Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 36-VІ ҚРЗ.

      2016 жылғы 28 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз релизі

      2016 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымда өткен отырысының хаттамасына сәйкес әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

      Заңның қабылдануы "Қарсы барлау қызметі туралы" заңында қарастырылған тәсілдерді жүзеге асыру, сондай-ақ оның нормаларын қолданыстағы заңнамалық актілермен сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      Заң 7 кодекс пен 24 заңға түзету енгізуді көздеп, мыналарды қарастырады:

      қарсы барлау материалдарын бұрмалау үшін қылмыстық жауапкершілікті орнату;

      қарсы барлау қызметінің материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамаларының ерекшеліктерін бекіту;

      байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды байланыс желілерінде қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуін орындамау үшін әкімшілік жауапкершілікті орнату;

      "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Заңынан қарсы барлау ережелерін алып тастай отырып, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі арасын жіктеу;

      арнаулы мемлекеттік органдардың қарсы барлау қызметін жүргізуге уәкілеттілігін орнату;

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпаратты алу, сондай-ақ олардың бейнекамераларын және электронды жабдықтың өзге де түрлерін пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құқығын орнату;

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметімен прокурордың санкциясы арқылы коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды алуға қол жеткізу;

      байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға қамтамасыз ету міндеті;

      қарсы барлау қызметіне қажетті мемлекеттік сатып алулар барысында құпиялылық пен жасырындылық қағидаларын сақтау шаралары, сонымен қатар органдарды экстремизм мен терроризмге әрекет етуде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша шараларды орнату.

      Осы өзгерістермен қатар Заңмен қарсы барлау қызметін жеке мемлекеттік қызмет ретінде бекітумен байланысты редакциялық сипаттағы түзетулер көзделген.

      Заңды іске енгізу жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерін барлау-бүлдіру әрекеттерінен қорғауда шараларының тиімділігін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз