"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 қазандағы № 103-VІ ҚРЗ.

1-бап. "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 313-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы";

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне (бұдан әрi – халықаралық ұйымдар) мүшелiгiнiң құқықтық шарттарын айқындайды.";

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгi

      1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрi – ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi – ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрi – ХҚК), Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрi – ХДҚ), Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiнiң (бұдан әрi – ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталықтың (бұдан әрi – ИДРХО), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi – ЕҚДБ), Азия Даму Банкiнiң (бұдан әрi – АДБ), Ислам Даму Банкiнiң (бұдан әрi – ИДБ), Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрi – АИИБ) мүшесi болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы барлық түзетулерін қоса алғанда, ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерiнің баптарына, ИДБ-ның Құрылтай шартына, ИККА-ны құру туралы конвенцияға және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялар саласындағы дауларды реттеу туралы конвенцияға, ЕҚДБ-ны, АДБны құру туралы келiсiмдерге қатысушы мемлекет болып табылады және тиiсiнше ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ, АИИБ Басқарушылар кеңесi қарарларының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне қатысты ережелерi мен шарттарын қабылдады.

      3. Қазақстан Республикасы ХВҚ-ның Қарыз алудың арнайы құқықтары департаментiне қатысушының барлық мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне қабылдады.";

      4) 2-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздар туралы тиiстi келiсiмдердiң шарттарына және қарарлардың, тиiстi келiсiмдер баптарының, құру туралы келiсiмдердiң, конвенциялардың немесе Құрылтай шартының Қазақстан Республикасының ХҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ға, АДБ-ға, ИДБ-ға, АИИБ-ға мүшелiгiне қатысты ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арқылы қарыздар тартуға, қаржыландырудың басқа да нысандарын пайдалануға және Қазақстан Республикасының атынан осы халықаралық ұйымдарға сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге уәкiлеттi.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерiнiң баптарына, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдерге және ИККА-ны құру туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ХҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ға, АДБға, АИИБ-ға мүшелiгiне қажет болуы немесе сай келуi мүмкiн, басқаға берiлмейтiн сыйақысыз борыштық мiндеттемелердiң кез келгенін шығаруға уәкiлеттi.";

      5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға

      уәкiлеттi мемлекеттiк органдар

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ Келiсiмi Баптарының 2-бөлiмi III бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде әрекет етеді.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ, АИИБ келiсiмдерi баптарының, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдердiң, ИДБ Құрылтай шартының ережелерiнде көзделген барлық операциялар мен мәмiлелердi Қазақстан Республикасының атынан орындауға уәкiлеттi.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ Келiсiмi Баптарының 1-бөлiмi V бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде әрекет етеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ Келiсiмi Баптарының ережелерiнде көзделген барлық операциялар мен мәмiлелердi Қазақстан Республикасының атынан орындауға уәкiлеттi.

      3. ХҚК Келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi IV бабының, ХДҚ Келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi VI бабының, ИККА-ны құру туралы конвенцияның 38-бабы V тарауының, ЕҚДБ-ны құру туралы келiсiмнiң 34-бабы VI тарауының, АДБ-ны құру туралы келiсiмнiң 38-бабы VI бөлiмiнiң талаптарына сәйкес – Қаржы министрлiгi, ИДБ Құрылтай шартының 40-бабы V бөлімінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын лауазымды адам, АИИБ Келісімі Баптарының 33-бабы VI тарауының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті ресми орган Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық ұйымдармен байланыс арнасы ретiнде айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi келiсiмдердiң тиiстi баптарына, құру туралы келiсiмдерге, конвенцияларға немесе Құрылтай шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрiндегi барлық авуарлардың, сондай-ақ ХВҚ-ның, ХҚДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның, АИИБ-ның басқа да активтерiнiң депозитарийi ретiнде тағайындалады.

      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi ХВҚ-ның, ХҚДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның, АИИБ-ның басқарушылар кеңестерiне, ИДРХО-ның Әкiмшiлiк кеңесiне Қазақстан Республикасының атынан мiндеттердi орындау үшiн тиiстi лауазымды адамды Қазақстан Республикасының өкiлi (Басқарушы) ретiнде, сондай-ақ Басқарушы болмаған кезде, мiндеттерiн орындау үшiн барлық өкiлеттiктер берілген оның орынбасарын тағайындауға уәкiлеттi.";

      6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Халықаралық ұйымдардағы мүшелiкке байланысты операцияларды жүзеге асыру

      ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерi баптарының, ИККАны құру туралы конвенцияның, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерiнде көзделген операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы төлеуге немесе Қазақстан Республикасына төленуге жататын сомалардың аударылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылады.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады