Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 маусымдағы № 78-VІ ҚРЗ.

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттары мен ұсынатын практикасына сәйкес апатқа ұшырау жағдайындағы не ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

      Келісім:

      тараптардың  авиациялық оқиға туралы өзара хабар беру міндетін, сондай-ақ бір тараптың басқа тараптан іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге көмек көрсетуін сұрау құқығын;

      екі тарап үшін іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын жүргізу, ақпарат және тәжірибемен алмасу үшін құқықтық негізді айқындайды.

      Қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз