1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2016 жылғы 1 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 4, 58-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 23-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес өткізілетін сынақтарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Полигон қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарын хабардар еткеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес № 1 учаскенің 3-7 координаттық нүктелерінің ішінде орналасқан Кіші Богдо тауының ауданындағы жер учаскесі пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары Полигон қолбасшылығымен бірлесіп, Кіші Богдо тауы ауданындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізеді.».
2. Келісімнің 9-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Полигон қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, маусымдық ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Тарапының Полигон аумағының учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды және дүлей зілзалаларды жою кезінде көмек көрсетеді.».
3. Келісімге № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«1995 жылғы 20 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей
Федерациясы Қорғаныс министрлігінің
(объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан)
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын
пайдалану тәртібі туралы келісімге
№ 1 ҚОСЫМША
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс
алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан)
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының жер учаскелерінің
шекараларын айқындайтын координаттық нүктелердің
ТІЗБЕСІ
Нүкте нөмірі |
Географиялық координаттар |
|
солтүстік ендік |
шығыс бойлық |
|
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
48 20 00 |
46 49 00 |
2 |
48 28 00 |
46 49 00 |
3 |
48 28 00 |
47 00 00 |
4 |
48 27 21 |
47 02 45 |
5 |
48 27 33 |
47 05 24 |
6 |
48 28 16 |
47 05 29 |
7 |
48 29 00 |
47 00 00 |
8 |
48 30 00 |
46 55 00 |
9 |
48 37 00 |
46 55 00 |
10 |
48 37 00 |
47 10 00 |
11 |
48 44 00 |
47 10 00 |
12 |
48 44 00 |
47 13 00 |
13 |
48 46 00 |
47 16 00 |
14 |
48 46 00 |
47 25 00 |
15 |
48 44 00 |
47 25 00 |
16 |
48 44 00 |
47 27 00 |
17 |
48 45 00 |
47 28 00 |
18 |
48 44 00 |
47 48 00 |
19 |
48 40 00 |
47 48 00 |
20 |
48 40 00 |
47 33 00 |
21 |
48 32 00 |
47 33 00 |
22 |
48 32 00 |
47 48 00 |
23 |
48 36 00 |
47 48 00 |
24 |
48 36 00 |
48 03 00 |
25 |
48 43 00 |
48 03 00 |
26 |
48 37 00 |
48 52 00 |
27 |
48 38 00 |
48 53 00 |
28 |
48 37 00 |
49 07 00 |
29 |
48 30 00 |
49 05 00 |
30 |
48 19 00 |
50 15 00 |
31 |
48 17 00 |
50 14 00 |
32 |
48 05 00 |
49 58 00 |
33 |
48 05 00 |
49 47 00 |
34 |
48 04 00 |
49 44 00 |
35 |
48 03 00 |
49 25 00 |
36 |
47 57 00 |
49 25 00 |
37 |
48 00 00 |
49 12 00 |
38 |
48 05 00 |
48 53 00 |
39 |
48 07 00 |
48 27 00 |
40 |
48 10 00 |
48 02 00 |
41 |
48 11 00 |
48 00 00 |
42 |
48 12 00 |
47 49 00 |
43 |
48 13 00 |
47 35 00 |
44 |
48 14 00 |
47 28 00 |
45 |
48 15 00 |
47 12 00 |
46 |
48 20 00 |
46 49 00 |
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
48 05 06 |
53 02 00 |
2 |
48 18 35 |
53 02 32 |
3 |
48 17 45 |
53 42 56 |
4 |
48 04 17 |
53 42 14 |
5 |
48 05 06 |
53 02 00 |
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
47 13 15 |
51 55 58 |
2 |
47 13 23 |
51 55 57 |
3 |
47 13 23 |
51 56 21 |
4 |
47 13 14 |
51 56 22 |
5 |
47 13 15 |
51 55 58». |
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде көрсетілген Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді.
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін үшін