1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Үндiстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 6 ақпандағы № 138-VІ ҚРЗ.

"1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға катысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз релизі

      Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және оған Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Хаттама ратификацияланған.

      Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 138-VI ҚРЗ Заңымен 1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға катысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Хаттама ратификацияланған.

      Хаттама:

      біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық кызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға

      екіншіден, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға

      үшіншіден, салық органдарының салықтық берешектерді өндіріп алу бойынша салық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейту жолымен салықтан жалтаруды болдырмауға мүмкіндік береді.

      Осы Хаттаманың екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретіндегі маңызды рөлін атап өткен жөн.

      Хаттама Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады және оның ережелерінің ұлттық заңнама алдында басымдығы бар.

      Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз