Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 500-V ҚРЗ

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай
өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2016
жылғы 9 сәуірдегі заңына баспасөз хабарламасы

      Заңмен Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін үлкен зауыттарында өңделетін өнімдер тізімі ұлғайды. Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық қондырғылары мұнай өңдеу зауыттарында нафта, вакуумдық газойль сияқты және басқа да әртүрлі қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мүмкіндік береді.
      Бұл жаңалық тапсырма шарты негізінде басқа АЖҚС иеленушіге арзан және сапалы мұнай өнімдерін компанияларға сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      Сонымен қатар, Заңмен екі және одан көп тұлғалардың резервуарларды қолдануы бойынша тыйым алынып тасталды.
      Мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібі мен өлшем шарттарын енгізу осы Заңның тағы бір жаңашылдығы. Бұл қоғамдық ұйымдарды қатыстыра отырып, еліміздің облыстарына мұнай өнімдерін жеткізуді ашық реттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз