1-бап. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 65-4) тармақшамен толықтырылсын:
"65-4) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті – парниктік газдар шығарындыларының өнімнің бірлігіне арақатынасының көрсеткіші;";
2) 17-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";
3) 57-2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.";
4) 94-5-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "әзірленеді және тиісті кезеңге бекітіледі" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тиісті кезеңге әзірленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 219-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.";
6) 225-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан жинақтауыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне және сарқынды су жинақтауыштарға ағызуға тыйым салынады.";
7) 301-баптың 1-тармағында:
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы;
10) макулатура, картон және қағаз қалдықтары;";
14) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) электрондық және электр жабдықтары;";
17) тармақша алып тасталсын;
8) 324-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Кодекстің 94-2, 94-4, 94-7 және 94-9-баптарының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.";
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 18) және 19) тармақшаларының қолданысы 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |