Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 504-V ҚРЗ

      БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат):
      80-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi адамдарға беруiне болады.
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар, осы Кодексте және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе оның бiр бөлiгiн сатып алуға басым құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серiктестiкке қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлестерiнiң мөлшерiне барабар жүзеге асырады.
      Үлесті (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты бұза отырып сатқан кезде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай iшiнде өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.».
      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағының 53) тармақшасындағы «, тағамға биологиялық активті қоспаларды» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;»;
      «22-1) тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасына бақылау жасау;»;
      3) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      4) 21-баптың 12-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнгенде, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша ол халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасы үшін қауіпті деп танылған кезде Қазақстан Республикасының аумағына, оның ішінде эпидемиялық маңызы бар объектілерге әкелуге, онда қолдануға және өткізуге тыйым салуға;».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 715-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган»;
      2) 415-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
      3) 425-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
      4) 701-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203324327344351358425 (бірінші бөлігінде), 428430 (бірінші бөлігінде), 431464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      5) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техникалық реттеу және өлшем бiртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 203415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      6) мынадай мазмұндағы 715-1-баппен толықтырылсын:
      «715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 (бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
      7) 804-баптың бірінші бөлігінің 63) тармақшасындағы «органдарының (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «органдарының (462-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 64) тармақшамен толықтырылсын:
      «64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшiншi бөлiгi), 415 (екінші бөлігі)-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.».
      4. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат):
      1) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер мемлекетке немесе мемлекеттік заңды тұлғаға тиесілі үлесті сату «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлесті сауда-саттықта сату арқылы жүзеге асырылса, осы бапта белгіленген шектеулер мұндай сату жағдайларына қолданылмайды.»;
      2) 31-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      «13. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша жекешелендіруге немесе бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттің, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі еншілес және тәуелді ұйымдарының үлесін сатуға қатысты қолданылмайды.».
      5. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Өзінің жобалау құжаттамасына және мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларында көзделген тұрғын үй ғимараттарының сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан, сондай-ақ алғаш пайдалануға берілген тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) жарнамалауға тыйым салынады.».
      6. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      1) 1-бапта:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) арзандатылған тауар – кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;»;
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;»;
      4-1)4-2) және 4-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) жаппай сату – тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;
      4-2) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;
      4-3) кедендік әкету бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін ерекше лицензия негізінде жүзеге асыру;»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Жаппай сату және арзандатылған тауарды өткізу тәртібі iшкi сауда қағидаларында белгіленеді.».
      7. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат, № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат):
      18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.».
      8. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      1) 6-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      3) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
      4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
      5) мыналарды:
      тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;
      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
      6) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында өндіру объектілері мен ішкі сауда объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      7) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;
      8) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;
      9) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамада белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      10) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
      11) өндіру объектілерінің және ішкі сауда объектілерінің есебі және мониторингі;
      12) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу;
      13) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      14) мыналарды:
      тамақ өнімдеріне оның қауіпсіздігін айқындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
      курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруі;
      тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы;
      балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу;
      тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.»;
      4-тармақтағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 16-баптың 3-тармағындағы «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 27-баптың 5-тармағындағы «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VII, 161-құжат):
      1) 1-баптағы 5)7)9)11)15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кепілдік мерзімі – тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындалған, сатып алынған күннен бастап есептелетін, осы уақыт кезеңі ішінде тауар тиісінше пайдаланылған және сақталған жағдайда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) оның (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беретін, сатушы (дайындаушы, орындаушы), Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;»;
      «7) қызмет ету мерзімі – тауарды (жұмыс нәтижесін) мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болатын, тауардың (жұмыс нәтижесінің) функционалдық мақсатына қарай заңнамада немесе шартта көзделген күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;»;
      «9) сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;»;
      «11) тауар – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, жеке, отбасылық, үй ішiнде немесе өзге де пайдалануға арналған дайындаушы (орындаушы) қызметінің нәтижесі (өнімі);»;
      «15) тұтынушы – жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;
      16) тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі – тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым;»;
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
      «2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау:
      1) тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау;
      2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы;
      3) тұтынушыларды сауаттандыру;
      4) тұтынушылардың заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысуы;
      6) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.»;
      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) отырыстарда жылына екі реттен сиретпей тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін қарайды;
      1-2) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті жібереді;»;
      4) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдауды жүргізеді;
      6) мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып қабылдаған өз шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныс (ұсынымдар) енгізеді;
      7) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асырады;
      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды және қарайды;
      9) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
      11) жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті жібереді;
      12) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;
      13) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу бойынша, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
      1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
      3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асырады;
      5) тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп келтіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат береді;
      6) уәкілетті органға тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер бойынша және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы жыл сайынғы ақпаратты есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей және жартыжылдық ақпаратты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады;
      7) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
      8) тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жетілдіру қажеттілігі нысанасына талдау жасайды және оның қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібі
      Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      6) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға;»;
      7) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар
      1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
      2. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:
      1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
      2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
      3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
      4) тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;
      5) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
      6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
      7) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
      8) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
      9) сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
      10) егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
      11) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;
      12) тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.
      3. Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.
      4. Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.
      5. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушының арасында жасалған тауарды сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету туралы кез келген шарт оларды түсіну үшін арнайы білімді қажет етпейтін, нақты тұжырымдалған және екіұшты түсіндіруді болғызбайтын талаптарды қамтуға тиіс.»;
      8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы тиісті талаптарды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыларды олардың құқықтары және сол құқықтарды қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.»;
      9) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
      Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
      10) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.
      Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.
      Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраған және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, жиынтықтаушы бұйымға кепілдік мерзімі негізгі бұйымға кепілдік мерзіміне тең болып есептеледі және негізгі бұйымға кепілдік мерзіммен бір мезгілде жүре бастайды.
      Тауарды (жинақтаушы бұйымды) ауыстырған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі қайта есептеледі.
      Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға және тауардың құрамдас бөлігіне кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан аз болып белгіленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымдағы және тауардың құрамдас бөлігіндегі кемшіліктер туралы талаптарды олар негізгі бұйымның кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде қоюға құқылы.
      Егер шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан артық болып белгіленсе, егер негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымның кемшіліктері оған белгіленген кепілдік мерзімі ішінде табылса, тұтынушы тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы.
      Тауарларды үлгілері бойынша, пошта арқылы, электрондық сауда жолымен сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі – тауарды тұтынушыға берген (жеткізген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) байланысты мән-жайлар бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды беру (жеткізу), орнату (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын сатушыға байланысты мән-жайларды жою күнін анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзім сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап есептеледі.
      Егер берілген күнді анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзімдер тауар дайындалған күннен бастап есептеледі.
      Егер тауардың дайындалу күнінде тауардың дайындалған айы мен жылы немесе жылы ғана көрсетілсе, оның дайындалу күні тиісті айдың немесе жылдың соңғы күні болып есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы бапта көрсетілген мерзімдер тұтынушының назарына осы Заңның 25-бабына сәйкес тұтынушыға берілетін тауар туралы ақпаратта жеткізіледі.»;
      11) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.»;
      12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше айқындалмаса, дайындаушы (орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) кепілдік мерзімін белгілеуге құқылы, ол мерзім ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшілігі табылған жағдайда дайындаушы (орындаушы) тұтынушының осы Заңда белгіленген талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
      2. Дайындаушы (орындаушы) белгілеген кепілдік мерзімін сатушы ұзартуға құқылы, бірақ оны қысқартуға құқығы жоқ.
      3. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін табылған кемшіліктеріне қатысты міндеттемелерді (қосымша міндеттемені) қабылдауға құқылы.
      Дайындаушының қосымша міндеттемесінің мазмұнын, мұндай міндеттеменің қолданылу мерзімін және тұтынушының осындай міндеттеме бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібін сатушы (дайындаушы, орындаушы) айқындайды.
      4. Егер дайындаушы (орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарға кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттемені орындамаса немесе оны тиісінше орындамаса, сатушы оны белгілеуге міндетті.
      5. Осындай міндеттемені орындау үшін қажетті материалдардың, жиынтықтаушы немесе қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты оны орындау мүмкін болмайтын жағдайда кепілдік міндеттеме тоқтатылмайды.»;
      13) 24-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.»;
      14) 25-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сатушы (дайындаушы) осы Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес айырбастауға немесе қайтарып беруге жатпайтын тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын тауар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Электрондық сауда жолымен өткізілетін тауар туралы ақпарат тұтынушыға ақпараттық технологиялар арқылы жеткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Сатушы дайындаушыдан тауар туралы тиісті ақпаратты алмаған жағдайда жауаптылықтан босатылмайды.
      6. Тұтынушыға сәйкестіктің тиісті сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларация, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға берілуге тиіс.
      7. Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.»;
      15) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) уәкілетті органның мекенжайын және телефон нөмірін, тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шарттарын, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызмет көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беру міндеті туралы ақпаратты маңдайшаға орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.»;
      16) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тиісті сападағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.»;
      17) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.
      Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.
      Егер талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуге тиіс.
      Тауар сапасын қосымша тексерудің (сараптаманың) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екендігі немесе кемшіліктер тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны белгіленсе, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.
      Тұтынушы сапаны тексеруге және тауарға сараптама жүргізуге өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға, сондай-ақ тауарды тексеруді (оның сараптамасын) өз есебінен жүргізуге құқылы.
      Тауар (жиынтықтаушы бұйым) ауыстырылған кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі оны тұтынушыға берген күннен бастап қайтадан есептеледі.
      3. Тауарда табылған кемшіліктерді тұтынушының келісімімен сатушы (дайындаушы), егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.
      Тауардың кемшіліктерін жоюдың шартта айқындалатын мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс. Егер тауарда табылған кемшіліктерді жою кезінде олардың мерзімінде жойылмайтыны айқын болған жағдайда, тараптар тауардың кемшіліктерін жоюға арналған мерзімді күнтізбелік он күнге ұзарту туралы қосымша келісім жасасуы мүмкін. Бұл ретте тауардың кемшіліктерін жоюға қажетті қосалқы бөлшектердің (детальдардың, материалдардың), жабдықтардың, маманның және басқалардың болмауы дайындаушыны (сатушыны) тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
      Тауардың кемшіліктері жойылған жағдайда оған кепілдік мерзімі тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушының тауардың кемшіліктерін жою туралы талаппен жүгінген күнінен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі.
      Дайындаушы (сатушы) тауарды берген кезде тұтынушыға кепілдік мерзімінің ұзартылғаны туралы ақпаратты жазбаша нысанда беруге міндетті.»;
      18) 31-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге де құралдарды пайдалануға байланысты дайындаушының (орындаушының) ғылыми және техникалық білім деңгейі олардың ерекше қасиеттерін және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берген-бермегеніне қарамастан, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін, сондай-ақ егер тауар өтеусіз немесе төмендетілген бағамен берілген, сатылған, ал қызмет солай көрсетілген болса жауапты болады.
      6. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) зиян үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің не еңсерілмейтін күштің немесе тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы салдарынан келтірілгені туралы дәлелдемелерді ұсынған кезде жауаптылықтан босатылады.»;
      19) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Дайындаушы (орындаушы) тауарды (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нәтижесі) немесе оның бір бөлігін пайдаланудың белгіленген мерзімі (жарамдылық, қызмет ету мерзімі), оны пайдаланудың міндетті шарттары және оларды орындамаған жағдайда болатын ықтимал салдарлар туралы, сондай-ақ осы мерзім аяқталғаннан кейінгі қажетті іс-әрекеттер туралы тұтынушыға ескертуге тиіс.»;
      20) 35-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан (жылжымайтын мүлікке бес жылдан) кем болған және жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктерін тұтынушы кепілдік мерзім өткеннен кейін, бірақ екі жыл (жылжымайтын мүлікке бес жыл) шегінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы осындай кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды қоюға құқылы.
      7. Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) елеулі кемшіліктері табылған жағдайда, тұтынушы кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, орындаушыға кемшіліктерді өтеусіз жою туралы талап қоюға құқылы. Бұл талап, егер осындай кемшіліктер жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап екі жыл (жылжымайтын мүлікке қатысты бес жыл) өткеннен кейін, бірақ жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесіне белгіленген кепілдік мерзімі шегінде немесе егер кепілдік мерзімі белгіленбесе, жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап он жыл ішінде табылған болса, қойылуы мүмкін.»;
      21) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Шарт жасасқаннан кейін орындаушы беруге тиіс материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны айтарлықтай өскен кезде орындаушы белгіленген сметаны ұлғайтуды талап етуге, ал тұтынушы осы талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуға құқығы бар.»;
      22) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер жұмыс толық немесе ішінара тұтынушының материалынан орындалатын болса, орындаушы сол материалдың сақталуына, оның дұрыс пайдаланылуына жауапты болады.
      Жұмысты орындау (қызмет көрсету) туралы шартта немесе өзге де құжатта тұтынушы материалының нақты атауы және сипаттамасы көрсетілуге тиіс.»;
      23) 40-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ олардың қауымдастықтарын (одақтарын) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруына тыйым салынады.»;
      24) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары
      1. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, олардың қауымдастықтары (одақтары):
      1) уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
      3) тауардың тұтынушылық қасиеттерін, оған сұранысты зерделеуге, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;
      4) өтініштер, шағымдар қабылдауды жүзеге асыруға;
      5) тұтынушының өтініші, шағымы келіп түскен жағдайда тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бірлестіктерде тұтынушылардың мүдделерін білдіруге;
      7) тұтынушылардың мүдделеріне, оның ішінде тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделеріне орай сотқа талап-арыз беруге;
      8) тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары жөніндегі ақпаратты зерттеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға;
      9) әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды іске асыруға;
      10) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) қауіпсіздігі жөніндегі міндетті талаптарды белгілейтін стандарттар мен нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысуға;
      11) сауда, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету түрлері саласында тұтынушылар құқықтарының сақталуы жөніндегі ақпаратты зерделеуге және тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
      12) тиісті мемлекеттік органдарға қауіпсіздік және сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаған) шығарған және өткізген адамдарға қатысты өз құзыреті шегінде шара қолдану мақсатында өтінішпен жүгінуге;
      13) тұтынушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген құқықтары бұзылған жағдайда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері болып табылмайтын тұтынушылардың мүдделеріне орай талап-арыз беруге;
      14) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпаратты таратуға құқылы. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың қауымдастықтары, одақтары) жариялайтын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері жарнама болып табылмайды;
      15) тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстарды енгізуге;
      16) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы ашық және жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға қатысуға;
      17) тұтынушыларға заңдық және консультациялық көмек көрсетуге;
      18) тұтынушы мен сатушы (орындаушы, дайындаушы) арасындағы жанжалдарды шешу кезінде медиация процесінде өз мүшелері арқылы тұтынушылардың мүдделерін білдіруге;
      19) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысуға құқылы.
      2. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, олардың қауымдастықтары (одақтары) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша:
      1) тұтынушылар шағымдарының саны және мазмұны;
      2) жарғылық мақсаттарда өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ұсынады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады