Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI ҚРЗ.

Мемлекет басшысымен "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңына қол қойылды

      Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысымен "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заңдар) қол қойылды.

      Заңдар кәсіби бағалаушылар саласында бірнеше бағалаушылар палатасы базасында құрамында үш жүзден (300) кем емес жеке тұлға-бағалаушыны біріктіретін өзін-өзі реттеуді енгізу, бағалаушылар палатасымен жүзеге асырылатын сертификаттауды енгізу негізінде лицензиялардың күшін жоюды, палатаның және оның мүшелерінің тапсырыс берушілер мен үшінші тұлғалар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу мәселелерін көздейді.

      Бағалаушылардың қызметін тексеру, "бағалаушы" және "эксперт" куәліктерін беретін біліктілік емтихандарын өткізу, бағалаушылардың стандарттары мен қағидаларын әзірлеу өкілеттіктері бағалаушылар палатасына беріледі.

      Бағалау туралы есептің анықтығы жөнінде дау туындаған жағдайда қайталама бағалау жүргізудің орнына есептердің сараптамасын жүргізу есептерді даярлау сапасын арттыруға және бағалаушылардың тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, бағалау кызметі саласындағы мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды Қаржы министрлігіне беру жөніндегі шаралар көзделген.

      Жалпы Заңдар бағалау қызметі аясындағы мемлекеттік функциялардың қысқаруына және саладағы өзін-өзі реттеудің дамуына, тұтынушылардың құқықтарын, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бағалау қызметі субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалау сапасын арттыруға, сондай-ақ, бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге жәрдемдеседі.

      Заңдар, ресми жарияланған күнінен үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзін-өзі реттеу ұйымдарының реестрін енгізу жөнінде Заңның 30-бабының 8) тармақшасынан басқа, ресми жарияланған күнінен алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз