Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 18 ақпандағы № 454-V ҚРЗ

      2015 жылғы 10 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісім (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

ГРАНТ НӨМІРІ TF014174

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
(энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар
корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі
ретінде әрекет етуші) арасындағы ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жастар корпусын дамыту жобасы) 2015 жылғы 10 қыркүйек

ГРАНТ НӨМІРІ TF014174

Энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламаларына арналған бір донордың Траст қоры

ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Келісім Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Алушы) мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры (бұдан әрі – Траст қоры) әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Дүниежүзілік банк) арасында 2015 жылғы 10 қыркүйекте жасалды.
      Осы арқылы Алушы мен Дүниежүзілік банк төмендегілер туралы уағдаласты:

I бап
Стандартты шарттар; Анықтамалар

      1.01. Дүниежүзілік банк әртүрлі қорлардан бөлетін гранттар бойынша 2012 жылғы 15 ақпандағы Стандартты шарттар (бұдан әрі – Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер мәнмәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімде пайдаланылатын және бас әріппен жазылған терминдер оларға Стандартты шарттардың немесе осы Келісімнің негізінде берілген мәндерге ие.

II бап
Жоба

      2.01. Алушы өзінің осы Келісімге (бұдан әрі – Жоба) 1-қосымшада көрсетілген жоба мақсаттарын ұстанатынын мәлiмдейдi. Осыған байланысты Алушы Жобаны Стандартты шарттардың ІІ бабының ережелеріне сәйкес Білім және ғылым министрлігі арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді.
      2.02. Осы Келісімнің 2.01-бөлімінің ережелерін шектеусіз және Алушы мен Дүниежүзілік банк арасында келісілген өзге жағдайларды қоспағанда, Алушы Жобаны іске асыруды осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

III бап
Грант

      3.01. Дүниежүзілік банк Жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Алушыға осы Келісімде жазылған немесе аталған тәртіппен және шарттарда жиырма бір миллион жеті жүз алпыс үш мың АҚШ доллары (21 763 000 $) мөлшерінде грант (бұдан әрі – Грант) бөлуге өз келісімін береді.
      3.02. Алушы Грант қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес ала алады.
      3.03. Грант Траст қорының қаражатынан қаржыландырылады, оны толықтыру үшін Дүниежүзілік банк Траст қорының донорынан кезең-кезеңмен берілетін жарналар алады. Стандартты шарттардың 3.02-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік банктің төлем міндеттемелері осы Келісімге байланысты донор Траст қоры шеңберінде Дүниежүзілік банкке бөлетін қаражат сомасымен шектеледі және Алушының Грант қаражатын алу құқығы осы қаражаттың бар-жоғына байланысты болады.

IV бап
Құқықтық қорғаудың қосымша құралдары

      4.01. Стандартты шарттардың 4.02 (k) бөлімінде көрсетілген, Келісімнің қолданысын тоқтата тұрудың қосымша жағдайлары: осы Келісімнің 5.03-бөлімінде айтылатын, Келісім күшіне енген күннен кейін Дүниежүзілік банк осы күн басталғанға дейін, бірақ осы Келісімге қол қойылған күннен кейін Дүниежүзілік банкке, осы Келісім осындай оқиға болған күні күшіне енген жағдайда, Алушының Грант шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұруға құқық беретіндей оқиғаның орын алғанын айқындайды.

V бап
Келісімнің күшiне енуі; қолданысын тоқтатуы

      5.01. Осы Келісім Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын, төменде көрсетілген шарттардың сақталғаны жөнінде құжаттамалық куәліктер Дүниежүзілік банкке ұсынылғанға дейін күшіне енбейді.
      (a) Осы Келісімнің Алушының атынан жасалуы және орындалуы барлық қажетті мемлекеттік әрекеттер арқылы тиісті түрде санкцияланса немесе ратификацияланса.
      (b) Осы Келісімге 2-қосымшаның B.1-бөліміне сәйкес Алушы Жоба бойынша Операциялық нұсқаманы Білім және ғылым министрлігі арқылы Дүниежүзілік банк үшін қолайлы нысанда бекітсе.
      (c) Алушы қоғамдастық шеңберінде Сатып алу бойынша анықтамалықты Білім және ғылым министрлігі арқылы Дүниежүзілік банкке қолайлы нысанда бекітсе.
      5.02. 5.01-бөлімге сәйкес ұсынылатын құжаттамалық куәліктер шеңберінде Дүниежүзілік банкке Дүниежүзілік банктің талаптарына сәйкес келетін заңгердің Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын қорытындысы немесе қорытындылары не Дүниежүзілік банктің өтініші бойынша Алушының атынан осы Келісімнің тиісті түрде санкцияланғаны (барлық қажетті үкіметтік рәсімдер мен әрекеттерден өту арқылы) немесе ратификацияланғаны, сондай-ақ Алушының атынан қол қойылғаны және орындалғаны және осы Келісімнің шарттарына сәйкес ол үшін міндетті заң күші бар екені көрсетілген Алушының құзыретті лауазымды адамының Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын куәлігі ұсынылады.
      5.03. Алушы мен Дүниежүзілік банк арасындағы өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім Дүниежүзілік банк Алушының мекенжайына 5.01-бөлімге сәйкес ұсынылуға тиіс құжаттамалық куәліктерді өзінің қабылдағаны туралы хабарламаны жіберген күні (бұдан әрі – Күшіне ену күні) күшіне енеді. Егер Күшіне ену күніне дейін Дүниежүзілік банкке Алушының Грант шотынан қаражат алуға құқығын тоқтата тұруға уәкілеттік беретін оқиға орын алса, Дүниежүзілік банк осындай оқиға (осындай оқиғалар) аяқталғанға дейін осы Бөлімде айтылған хабарламаны жіберуді кейінге қалдыра алады.
      5.04. Келісімнің күшіне енбеуі себебінен қолданысының тоқтатылуы. Дүниежүзілік банк мерзімнің бұзылу себептерін қарастырғаннан кейін осы Бөлімнің мақсатында неғұрлым кешірек мерзімді белгілейтін жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің және тараптардың осы Келісімнен туындайтын барлық міндеттемелерінің қолданысы, егер олар осы Келісімге қол қойылған күннен кейін 180 күн өткен соң күшіне енбесе, тоқтатылады. Дүниежүзілік банк Алушыны анағұрлым кешірек мерзім белгіленгені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

VI бап
Алушының өкiлi; Заңды мекенжайлар

      6.01. Стандартты шарттардың 7.02-бөлімінде аталған Алушының өкілі Білім және ғылым министрі болып табылады.
      6.02. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде аталатын Алушының заңды мекенжайы:
      Білім және ғылым министрлігі
      Орынбор көшесі, 8
      010000, Астана
      Қазақстан Республикасы
      Телефон: +7 7172 74-24-28
      Факс: +7 7172 74-24-16
      6.03. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде сілтеме бар Дүниежүзілік банктің заңды мекенжайы:
      International Bank for Reconstruction and Development
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America
      Телеграф: INTBAFRAD, Washington, D.C.
      Телекс: 248423 (MCI), 64145 (MCI)
      Факс: 1-202-477-6391
      Қазақстан Республикасы Астана қаласында жоғарыда көрсетілген күні және жылы ЖАСАЛДЫ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Уәкiлеттi өкiл
Т.А.Ә.: Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы
Лауазымы: Қазақстан Республикасы Білім
      және ғылым министрі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКI YШIН
(энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына
және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың
Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші)

Уәкiлеттi өкiл
Т.А.Ә.: Сарош Кумар Джа
Лауазымы: Орталық Азия бойынша
өңірлік директоры

1-ҚОСЫМША

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      Жобаның мақсаты жастардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту болып табылады.
      Жоба мынадай бөліктерге бөлінген:

      1-бөлік: Қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту және өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасын қолдау

      (а) Мыналарды: (i) белгіленген талаптарды қанағаттандыратын, қызмет көрсететін ұйымдарға қосалқы-гранттарды, және (ii) Жоба бойынша Операциялық нұсқамада көзделген жобалық ұсыныстарды іріктеу өлшемшарттарына және жобалық ұсыныстарды жасау бойынша нұсқамаға сәйкес қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаларды іске асыру үшін белгіленген талаптарды қанағаттандыратын жас адамдардың топтарына арналған қосалқы-гранттар мен әлеуметтік стипендияларды ұсыну.
      (b) Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару мәселелері бойынша белгіленген талаптарға жауап беретін жас адамдарды оқыту.
      (с) Жастардың осал топтарының 1 (а) және 1 (b) құрауыштары шеңберінде жоғарыда көзделген іс-шараларға қатысуын ынталандыру мақсатында жастардың осы топтарымен тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге арналған пилоттық тәсілдерді дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу.
      (d) Ақпаратты үйлестіру, беру және есептілікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды: (і) ақпараттық-түсіндіру науқанын; және (ii) Жоба бойынша Операциялық нұсқамада белгіленген талаптар мен өлшемшарттарға сәйкес кері байланыс пен проблемаларды шешу тетігін әзірлеу және іске асыру арқылы ұйымдастыру.

      2-бөлік: Жастар саясатын іске асыру бөлігінде Білім және ғылым министрлігінің институционалдық дамуын қолдау

      (а) Жастар саясатын іске асыру, үйлестіру және бағалау үшін институционалдық тетіктерді дамытуға жәрдемдесу.
      (b) Орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына бағытталған оқыту бағдарламасын және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын әзірлеуге жәрдемдесу.

      3-бөлік: Жобаны басқаруды, мониторингтеуді және бағалауды ұйымдастыру

      (a) Жобаны басқару, Үйлестіру агенттігінің қызметін қадағалау және Жобаны мониторингтеу мен бағалауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуде Жобаны басқару жөніндегі топтарды қолдау.
      (b) Жыл сайынғы аудиторлық тексеруді жүргізу.

2-ҚОСЫМША

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

      І бөлім. Институционалдық және басқа да тетіктер
      A. Институционалдық тетіктер

      1. Алушы Білім және ғылым министрлігі арқылы: а) Жобаның 1-бөлігіне сәйкес Үйлестіру агенттігінің жұмысын бақылауды; b) Жобаның 2 және 3-бөліктеріндегі іс-шараларды іске асыруды; с) Жоба шеңберінде алға қойылған міндеттерді орындау барысына стратегиялық басшылық жасауды және оны бақылауды қамтамасыз ете отырып, Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойында жалпы үйлестіруді және Жоба бойынша басқаруды қамтамасыз етеді.
      2. Алушы Білім және ғылым министрлігі арқылы Жоба бойынша қызметті күнделікті орындау, қаржылық басқару, сатып алу, мониторингтеу және бағалау бойынша міндеттер жүктелетін, Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын әзірленген техникалық тапсырмалар, жасақталған штаты және ресурстары бар, Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жобаны басқару жөніндегі топты белгілейді және оның Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойында жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жобаны басқару жөніндегі топтың құрамына басқалармен қатар, жобаны үйлестіруші, қаржылық басқару жөніндегі маман, сатып алу жөніндегі маман, мониторинг және бағалау жөніндегі маман мен аудармашы кіруге тиіс.
      3. Алушы Жобаның 1-бөлігіндегі іс-шараларды іске асыру үшін Білім және ғылым министрлігі арқылы конкурстық негізде Үйлестіру агенттігін іріктейді және кейіннен Дүниежүзілік банк үшін қолайлы мерзімдерде және шарттарда Үйлестіру агенттігімен қызметтер көрсету туралы шарттық қарым-қатынасқа түсуге тиіс. Мұндай мерзімдер мен шарттар мыналарды: (а) Жобаның 1-бөлігінің оқыту іс-шараларының түпкілікті дизайнына Жоба бойынша Операциялық нұсқамада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптардың енгізілуін қамтамасыз етуді; (b) Жоба бойынша Операциялық нұсқамада көрсетілген іске асыру хаттамасымен және мониторинг жүйесімен сәйкестікті қамтамасыз етуді; және (с) кіші жобалар шеңберінде гранттар мен әлеуметтік стипендияларды уақтылы игеру үшін Жоба бойынша Операциялық нұсқамада белгіленген банктік карталарды толықтыру рәсімдерінің қолданылуын қамтамасыз етуді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      B. Жоба бойынша Операциялық нұсқама
      1. Алушы Жобаны Білім және ғылым министрлігі арқылы Дүниежүзілік банк талаптарын қанағаттандыратын нұсқама ережелеріне (бұдан әрі – Жоба бойынша Операциялық нұсқама) сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді, ол өзгелермен қатар мыналарды қамтуға тиіс:
      (a) Жоба шеңберінде іске асыру тетіктері, қаржылық басқару, сатып алу мен бухгалтерлік есепке алу жөніндегі рәсімдер;
      (b) Үйлестіру агенттігіне арналған техникалық тапсырма;
      (c) қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту және Бенефициарларды таңдау бойынша кіші жобаларды таңдау, бағалау, іске асыру және бақылау жөніндегі өлшемшарттар мен рәсімдік талаптар;
      (d) қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаларға жастардың оңды даму элементтерінің (мысалы, қоғамдық істерге қатысу, бастамашылдық, қолдау жүйесі, қауіпсіз кеңістік және жағымды мінез-құлқы үшін қоғамның мойындауы) интеграциялану өлшемшарттары;
      (e) қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобалар шеңберінде іске асыру хаттамасы және мониторинг жүйесі;
      (f) кіші жобалар шеңберінде гранттар мен әлеуметтік стидендияларды уақытылы игеру үшін банктік карталарды толықтыру рәсімдері;
      (g) жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту және жобаларды басқару мәселелері бойынша оқыту бөлігінде өлшемшарттар; және
      (h) ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және проблемаларды шешу тетігі бөлігіндегі өлшемшарттар.
      2. Жоба жөніндегі Операциялық нұсқаманың шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттары артықшылық күшке ие болады. Дүниежүзілік банкпен келісілген жағдайларды қоспағанда, Алушы Жоба бойынша Операциялық нұсқаманы және оның қандай да бір бөлігін орындауды тапсыруға (басқаға беруге), өзгертуге, оның күшін жоюға немесе одан бас тартуға тиіс емес.

      C. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
      Алушы Жобаны іске асыруды 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде алаяқтық пен жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі нұсқаманың» және құжаттың 2011 жылғы қаңтарда жаңартылған нұсқасының (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама) ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      D. Қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобалар
      1. Жобаның 1(а)-бөлігін орындау үшін Алушы Білім және ғылым министрлігі арқылы Үйлестіру агенттігінің қоғамдастық бастамаларына негізделген даму моделі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, әрбір кіші жоба шеңберінде Гранттармен жұмыс істеу кезінде қызметтер көрсететін ұйымдар мен жастар топтары Жоба бойынша Операциялық нұсқамада белгіленген рәсімдерге сай Үйлестіру агенттігіне ұсынылған өтінімдер бойынша конкурстық негізде іріктеледі.
      2. Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен келісілген шарттарға сәйкес Үйлестіру агенттігінің кіші жоба шеңберінде Грант алушы тиісті Бенефициармен жасасқан кіші жоба шеңберіндегі әрбір Грант туралы келісімді іске асыру жөніндегі жұмысын мыналарды қоса қамтамасыз етеді:
      (a) кіші жобалар шеңберіндегі Грант теңгемен көрсетіледі;
      (b) Білім және ғылым министрлігі өз мүдделерін және Дүниежүзілік банктің мүдделерін тиісті түрде қорғау үшін мыналарды қоса құқықтар алуға:
      (i) кіші жоба шеңберінде Грант алатын Бенефициар кіші жоба шеңберіндегі Грант туралы келісімде көзделген өзінің қандай да бір міндеттерін орындамаған жағдайда, Бенефициардың кіші жоба шеңберінде Грант қаражатын пайдалану құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату немесе алған барлық соманы немесе оның қандай да бір бөлігін қайтарып алу құқығын;
      (ii) кіші жоба шеңберінде Грант алатын әрбір Бенефициардан:
      (A) Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын негізделген техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен тәсілдерге, оның ішінде негізгі Алушы болып табылмайтын Грант қаражатын өзге де алушыларға қолданылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес қоғамдастық игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша тиісті кіші жобаны тиісінше және тиімді іске асыруды;
      (B) қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша тиісті кіші жобаның іске асырылуы үшін қысқа мерзімдерде қажетті ресурстар ұсынуды;
      (C) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес кіші жоба шеңберіндегі Грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды;
      (D) Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келетін көрсеткіштерге сәйкес қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаның шеңберінде жұмыстардың атқарылу барысын бақылауды және бағалауды жүзеге асыруға және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін саясат пен рәсімдердің сақталуын;
      (E) (1) кіші жобаның іске асырылуымен байланысты операциялардың, ресурстар мен шығыстардың көрсетілуін қамтамасыз ете отырып, Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келетін жалпыға бірдей қабылданған стандарттарға сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуді және қаржылық есептілікті дайындауды;
      (2) Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келетін жалпыға  бірдей қабылданған аудит стандарттарына сәйкес Дүниежүзілік банктің, Білім және ғылым министрлігінің немесе Жобаны басқару жөніндегі топтың өтініші бойынша Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын тәуелсіз аудиторлар тарапынан осы қаржылық есептіліктің аудиторлық тексеруін, сондай-ақ аудит есептілігі арқылы тексерілген қаржылық есептіліктің Алушыға және Дүниежүзілік банкке уақытылы ұсынылуын ұйымдастыруды;
      (F) Алушы мен Дүниежүзілік банк тарапынан қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаға, ол бойынша жұмыстарға және кез келген тиісті құжаттамаға тексеру жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
      (G) жоғарыда баяндалғандарға байланысты Алушы мен Дүниежүзілік банк негізді түрде талап ете алатын барлық ақпаратты дайындауды және Алушы мен Дүниежүзілік банкке ұсынуды талап ететін құқықтар алуға міндеттенеді.
      3. Алушы мен Дүниежүзілік банктің мүдделерін қорғауды және Жобаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, Алушы кіші жоба шеңберінде әрбір Грант туралы келісім шеңберіндегі өз құқықтарын жүзеге асырады. Алушы Дүниежүзілік банкпен өзгеше уағдаластық болмаған кезде, кіші жоба шеңберінде қандай да бір Грант туралы келісімді немесе оның кез келген ережесін басқаға табыстамайды, өзгертпейді, оның күшін жоймайды немесе одан бас тартпайды.

      E. Әлеуметтік стипендия
      Алушы Білім және ғылым министрлігі арқылы Үйлестіру агенттігінің Жоба бойынша Операциялық нұсқамада көзделген сомаға, кезеңділікке, өлшемшарттарға және банк карталарын толықтыру рәсімдеріне сәйкес қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы дағдыларға оқыту бойынша кіші жобаға қатысатын жобаның жас қатысушыларына не қызмет көрсетуші ұйым арқылы, не топтың қатысушысы ретінде ең төмен күнкөріс деңгейін өтейтін стипендиялардың берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      II бөлім. Жоба бойынша мониторинг, есептілік және қызметті бағалау
      A. Жобаның іске асырылу барысы туралы есеп; Жобаның іске асырылуының аяқталуы туралы есеп
      1. Алушы Жоба бойынша жұмыстың барысын мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырады және Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келетін көрсеткіштердің негізінде Жобаның іске асырылуы туралы есеп жасайды. Жобаның іске асырылуы туралы әрбір есеп ұзақтығы күнтізбелік бір тоқсан болатын кезеңді қамтиды және Есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірілмей Дүниежүзілік банкке ұсынылады.
      2. Алушы Жобаның іске асырылуының аяқталуы туралы есепті Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес жасайды. Жобаның іске асырылуының аяқталуы туралы есеп Жоба жабылғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей Дүниежүзілік банкке ұсынылады.

      B. Қаржылық басқару; Қаржылық есептер; Аудиторлық тексерулер
      1. Алушы Стандартты шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын Жоба бойынша қаржылық басқару жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді.
      2. Алушы Жоба бойынша тоқсандық аралық аудиттелмеген қаржылық есептердің Дүниежүзілік банк талаптарына сай келетін нысанда және мазмұнда жасалып, әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірілмей, Дүниежүзілік банкке ұсынылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3. Алушы Жоба бойынша қаржылық есептілікті аудиторлық тексеруді Стандартты шарттардың 2.07 (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырады. Қаржылық есептілікті әрбір аудиторлық тексеру Алушының бір қаржылық жыл кезеңін қамтиды. Әрбір кезең бойынша аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік аудит кезеңі аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей Дүниежүзілік банкке ұсынылады.

      III бөлім. Сатып алуды жүзеге асыру
      A. Жалпы ережелер
      1. Сатып алуды және консалтингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асырудың басшылыққа алынатын қағидаттары. Жобаны іске асыру үшін қажетті және Грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, консультациялық емес және консалтингтік көрсетілген қызметтердің барлығын сатып алу мынадай құжаттарда:
      (a) 2011 жылғы қаңтарда шығарылған және 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Сатып алу жөніндегі нұсқама) І бөлімінде тауарларға, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуге қатысты және 2011 жылғы қаңтарда шығарылған және 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқама) І және IV бөліміндерінде консультанттар көрсететін қызметтерге қатысты, сондай-ақ
      (b) осы ІІІ бөлімнің ережелерінде жазылған немесе ескерілген, сондай-ақ Сатып алу жоспарында нақтыланған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Айқындамалар. Осы Бөлімде сатып алудың нақты әдістерін немесе Дүниежүзілік банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде бас әріппен пайдаланылатын терминдер қаралып отырған жағдайға байланысты, тиісінше Сатып алу жөніндегі нұсқаманың ІІ және ІІІ бөлімдерінде немесе Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың ІІ, ІІІ, IV және V бөлімдерінде жазылған әдістерге жатады.

      B. Тауарларды сатып алудың белгілі бір әдістері
      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды және консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықты өткізу нәтижесінде берілген келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады.
      2. Тауарларды сатып алудың басқа да әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде тауарларды сатып алу үшін халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа мынадай: (а) осы Келісімге 2-қосымшаға Толықтыруда жазылған қосымша ережелер ескеріле отырып, ұлттық конкурстық сауда-саттық, (b) ашық нарықта сатып алу және (с) тікелей келісімшарттарды жасасу сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.
      3. Қоғамдастық игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаларды іске асыру үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жергілікті қоғамдастық шеңберінде Сатып алу жөніндегі нұсқамада көрсетілген рәсімдерге сәйкес сатып алуға тиіс.

      C. Консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алудың белгілі бір әдістері
      1. Баға мен сапаның арақатынасына негізделген іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, онда консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алу сапа және құн бойынша іріктеу негізінде жасасқан келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алудың басқа да әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алу үшін сапа және құн бойынша іріктеуден басқа мынадай: (а) бекітілген бюджет жағдайларында іріктеу, (b) ең төмен құн бойынша іріктеу, (с) консультанттың біліктілігіне негізделген іріктеу, (d) бір көзден іріктеу, сондай-ақ (е) дара консультанттарды іріктеу сияқты әдістер пайдаланылуы мүмкін.

      D. Дүниежүзілік банктің сатып алу жөніндегі шешімдерге шолу жасауы
      Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар айқындалады. Барлық қалған келісімшарттар Дүниежүзілік банктің кейіннен қарауына жатады.

      IV бөлім. Грант қаражатын алу
      А. Жалпы ережелер
      1. Алушы төмендегі 2-тармақтың кестесінде берілген құқықтық күші бар шығыстарды қаржыландыру үшін грант қаражатын мыналардың: (а) Стандартты шарттардың ІІІ бабының; (b) осы бөлімнің, сондай-ақ (с) Алушыға хабарламада (Дүниежүзілік банк кезең-кезеңімен енгізетін өзгерістерін және жоғарыда аталған нұсқаулықтарды орындау үшін олардың мүмкіндігінше осы Келісімге сәйкес болуын ескере отырып, 2006 жылғы мамырда басып шығарылған Дүниежүзілік банктің жобаларды іске асыруға қаражат беру жөніндегі нұсқамасын қоса алғанда) Дүниежүзілік банк айқындай алатын қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес ала алады.
      2. Төменде ұсынылған кестеде грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін құқықтық күші бар шығыстардың санаттары (бұдан әрі – Санат), әрбір Санатқа грант сомаларының бөлінуі, сондай-ақ әрбір Санатта құқықтық күші бар шығыстар шеңберінде қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген:

Санат Гранттан бөлінген сома (АҚШ долл.) Қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық қатынасы
(салықтарды қоса алғанда)

(1) Жоба бойынша 1-бөліктің шеңберіндегі кіші жобаларды іске асыру шеңберіндегі тауарлар, консалтингтік қызметтер көрсету, оқыту, стипендиялар, гранттар және операциялық шығыстар

20000000

100 %

(2) Жоба бойынша 2 және 3-бөлікті орындау шеңберіндегі тауарлар, консалтингтік қызметтер көрсету, оқыту және және операциялық шығыстар

1763000

100 %

ЖАЛПЫ СОМА

21763000


      (а) «Операциялық шығыстар» термині Жобаны іске асыруға, көлік құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен оларды жалдауға байланысты, отынға, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да жұмсалатын материалдарға ақы төлеу үшін, көлік құралдары мен жабдықтарын сақтандыру, офисті жалдау, интернет пен байланысқа ақы төлеу, ақпараттық жүйелерді қолдау, құжаттаманы аударуға байланысты шығыстарды төлеу, банк алымдарын, коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ қолайлы іссапар мен көлік шығыстарын төлеу, тәуліктік және тұру шығыстарын, жас адамдарға арналған кіші жобалар шеңберінде қызмет көрсететін ұйымдар шеккен үстеме шығыстарды, сондай-ақ Жоба бойынша қызметті жүзеге асыруға тікелей байланысты басқа да негізделген шығыстарды төлеу үшін Алушы және/немесе Жобаны басқару жөніндегі топ шеккен негізделген және қосымша шығыстарды білдіреді. Операциялық шығыстар Алушының мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдарының жалақысын қамтымайды.
      (b) «Оқыту» термині Жобаны іске асыру барысында мыналарға: (і) өткізілетін оқытуға байланысты оқытушылар және білім алушылар шеккен,  негізделген іссапар шығыстарына, тұруға, тамақтануға арналған және тәуліктік шығыстарға; (іі) курс құнына; (ііі) оқытуды/семинарды өткізу үшін пайдаланылатын үй-жай мен жабдықтарды жалдау ақысына; (іv) осы тармақта көзделмеген оқыту материалдарын дайындауға, алуға, қайта шығаруға және таратуға орай шығыстарға байланысты туындайтын шығыстарды (кіші жобалар гранттары шеңберінде қаржыландырылатын консалтингтік немесе оқытумен байланысты емес) білдіреді.

      В. Қаражатты алу шарттары; Қаражатты алуға арналған кезең
      1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, грант қаражатын:
      (а) осы Келісімге қол қойылған кезге дейін орындалмаған төлемдер үшін;
      (b) Алушы мен Үйлестіру агенттігінің арасында Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын Үйлестіру агенттігі көрсететін қызметтерге келісімшартты ресімдеу сәтіне дейін, сондай-ақ оның заңды күшіне және толық көлемде қолданысқа енген сәтке дейін Жобаның 1-бөлігінің шеңберінде орындалған төлемдер үшін; немесе
      (с) Білім және ғылым министрлігі жанынан әзірленген техникалық тапсырмалары, ресурстары және жасақталған штаты (ең кем дегенде, Жоба үйлестірушісін, қаржылық басқару мәселелері жөніндегі маманды, сатып алу жөніндегі маманды және аудармашыны қоса алғанда) және Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын, бөлінген тиісінше офистік үй-жайы бар Жобаны басқару жөніндегі топты құру сәтіне дейін алуға жол берілмейді.
      2. Стандартты шарттардың 3.06 (с) бөлімінде көрсетілген жабылу күні 2017 жылғы 29 желтоқсан болып есептеледі.

      V бөлім. Өзге де міндеттемелер
      1. Осы Келісім күшіне енген кезден бастап қырық бес күн ішінде Жобаны басқару жөніндегі топта Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын есептілік және бухгалтерлік есепке алу жүйесі жұмыс істеуге тиіс.
      2. Жобаға орташа мерзімді шолу жүргізілгенге дейін жиырма күннен кешіктірілмей немесе Дүниежүзілік банкке қолайлы кешірек мерзімде Алушы, Білім және ғылым министрлігі арқылы Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын және мынадай аспектілерді: (a) осы уақытқа дейін Жобаның іске асырылу нәтижелерін бағалауды; (b) осы Келісімге 2-қосымшаның II.A.1-бөлімінде белгіленген, нәтижелердің матрицасын және тиімділік көрсеткіштерін қоса алғанда, Жобаның жоспарын өзгертуге кез келген қажеттілікті; (c) Жобаны іске асыруды аяқтауға қарай одан арғы қадамдарын қысқаша сипаттауды қамтитын орташа мерзімді шолу туралы есепті дайындауға және ұсынуға міндеттенеді.
      3. Келісім күшіне енгеннен кейін Алушы жиырма төрт айдан кешіктірмей Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Жобаның іске асырылуының орташа мерзімді шолуын жүргізуге және кейіннен келісілген шараларға сәйкес Жобаны іске асыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

2-ҚОСЫМШАҒА ТОЛЫҚТЫРУ

ҰЛТТЫҚ КОНКУРСТЫҚ САУДА-САТТЫҚ - ӨЗГЕРІСТЕР

      Ұлттық конкурстық сауда-саттық шеңберінде сақталатын сатып алуды жүзеге асыру рәсімі 2013 жылғы 13 шілдедегі № 125-V өзгерістерді қоса алғанда, Алушының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңында жазылған «Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу» рәсімі болып табылады; алайда оған мынадай шарттар қойылады: мұндай рәсім І бөлімнің ережелеріне, III бөлімінің 3.3 және 3.4-тармақтарына және Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 1-қосымшасына және мынадай қосымша ережелерге сәйкес болуға тиіс:
      (а) Құқықтық күш: сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысуға құқықтылығы және оларға Дүниежүзілік банк қаржыландыратын келісімшартты беру Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес болуы тиіс; тиісінше, Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысушы немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушы өздерімен Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшарттарды жасасу үшін құқықты емес деп жариялана алмайды. Шетелдік қатысушылар ұлттық конкурстық сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі және шетелдік қатысушылар сатып алу процесіне қатысу құқығын алу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен ынтымақтасуға міндетті емес.
      (b) Тіркеу: конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалардың қатысуымен шектелмейді, ал сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру үшін алдын ала талап ретінде оған шетелдік қатысушылардан жергілікті билік органдарында тіркелу талап етілмейді.
      (c) Артықшылықтар: конкурстық ұсыныстарды бағалау барысында сауда-саттыққа қатысушының азаматтығы, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің шығу тегі, жергілікті қамту, азаматтардың қатысу дәрежесі және/немесе кез келген басқа да преференциялық бағдарламалар негізінде артықшылықпен қарау фактілеріне жол берілмейді.
      (d) Тендерлік құжаттама: сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар тиісті стандартты тендер құжаттарын, оның ішінде Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын келісімшарт ережелерін пайдаланады.
      (e) Шығыстарды бағалау: шығыстарды бағалау құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға жария етуге жатпайды. Дүниежүзілік банктің алдын ала жазбаша келісімін алмай, шығыстар бағасымен және/немесе бюджеттің шекті деңгейімен салыстыру негізінде конкурстық ұсыныстарды қабылдамауға жол берілмейді.
      (f) Конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімі: конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімін ұзартуға, айрықша мән-жайларда, қолданылу мерзімінің аяқталу күні басталғанға дейін сауда-саттыққа барлық қатысушылардың жазбаша нысандағы өтініші бойынша және мерзім бағалауды аяқтауға және/немесе келісімшартты жасасуға қажетті ең аз кезеңге ұзартылатын жағдайда ғана бағалауды аяқтауға немесе келісімшартты жасасуға қажетті ең аз мерзімге ұзартуға жол беріледі және ол төрт (4) аптадан аспайды. Мерзімді қосымша ұзарту туралы бұдан кейінгі өтініштерге Дүниежүзілік банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жол берілмейді.
      (g) Конкурстық ұсыныстарды ұсыну және конверттерді ашу: сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық ұсыныстарды дайындау және беру үшін, сауда-саттыққа қатысуға шақыру жарияланған кезден бастап немесе тендер құжаттамасы алынған кезден бастап оқиғалардың қайсысы кешірек болатынына байланысты кемінде отыз (30) күн беріледі. Конкурстық ұсыныстар бар конверттер өтінімдерді беру мерзімі аяқталған соң дереу көпшілік алдында ашылады. Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі өз конкурстық ұсыныстарын берген сауда-саттыққа барлық қатысушыларға, сондай-ақ Дүниежүзілік банк тарапынан алдын ала қарауға жататын келісімшарттарға қатысты Дүниежүзілік банкке уақытында беріледі.
      (h) Біліктілік: біліктілік өлшемшарттары тендер құжаттамасында нақты айқындалады. Тендер құжаттамасында белгіленген барлық өлшемшарттар және тек осы өлшемшарттар ғана сауда-саттыққа қатысушының тиісті біліктілігі бар-жоқтығы екенін айқындау үшін пайдаланылады. Біліктілікті бағалау «сәйкес/сәйкес емес» қағидаты бойынша жүргізіледі, ал балдық жүйе қолданылмайды. Осындай бағалау объективті және өлшенетін факторларды, оның ішінде: (i) тиісті жалпы және осы салаға тән тәжірибені, сондай-ақ келісімшартты орындағаннан кейін қанағаттанарлық өндірістік көрсеткіштерді және белгілі бір кезең ішінде ұқсас келісімшарттарды ойдағыдай аяқтауды; (ii) қаржылық жағдайды; және тиісті жағдайларда (iii) құрылыс жабдықтарының және/немесе өндірістік жабдықтардың мүмкіндіктерін назарға ала отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшартты нәтижелі орындау қабілеті мен ресурстарына ғана негізделеді.
      (i) Дүниежүзілік банктің талаптарына жауап беретін алдын ала біліктілік бойынша рәсімдер мен құжаттама ірі, күрделі және/немесе мамандандырылған жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттарға қатысты қолданылады. Оның негізінде сауда-саттыққа қатысушы алдын ала біліктіліктен өткен ақпаратты, оның ішінде қатысушының персонал мен жабдыққа қатысты ағымдағы міндеттемелері мен мүмкіндіктерін тексеру келісімшарт жасалған сәтте жүзеге асырылады.
      (j) Алдын ала біліктілік рәсімі қолданылмайтын жағдайларда  өзімен келісімшарт жасасу ұсынылатын сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік өлшемшарттары қолданыла отырып, постбіліктілік барысында бағаланады.
      (k) Конкурстық ұсынысты бағалау: бағалау өлшемшарттары тендерлік құжаттамада нақты айқындалады. Конкурстық ұсыныстарды бағалау тендерлік құжаттамада жазылған сандық бағалауға келетін өлшемшарттарға қатаң сәйкестендіріліп жүргізіледі. Бағаны қоспағанда, бағалау өлшемшарттары ақшалай мәнде беріледі. Балдық жүйе және топтау қолданылмайды, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарды бағалау кезінде баға мәніне не ең төменгі нүкте де, пайыздық мән де берілмейді. Конкурсанттар маңызды емес, болмашы ауытқулар себепті алып тасталмайды.
      (l) Келісімшарттар конкурстық ұсынысы: (i) тендерлік құжаттамаға едәуір дәрежеде сәйкес келетін және (ii) ең төмен бағалау құнын ұсынатын сауда-саттыққа білікті қатысушымен жасалады. Конкурстық ұсыныстың бағасын немесе мәнін талқылау көзделмеуге тиіс.
      (m) Өтінімдерді қабылдамау және сауда-саттықты қайтадан өткізу: өтінімдер бағалау құнынан төмен немесе жоғары болғандықтан немесе ұсыныстар құнының белгіленген шегінің немесе «тобының» шегінен шыққандықтан ғана қабылданбайды. Барлық конкурстық ұсыныстарды (немесе, егер тек біреу ғана алынса, жалғыз ұсынысты) қабылдамауға, сатып алу процесін болдырмауға, сондай-ақ жаңа конкурстық ұсыныстарға сұрау салуға Дүниежүзілік банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жол берілмейді.
      (n) Кепілдіктер: кепілдіктердің форматы мен қажетті қолданылу мерзімі тендер құжаттамасында белгіленеді.
      (o) Құпиялылық: конкурстық ұсыныстарды бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланған кезге дейін құпия болып табылады.
      (p) Электрондық сатып алу жүйелері: электрондық сатып алу жүйелері Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
      (q) Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес әрбір тендер құжатына және келісімшартқа Дүниежүзілік банктің алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарға қатысқаны Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес анықталған фирмаларға немесе жеке тұлғаларға қарсы санкциялар қолдануға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілді.
      (r) Бақылауға және аудиторлық тексерулерге құқық: сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес әрбір тендер құжатына және келісімшартқа Дүниежүзілік банктің шоттарды, есептерді және конкурстық ұсыныстардың  берілуіне байланысты басқа да құжаттарды бақылауға және аудиттеуге және келісімшарттарды орындауға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілді.

ҚОСЫМША ТОЛЫҚТЫРУ

Айқындамалар

      (а) «Бенефициар» – қызмет көрсететін ұйым немесе кіші жобаның шеңберінде грант алатын жастар тобы.
      (b) «Қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту» – жастардың оңды даму элементтерін (мысалы, қоғамдық істерге қатысу, бастамашылық, қолдау жүйесі, қауіпсіз кеңістік және жағымды мінез-құлқы үшін қоғамның мойындауы) дағдыланумен байланыстыруға мүмкіндік беретін және жас қатысушылардың танымдық тәжірибесін байытуға, оларды азаматтық жауапкершілікке тартуға және Алушының қоғамдастықтарын нығайтуға бағытталған жастарды дамыту жобасы.
      (c) «Қоғамдық істерге қатысу» - осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.3-бөліміне сәйкес жас адамның өзі үшін маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуген, сондай-ақ қоғамдастыққа игілік әкелуге бағытталған қызметті, оған қоса волонтерлік қызмет пен қоғамдастық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды білдіреді, бірақ онымен шектеліп қалмайды.
      (d) «Жергiлiктi қоғамдастық шеңберiндегі сатып алу жөніндегі нұсқама» – Білім және ғылым министрлігі дайындаған және Дүниежүзілік банктің талаптарына сай келетін нұсқама, онда сатып алуды жүзеге асыру бойынша міндеттер мен рәсімдер және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобалар шеңберінде үлгілік құжаттар егжей-тегжейлі түрде жазылады.
      (e) «Үйлестіру агенттiгi» – Алушы келісімшарт жасасқан және өзіне Жобаның 1-бөлігінің күнделікті іске асырылуына бақылау жүктелген ұйым.
      (f) «Жас адамдар тобы» – қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларын оқыту бойынша кіші жобалардың гранттық конкурсына және кіші жобалардың іске асырылуына қатысу үшін Жоба бойынша Операциялық нұсқаманың өлшемшарттарына сәйкес қалыптастырылған жас адамдар тобы.
      (g) «Қызмет көрсетуші ұйым» – өңірлері Жобаның 1 (а)-бөлігіндегі іс-шараларға қатысу үшін іріктелетін Алушының аумағында жас адамдармен жұмыс істейтін азаматтық қоғам, жекеше немесе мемлекеттік сектор ұйымы.
      (h) «Білім және ғылым министрлігі» – Алушының Білім және ғылым министрлігі немесе оның құқықтық мирасқоры.
      (i) «Сатып алу жоспары» – 2013 жылғы 4 қарашадағы Жобаны іске асыруға арналған және «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» 1.16-параграфында және «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» 1.24-параграфында аталатын сатып алу жоспары, оған аталған параграфтарға сәйкес мерзім сайын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      (j) «Жоба бойынша Операциялық нұсқама» (немесе ЖОН) – Дүниежүзілік банктің талаптарын қанағаттандыратын және Білім және ғылым министрлігі қабылдаған, Дүниежүзілік банкпен алдын ала келісілген ықтимал мерзімді түзетулер ескерілетін, осы Келісімге 2-қосымшаның I.B.-бөлімінде айтылған нұсқама.
      (k) «Кіші жоба шеңберіндегі грант» – құқықты Бенефициарға Кіші жоба шеңберіндегі Грант туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес Грант қаражатынан бөлінетін грант.
      (l) «Кіші жоба шеңберіндегі грант туралы келісім» – Үйлестіру агенттігі мен құқықты Бенефициар арасында жасалған және кіші жоба шеңберіндегі грант қаражаты есебінен қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаны іске асыру шарттарын белгілейтін келісім.
      (m) «Әлеуметтік стипендия» – қоғамдастықтың игілігі жолындағы  қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бойынша кіші жобаға қатысу үшін кіші жобаның әрбір жас қатысушысына Жоба бойынша Операциялық нұсқамада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес төленетін ақшалай нысандағы төленетін ақшалай нысандағы (жеке дебиттік карта нысанында) төлем.
      (n) «Теңге» – Алушының ресми валютасы.
      (o) «Траст қоры» – 2012 жылғы 19 желтоқсанда Дүниежүзілік банк пен Даму және ынтымақтастық жөніндегі Швейцария басқармасы (ДЫШБ) арасында қол қойылған Траст қоры әкімшілігін жүргізу туралы келісімнің талаптарына сәйкес Швейцария Үкіметі атынан ДЫШБ беретін қаражат есебінен қаржыландырылатын энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры.
      (p) «Жастардың осал топтары» – мынадай: (i) Жобаның 1(а)-бөлігіндегі іс-шараларға қатысу уақытында оқуға, еңбек қызметіне немесе кәсіптік даярлыққа тартылмаған; немесе (ii) жұмыс істейтін, бірақ кедей жас адамдар.
      (q) «Жас адам» – Жобаның 1-бөлігіндегі іс-шараларға қатысатын 14 жастан кіші емес, бірақ 30 жастан кіші Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адам.
      (r) «Жас адамдар» – Жобаның 1-бөлігіндегі іс-шараларға қатысатын, саны айқындалмаған жас адамдар.
      (s) «Жастар саясаты» – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

      2015 жылғы 10 қыркүйекте Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімнің ағылшын тіліндегі мәтінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінге дәлме-дәлдігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі
      Жастар саясаты департаментінің
      директоры                             Р. Кәрібжанова

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі
      Әкімшілік департаментінің
      мемлекеттік тілді дамыту басқармасы   Б. Әміржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады