Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2017 жылғы 3 шілдедегі № 85-VI ҚРЗ.

Баспасөз релизі

      2017 жылғы 3 шілдеде Елбасымен "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға (бұдан әрі — Конституциялыц заң) қол қойылды.

      Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Жұмыс тобының отырысында атап өтілген тапсырманы орындау мақсатында әзірленді. Заң Президенттің конституциялық өзгерістерді талап етпейтін заңмен бекітілген өкілеттіктерін қайта бөлуді көздейді.

      Конституциялық заңмен "Үкімет туралы" және "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

      Онда Үкіметке Президенттің экономикалық процесстерді реттеу саласындағы келесі өкілеттіктерін беру көзделіп отыр:

      Республикалық бюджет комиссиясын құру, ол туралы ережені бекіту, және оның құрамын анықтау;

      Президенттің келісуімен мемлекеттік жоспарлау жүйесін анықтау;

      республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындау.

      Сондай-ақ, Президенттің Үкіметтің республикалық бюджетті әзірлеу және оны өзгерту, Парламентке республикалық бюджет пен оның орындалуы туралы есепті ұсыну тәртібін анықтау өкілеттігі алынып тасталды.

      Одан өзге, Конституциялық заңымен Президенттің судьялардың куәлігін беру тәртібін орнату өкілеттігін Жоғары сот кеңесіне беру көзделеді.

      Заң мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және кері әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз