"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына пресс-релиз
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленді.
Жаңа Заңды қабылдау халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның еңбек нарығындағы жаңа нақты жағдайларға сәйкестендіру қажеттігінен туындап отыр.
Заңды әзірлеу кезінде Халықаралық еңбек ұйымының негізін қалайтын қағидаттар ескерілді, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің тәжірибесі зерделенді.
Заң экономиканы ұзақ мерзімді қайта құрылымдауға және оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін барынша икемді еңбек нарығын қалыптастыруға бағытталған.
Қабылданған Заңның оң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлары белсенді әлеуметтік саясаттың нормаларын қолдануды; жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруды және Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік қорғалуын көздейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерді іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы жетілдіруде жатыр.
Жалпы, Заң еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыруға, еңбек қатынастарын ырықтандыру және жаңа форматтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шарттарында жұмыссыздарды әлеуметтік қолдаудың атаулығына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын кеңейтуге және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі