Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 11 қазандағы № 186-VІ ҚРЗ.

      2013 жылғы 31 мамырда Минскіде жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері,

      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән бере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімде жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі белгіленеді.

2-бап

      Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      "жұмыскер" - жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты негізінде ЕурАзЭҚ-қа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің азаматы;

      "жұмыс беруші" - жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты негізінде жұмыскермен еңбек қатынастарына түскен жеке немесе заңды тұлға;

      "өндірістегі жазатайым оқиға" (бұдан әрі - жазатайым оқиға) - егер көрсетілген уақиғалар жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған немесе жұмыс берушінің (оның өкілінің) тапсырмасы бойынша қандай да бір жұмысты орындаған кезде, сондай-ақ жұмыс берушімен жасалған еңбек қатынастарына байланысты не оның мүддесінде жасалатын өзге де құқыққа сыйымды әрекеттерді жүзеге асырған кезде болса, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру қажеттігіне, оның еңбек қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не жұмыскердің қайтыс болуына әкеп соққан, салдарынан жұмыскер дене зақымын (жарақатын) алған уақиға, оның ішінде басқа адам келтірген дене зақымы (жарақаты); ыстық өту; күю; үсу; суға кету; электр тогының соғуы; жай түсуі; сәулелену; аңдардың қабуы мен жәндіктердің шағуы және олар келтірген басқа да дене зақымдары; жарылыстар, авариялар, ғимараттардың, құрылысжайлардың және конструкциялардың қирауы, дүлей зілзалалар және басқа да төтенше мән-жайлар салдарынан зақымдар; сыртқы факторлардың әсерінен денсаулыққа келген өзге де зақымдар.

3-бап

      Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты қолданылатын қажетті шаралар, оның ішінде жазатайым оқиға туралы хабарлау тәртібі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімдері және оны жүргізу тәртібі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі, жұмыс берушінің, денсаулық сақтау мекемелерінің, мемлекеттік қадағалау қызметтерінің және басқа да мүдделі ұйымдар мен лауазымды адамдардың жазатайым оқиғаға байланысты туындаған міндеттері, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу жұмысқа орналастыратын мемлекеттің заңнамасында және осы Келісімде белгіленеді.

4-бап

      Осы Келісімге сәйкес тергеп-тексерілетін оқиғалар үшін Тараптар қосымшаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің нысанын (Н-1Е нысаны) белгілейді.

      Акт орыс тілінде және қажет болған кезде аумағында жазатайым оқиға болған Тарап мемлекетінің мемлекеттік тілінде ресімделеді.

      Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен жұмыскерге немесе оның сенім білдірген адамына Н-1Е нысанындағы актіні беруге міндетті, бұл ретте актінің бір данасы жұмысқа орналасатын мемлекеттің мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.

      Топтық жазатайым оқиғаны, ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталған соң жұмысқа орналасатын мемлекеттің уәкілетті органы Н-1Е нысанындағы актіні тергеп-тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

5-бап

      Өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шеккен жұмыскердің денсаулығына келтірілген немесе жазатайым оқиға салдарынан жұмыскердің қайтыс болуына байланысты залалды өтеу жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6-бап

      Бір Тарап мемлекетінің аумағындағы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты белгіленген нысан бойынша берілген құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін басқа Тараптар заңдастырусыз қабылдайды.

7-бап

      Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап 90 күн ішінде депозитарийге Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары туралы ресми хабарлайды.

      Уәкілетті орган өзгерген жағдайда, Тараптар мұндай өзгеріс күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей бұл туралы депозитарийді жазбаша хабардар етеді.

8-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өзінің мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

9-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

10-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      Егер дау Тараптары дауды келіссөздер мен консультациялар арқылы дау тараптарының бірі екінші дау Тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жасаған күннен бастап алты ай ішінде реттемесе, онда дау Тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзгедей уағдаластық болмаса, дау Тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарау үшін бере алады.

11-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30-күні күшіне енеді.

12-бап

      Осы Келісім ЕурАзЭҚ-қа мүше болуға қабылданған басқа мемлекеттердің қосылуы үшін күшіне енгеннен кейін ашық. Қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.

      Қосылушы мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.

13-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.

      Тараптардың әрқайсысының осы Келісімнен шығу туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жібере отырып, одан шығуға құқығы бар. Мұндай Тарап үшін осы Келісімнің қолданысы депозитарий тиісті хабарламаны алған күннен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады.

      2013 жылғы 31 мамырда Минск қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

      _________ Н-1Е нысаны

  2013 жылғы 31 мамырдағы
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастыққа мүше бір
мемлекеттің азаматтары
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа
мүше екінші мемлекеттің аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру
кезінде ұшыраған өндірістегі
жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру тәртібі
туралы келісімге
қосымша

      БЕКІТЕМІН

      ___________________________________

      (кәсіпорынның басшысы/жұмыс беруші)

      ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      20 ____ жылғы " ___ " __________

      Мөр орны

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы
№ ____ АКТ

      1. Жазатайым оқиғаның болған күні және уақыты ________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жазатайым оқиға болған күн, ай, жыл және уақыт, жұмыс басталғаннан бастап толық сағат саны)

      2. Зардап шегуші адам жұмыскері болып табылатын (болып табылған) ұйым (жұмыс беруші) _________________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, ведомстволық және салалық тиесілігі; жұмыс берушінің - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні)

      Құрылымдық бөлімшенің атауы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізген адамдар ________________________

      __________________________________________________________________________

      (тектері, аты-жөндері, лауазымдары мен жұмыс орны)

      4. Зардап шегуші туралы мәліметтер: __________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      жынысы (ер, әйел)

      __________________________________________________________________________

      туған күні

      __________________________________________________________________________

      кәсібі (лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      орындау кезінде жазатайым оқиға болған жұмысындағы өтілі

      __________________________________________________________________________

      (толық жыл мен ай саны)

      оның ішінде осы ұйымдағы өтілі

      __________________________________________________________________________

      (толық жыл мен ай саны)

      5. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалық және оқыту жүргізу туралы мәліметтер: кіріспе нұсқамалық

      __________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      жұмыс орнындағы нұсқамалық (қажеттінің астын сызу керек)

      (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы)

      орындау кезінде жазатайым оқиға болған кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша

      __________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Тағылымдама: 20 ___ жылғы "___" бастап 20 ____ жылғы " ___ " ____________дейін

      __________________________________________________________________________

      (жүргізілмеген болса, көрсету қажет)

      Орындау кезінде жазатайым оқиға болған кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау жөнінде оқыту

      20 ___ жылғы " ___ " бастап 20 ___ жылғы " ___ " ____________дейін

      (жүргізілмеген болса, көрсету қажет)

      Орындау кезінде жазатайым оқиға болған кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау жөнінде білімін тексеру _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы, хаттама нөмірі)

      6. Жазатайым оқиға болған орынға (объектіге) қысқаша сипаттама

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жазатайым оқиға болған орынды қарап тексеру хаттамасында қамтылған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар көрсетіле отырып, оқиға болған орынды қысқаша сипаттау)

      Пайдаланылуы жазатайым оқиғаға әкеп соққан жабдық

      __________________________________________________________________________

      (атауы, түрі, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы ұйым)

      7. Жазатайым оқиғаның мән-жайы ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жазатайым оқиғаның алдындағы мән-жайларды қысқаша баяндау, жазатайым оқиғаға байланысты жайттарды және зардап шегуші мен басқа адамдардың әрекеттерін сипаттау және тергеп-тексеру барысында анықталған басқа да мәліметтер)

      7.1. Алған зақымдардың сипаты және зақымға ұшыраған орган, денсаулыққа келген зақымның ауырлығы туралы медициналық қорытынды

      __________________________________________________________________________

      7.2. Зардап шегушінің алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы

      __________________________________________________________________________

      (жоқ, иә - белгіленген тәртіппен жүргізілген куәландыру нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкес масаңдық күйін және дәрежесін көрсету қажет)

      7.3. Жазатайым оқиғаны көзімен көргендер _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефон №)

      8. Жазатайым оқиға себептері ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, жергілікті нормативтік актілер талаптарының бұзылуына сілтеме жасай отырып, жазатайым оқиғаның негізгі және ілеспе себептері)

      9. Еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген адамдар

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (осы актінің 8-тармағында көрсетілген жазатайым оқиға себептері болып табылатын бұзушылықтар үшін адамдардың жауапкершілігі көзделетін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық және жергілікті нормативтік актілердің талаптары көрсетіле отырып, тектері, аты-жөндері, лауазымдары (кәсіптері)

      Осы адамдар жұмыскерлері болып табылатын ұйым (жұмыс беруші)

      __________________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

      10. Зардап шегуші кінәсінің дәрежесі (пайызбен) ________________________________

      11. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар, мерзімдер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді

      жүргізген адамдардың қолдары _______________________________________________

      (тектері, аты-жөндері, күні)

      __________________________________

      __________________________________

      __________________________________

      Беларусь Республикасы Үкіметінің атынан Беларусь Республикасының Премьер-министрі М.В. Мясникович, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов, Қырғызстан Республикасы Үкіметінің атынан Қырғызстан Республикасының Бірінші вице-премьер-министрі Д.К. Отарбаев, Ресей Федерациясы Үкіметінің атынан Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведев, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің атынан Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі А.Г. Акилов. 2013 жылы 31 мамырда Минск қаласында қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісім түпнұсқасының көшірмесін осы арқылы куәландырамын.

      Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Интеграциялық Комитетінің хатшылығы
Іс басқару және ұйымдастырушылық-құқықтық
мәселелер департаментінің директоры
М. Мегладзе

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады