немесе алып келуі мүмкiн, оның iшiнде:

      1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттар белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;

      2) нарық субъектілерінің сол бір тауарға түрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық және өзге де түрде негізсіз белгілеуіне;

      3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;

      4) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiне сәйкес осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезінде шарттар жасасуға;

      5) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе оларды сатып алушылар ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға қатысты келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйымдар, егер нарық субъектісінің (субъектiлерiнiң) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесi жиырма пайыздан аспаса не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге қолданылмайды.

      4. Бәсекелестікке қарсы келісімдер жазбаша және (немесе) ауызша нысанда жасалуы (қол жеткізілуі) мүмкін.";

      "7. Осы баптың талаптары, егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келмесе немесе алып келуі мүмкін болмаса, зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, тауарларды дараландыру құралдарына қолданылмайды.";

      14) 170-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер жиынтығында олар мынадай:

      1) осы әрекеттер бәсекелестікті шектеген;

      2) мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сай келген;

      3) нарық субъектілерінің бірі осындай әрекеттерді жасағаны туралы ақпаратты жария түрде мәлімдеуіне немесе олардың бірінің жария түрде орналастыруына байланысты әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;

      4) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерінен туындаған;

      5) нарық субъектілерінің әрекеттері осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған (Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын, тұтыну динамикасын, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, тауарларды өндіру, өткізу кезінде пайдаланылатын шикізат пен тауарларға бағаларды өзгерту);

      6) тиісті тауар нарығындағы нарық субъектілерінің жиынтық үлесі отыз бес және одан да көп пайызды құраған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін. Бұл ретте тиісті тауар нарығындағы бір нарық субъектісінің ең төмен үлес шамасы бес және одан да көп пайызды құрауға тиіс.";

      15) 172-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Нарық субъектісі монополияға қарсы органға тауар нарығындағы осы нарық субъектісінің жағдайы үстем деп танылуы мүмкін еместігі туралы дәлелдемені ұсынуға құқылы.

      Монополияға қарсы орган ұсынылған дәлелдемелерді келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және нарық субъектісіне жіберілетін тиісті шешімді қабылдайды.";

      16) 174-баптың бірінші абзацы, 2), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:";

      "2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану, оның ішінде бұл тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын түрлі шығындарға, сату көлемін, төлеу шарттарын, шарттың қолданылу мерзімдерін ескеретін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болса;";

      "5) өтініш жасалған кезде тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасу туралы ұсынысқа күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.

      Бұл ретте бас тарту не жалтару, егер сатып алушы өтініш жасаған кезде өндірілетін немесе өткізілетін тауардың талап етілетін көлемі, оның ішінде тиісті тауарды сату туралы шарттар жасалуына байланысты болмаған жағдайда, негізді деп саналады;";

      "7) өндiру немесе беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемдерiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) беруді тоқтату;";

      17) 192-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың 4-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің, 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.";

      18) 194-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"194-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi

      1. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі) болып мыналар да танылады:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкiн болса, тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      5. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасында келтірілген дәйектермен келіспеген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және монополияға қарсы органның өкілдері кіреді.

      6. Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысында қарайды.

      7. Қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша келісу комиссиясы ескертулерін және ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдарын шығарады.

      Қорытындының жобасына ескертулер қабылданған жағдайда монополияға қарсы орган оны пысықтауды жүзеге асырады және күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде келісу комиссиясының қарауына қайта ұсынады.

      Монополияға қарсы орган қорытындының жобасына ескертулерді қабылдамаған кезде келісу комиссиясының атына келіспеу себептерінің негіздемелері ұсынылады.

      Монополияға қарсы органның қорытындыны бекіту туралы шешімі келісу комиссиясының қорытынды жобасына ескертулері болмаған жағдайда қабылданады және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.

      8. Келісу комиссиясының әрекет ету тәртібін және оның құрамын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган айқындайды.";

      19) мынадай мазмұндағы 195-1-баппен толықтырылсын:

      "195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс

      1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі монополияға қарсы комплаенс болып табылады.

      2. Монополияға қарсы комплаенсті енгізу үшін нарық субъектісі (субъектілері) монополияға қарсы комплаенс актілерін:

      1) тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің (субъектілерінің) саясатын және адал бәсекелестік қағидаларын көздейтін сыртқы актіні;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жасау тәуекелдерін бағалау әдістерін, тәсілдерін, нарық субъектісінің (субъектілерінің) тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы тәртібін көздейтін ішкі актіні қабылдауға құқылы.

      3. Нарық субъектісі (субъектілері) монополияға қарсы органға монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің жобасын монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне оның сәйкестігін анықтау үшін жіберуге құқылы, ол монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің жобасы келіп түскен кезден бастап бір ай ішінде қаралуға жатады.

      4. Монополияға қарсы орган қараған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің жобасы монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне оның сәйкестігі анықталған жағдайда нақты нарық субъектісіне (нақты нарық субъектілеріне) қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын түсіндіру актісі болып табылады.";

      20) 196-бапта:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде мынадай:

      1) экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін қарау кезінде нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау;

      3) мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын белгілеу жағдайларында жүргізіледі.

      2. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау монополияға қарсы орган бекітетін, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдiстемеге және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган бекітетін, қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес жүргізіледі.

      Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.

      3. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тауарлардың өзара алмастырылу өлшемшарттарын айқындау;

      2) тауар нарығының шекараларын айқындау;

      3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

      4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;

      5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлестерін есептеу;

      6) тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау;

      7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, нарық субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;

      8) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілетін тұжырымдар.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің 8, 90-6, 120, 160 – 231-баптарында тауар деп азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет түсініледі.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Нарық субъектісінің (субъектілерінің) үстем үлесін (үлестерін) айқындау мақсатында экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне осы баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді қамтымайтын талдау жүргізіледі.

      Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нарық субъектісінің үлесі отыз бес пайыздан асатынын, бірақ елуден кем құрайтынын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі орын алғанын көрсеткен жағдайда, тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы баптың 3-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақталып жүргізіледі.

      Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында талдау осы баптың 3-тармағында көзделген кезеңдердің негізінде жүргізіледі, сондай-ақ тауар нарығына мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың, мұндай құру осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысуының орындылығын бағалауды қамтиды.

      12. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері беретін ақпараттың, сондай-ақ осы баптың 9-тармағына сәйкес берілетін ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.

      Нарық субъектісі монополияға қарсы органға өзінде бар маркетингтік зерттеулер нәтижелерін ұсынуға құқылы, оларды да монополияға қарсы орган талдау жүргізу барысында пайдалануы мүмкін.";

      21) 199-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) жосықсыз бәсекелестік белгілері, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны тергеп-тексеру жүргізбестен жібереді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол бір нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін анықтаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.";

      22) 200-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Монополияға қарсы орган монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімін алдын ала алу не осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер туралы оны хабардар ету түрінде экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының монополиялық жағдайын орнықтыруға және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге алып келген экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.";

      23) 201-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауарлар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнге белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (әрекеттерді) жүзеге асыруға келiсiмi не оның осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы талап етiледi.";

      24) 204-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      25) 205-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      Экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу, егер мәмілеге қатысушы тұлғалар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, талап етіледі.";

      26) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама монополияға қарсы органға келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі.";

      27) 19-тарау алып тасталсын;

      28) 218-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Монополияға қарсы орган:

      1) осы Кодекстің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында көзделген белгілер болған кезде тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;

      2) осы Кодекстің 174-бабында көзделген белгілер болған кезде, тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

      Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңіне қолданылады.

      3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:

      1) тергеп-тексеру объектісінің атауы;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер;

      3) тергеп-тексеру объектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) байқалатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері;

      4) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу датасы;

      5) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге қатысатын адамдардың құқықтары қамтылуға тиіс.

      4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.";

      29) 220-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару үшін монополияға қарсы органға өтініш жасауға құқылы.";

      30) 221-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа мемлекеттік орган ақпаратты талап ететін жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тергеп-тексеру объектiсi туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.";

      "7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдары тергеп-тексеру жүргiзу кезінде:

      1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуына және олардың зерттелуiне барлық шараларды қолдануға;

      2) тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны уақтылы дайындауға;

      3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарымды уақтылы шығаруға;

      4) аумақтық бөлімшелер қорытындыны бекiткен не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн монополияға қарсы органның орталық атқарушы органына жiберуге мiндеттi.";

      31) 222-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "жүргізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтата тұруға құқылы." деген сөздер "жүргізілген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын:

      "4) егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.";

      32) 224-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда нұсқама шығару;

      3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.

      Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.

      Келісу комиссиясы қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.

      Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісінің тарапынан қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.";

      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.";

      33) 226-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан, осы Кодекске қайшы келетін келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;";

      34) 228-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "аумақтық органының" деген сөздер "аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 229-бапта:

      тақырыптағы "аумақтық органдарының" деген сөздер "аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мәтіндегі "аумақтық органдары" деген сөздер "аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 230-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы және 3-тармағындағы "аумақтық органның", "аумақтық органының" деген сөздер тиісінше "аумақтық бөлімшенің", "аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 231-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы Кодекстің 174-бабында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер жасауды жалғастырған жағдайда, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.";

      38) 283-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар түрінде кедендік әкелу баждарын салудан босату (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) ұсынылады.";

      39) 284-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнайы инвестициялық жоба деп 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.";

      40) 286-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшасындағы "тұлғаға беріледі." деген сөздер "тұлғаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) арнайы инвестициялық жоба бойынша – инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай талаптардың біріне сәйкес келуге:

      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелген;

      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген;

      3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болуға тиіс.";

      41) 287-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.";

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.

      Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың күші арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беру шарттарына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу баждарын салудан босату:

      1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жыл, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге;

      2) еркін қоймалар иелеріне, арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;

      3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.";

      42) 292-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қабылданады және тіркеледі.";

      43) 293-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдерге қолданылмайды.";

      44) 294-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін кемiнде тоғыз ай бұрын аяқталуға тиiс.

      Қаржы лизингі шартын жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық жобаны іске асырған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін тоғыз ай өткен соң аяқталуға тиіс.";

      45) мынадай мазмұндағы 295-1-баппен толықтырылсын:

      "295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу

      1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт арнайы инвестициялық келісімшарт болып табылады.

      2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, арнайы инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.

      3. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың тәртібі мен шарттарын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      4. Арнайы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады.";

      46) 323-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағының лизингтік компанияларды кедендік әкелу баждарын салудан босату бөлігіндегі нормалары 2016 жылғы 1 қазаннан бастап инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттарға қолданылады.".

      6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 6-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органға мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.";

      2) 6-3-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.";

      3) 14-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.";

      4) 16-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қажетті құжаттарымен қоса берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.".

      7. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;";

      2) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 5-5 және 5-6-баптармен толықтырылсын:

"5-5-бап. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары

      Ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.

5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде:

      1) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;

      2) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлейді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.".

      8. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат):

      1) 1-бап 2) тармақшасындағы "қол жеткiзу болып табылады." деген сөздер "қол жеткізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігін, айқындығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;

      4) бекітілетін тарифтердің реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.";

      2) 3-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге, ал қажет болған кезде – осындай ұзақ мерзімді кезең ішінде әрбір жылға бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;";

      3) 4-бапта:

      1-тармақта:

      6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;";

      "8) халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;

      9) коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) порттардың;";

      10) тармақша алып тасталып, 12) тармақшадағы "су бұрудың;" деген сөздер "су бұрудың көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-3) уәкілетті органға тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;

      5-4) уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;";

      5) 7-баптың бірінші бөлігінде:

      7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-3) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын негіздемелерімен есеп беруге;";

      мынадай мазмұндағы 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-8) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;

      7-9) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;

      7-10) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;";

      екінші бөлік "7-3)," деген цифрлардан кейін "7-8)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11) және 4-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-7) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-8) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-9) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-10) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;

      4-11) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4-12) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда, реттеуді енгізеді;";

      7) 14-1-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;";

      8) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға өтінімді олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын ұсынады.";

      9) 18-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне – олар қолданысқа енгiзілетiн кезге дейiн кемінде күнтізбелік отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзілгенге дейiн кемінде күнтізбелік он күн бұрын жiберiлуге тиiс.

      Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiммен бірге табиғи монополия субъектісіне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiтуге арналған өтініммен табиғи монополия субъектісі ұсынған шығындар мен пайда баптарын өзгерту және нақтылау негіздемесін жібереді.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекiтiлген айдан кейiнгi екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.".

      9. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат):

      1) 14-баптың 2-тармағының 3), 20), 21) және 34-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) магистральдық темiржол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;";

      "20) магистральдық темiржол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;

      21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;";

      "34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;";

      2) 57-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.".

      10. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-32), 55-33) және 55-34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-32) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп бекіту;

      55-33) порттар саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жасау;

      55-34) теңіз порттарының табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтері тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің орындылығының негiздемесi не оны бекітудің орынсыздығының негiздемесi көрсетiлетін қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсыну;".

      11. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат):

      1) 8-баптың 1-тармағының 19-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;";

      2) 20-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      12. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат):

      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) инвестициялық шарт – энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;";

      2) 7-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:";

      3) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.";

      4) 12-бапта:

      3-тармақтың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге;";

      "9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған, алынған қаражатты қайтаруға міндетті.";

      5) 12-1-бапта:

      4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.

      Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.";

      6-тармақтың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама өлшемдерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдайтын шешімінің негізінде жүргізіледі.";

      "Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны ұлғайған жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын ұлғайту уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.";

      6) 13-баптың 3-3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырады, жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды.";

      7) 14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.";

      8) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.".

      13. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат):

      2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.".

      14. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):

      1) 9-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндiрген жылу энергиясына жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифiне енгізіледі.";

      2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін жұмыс істеп тұрған электр және жылу желілерін кеңейткен және реконструкциялаған жағдайда тиісті шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифтеріне қосылады.".

      15. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):

      1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) және 25-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін, азаматтық авиация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп бекітеді;

      25-2) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жасайды;

      25-3) әуежайлар мен аэронавигацияның табиғи монополиялар салаларына жатқызылған көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;";

      2) 65-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы көрсетілетін қызметтерге кіретін және осы тармақта көрсетілген операцияларды қоса алғанда, тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітетін басқа да көрсетілетін қызметтер кiредi.".

      16. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат):

      1) 134-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік кәсіпорындарға – табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      2) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.";

      3) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын қазыналық кәсіпорындарды қоса алғанда, қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.".

      17. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.".

      18. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):

      1) 7-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:";

      2) 20-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.";

      "6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланатын кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің осы бапта белгіленген шекті бағасы газ желісі ұйымдарының сұйытылған мұнай газын газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізуі жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.";

      3) 22-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауарлық газ иелеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсынуға;".

      19. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.".

      20. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      1) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Магистральдық газ құбырының еркін өткізу қуаты болмаған кезде газды ол арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оператор магистральдық құбырмен тасымалданатын өнімді маршрут соңындағы алушыға өнім тасымалдау кезіндегі техникалық шығындарды шегере отырып тапсырады.";

      3) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оны тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.".

      21. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар):

      1) 3-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.";

      2) 41-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;";

      3) 42-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      4) 64-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.";

      5) 73-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісілуге тиіс.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиiстi жергілікті атқарушы органымен келiсiлуге тиiс.".

      22. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      1) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде - мемлекеттік монополия субъектілері;";

      2) 16-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.".

      23. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат):

      8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Пошта саласындағы субсидияланатын әмбебап көрсетілетін қызметтерге бағалардың шекті деңгейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті орган реттейді.".

2-бап.

      1. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының қырық бесінші, қырық жетінші және қырық сегізінші абзацтарын, 8-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады