«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына баспасөз релизі
Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін құруға және қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту көзделеді.
Тауарларды сатуға, кері қайтаруға және айырбастауға қойылатын талаптар жетілдірілген, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттары нақтыланған. Тұтынушылармен жасалатын шарттарға енгізілмеуі тиіс, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын шарттар айқындалды. Сатушының құқықтары және міндеттеріне өзгерістер енгізілді. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтары кеңейтілді.
Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 6 заңына енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Экономика министрлігі