Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 21 қарашадағы № 193-VІ ҚРЗ.

      2017 жылғы 11 қазанда Сочиде жасалған Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы
ХАТТАМА

      (2018 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 1, 5-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,

      есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының (бұдан әрі - есірткілер), атыс қаруының, оның негізгі бөліктерінің, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылардың (бұдан әрі - қару) заңсыз айналымы Тараптардың ұлттық қауіпсіздігіне, олардың халықтарының денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі қауіп төндіретінін сезіне отырып,

      1972 жылғы Хаттамаға сәйкес оған енгізілген түзетулермен бірге Есірткі құралдары туралы 1961 жылғы бірыңғай конвенцияны, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияны, 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын, 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын, 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны назарға ала отырып,

      есірткі мен қарудың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуда және тергеп-тексеруде ынтымақтастықты тереңдете түсуге ниет білдіре отырып,

      есірткі мен қарудың заңсыз айналымы туралы қылмыстық істер бойынша Тараптардың арасындағы тиімді өзара іс-қимыл осындай қылмыстардың алдын алуға және оларға қарсы күреске ықпал ететінін мойындай отырып,

      қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі мен қаруды беру тәртібін белгілеу мақсатын көздей отырып,

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Хаттамада мынадай терминдер пайдаланылады:

      заттай дәлелдемелер - қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары, атыс қаруы, оның негізгі бөліктері, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар;

      сұрау салу - қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді беру туралы өтініш (өтінішхат);

      Тараптардың құзыретті органдары - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын Тараптардың мемлекеттік органдары;

2-бап

      Осы Хаттаманың шеңберінде Тараптар заттай дәлелдемелерді беру мәселелерінде ынтымақтасады.

3-бап

      1. Осы Хаттаманың шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптардың құзыретті органдарының сұрау салулары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Тараптардың құзыретті органдары сұрау салуларды жібереді, алады, олардың жедел және тиісінше орындалуын ұйымдастырады.

4-бап

      1. Тараптар сұрау салушы Тараптың қылмыстық процесінде пайдалану үшін сұрау салу бойынша өздерінің құзыретті органдары арқылы заттай дәлелдемелерді бір-біріне беруге міндеттенеді.

      2. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының сұрау салушы Тараптың құзыретті органының сұрау салуы бойынша заттай дәлелдемелерді беруі сұрау салынатын Тарапта олар заттай дәлелдемелер болып табылатын қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғанға не қылмыстық іс бойынша сот үкімі (сот шешімі) заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

5-бап

      1. Құзыретті органдардың тізбесін әрбір Тарап белгілейді және ол осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарлама тапсырылған кезде депозитарийге беріледі.

      2. Құзыретті органдар тізбесінің өзгергені туралы Тараптардың әрқайсысы депозитарийді 30 күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

6-бап

      Осы Хаттаманың шеңберінде сұрау салынатын Тараптың құзыретті органынан алынған заттай дәлелдемелер сұрау салушы Тарапта оның ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес сұрау салушы Тараптың аумағында алынғандағыдай дәл сондай заңдық күшке ие болды.

7-бап

      1. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіруі мүмкін не оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп пайымдаса, оны орындаудан толық немесе ішінара бас тартылуы мүмкін.

      2. Сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салуды алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей бас тарту себептері көрсетіле отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етіледі.

8-бап

      1. Сұрау салу жазбаша түрде жасалады, оған сұрау салушы Тараптың құзыретті органының лауазымды адамы қол қояды және ол сұрау салушы Тараптың құзыретті органының елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Сұрау салуда мынадай мәліметтер:

      а) Тараптың сұрау салуды жіберген құзыретті органының атауы мен орналасқан жері;

      б) Тараптың сұрау салу жіберілетін құзыретті органының атауы мен орналасқан жері;

      в) қылмыстық істің нөмірі мен сұрау салудың сипаттамасы;

      г) туған күні мен жері, азаматтығы, немен айналысатыны, тұрғылықты жері немесе болатын жері туралы мәліметтерді қоса алғанда, күдіктілер немесе айыпталушылар туралы деректер, ал заңды тұлғалар үшін - олардың атауы мен орналасқан жері;

      д) жасалған қылмыстың нақты мән-жайлары, сұрау салушы Тараптың заңнамасы бойынша оның саралануы туралы мәліметтер және заңның қолданылатын ережесінің мәтіні, ал қажет болған жағдайда - осы қылмыс келтірген зиянның мөлшері және сұрау салуды орындаудың қолайлы мерзімі туралы мәліметтер;

      е) беру үшін сұратылатын заттай дәлелдемелердің тізбесі мен сипаттамасы, қылмысты тергеп-тексеру процесіндегі олардың дәлелдемелік мәні;

      ж) Тараптың құзыретті органының заттай дәлелдемелер берілуі қажет өкілдері туралы мәліметтер, олардың толық аттары, әкелерінің аттары (болған жағдайда) тектері, лауазымдары қамтылуға тиіс.

      2. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуда көрсетілген мәліметтер оны орындау үшін жеткіліксіз деп есептесе, ол қосымша ақпарат сұрата алады.

      3. Сұрау салуды орындау нәтижелері туралы сұрау салушы Тарап жазбаша түрде хабардар етіледі.

      4. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салу факсимильдік байланыс арқылы, сондай-ақ коммуникацияның өзге де құралдары пайдаланыла отырып жіберілуі мүмкін. Сұрау салудың түпнұсқасы бір мезгілде поштамен немесе курьер арқылы жіберілуге тиіс.

      Заттай дәлелдемелерді тікелей беру сұрау салудың түпнұсқасы алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      5. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін немесе сұрау салуда көрсетілген мерзімде оны орындауды кідіртетін мән-жайлар туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органын дереу хабардар етеді.

      6. Егер сұрау салуды орындау сұрау салуды алған органның құзыретіне кірмесе, ол сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салуды өз мемлекетінің оны орындауға құзыретті басқа органына береді және бұл туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органын дереу хабардар етеді.

9-бап

      1. Әрбір Тарап сұрау салуды орындау барысында берілетін ақпараттың құпиялылығы мен заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Заттай дәлелдемелерге қол жеткізуді шектеу дәрежесін сұрау салынатын Тарап айқындайды.

      2. Осы Хаттаманың негізінде алынған ақпарат пен заттай дәлелдемелер оларды ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз өздері сұратылғаннан немесе ұсынылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылмайды.

      3. Осы Хаттаманың негізінде бір Тарап екінші Тараптан алған ақпарат пен заттай дәлелдемелер оларды берген Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге жатпайды.

      4. Алынған ақпараттың қорғалуын және заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша Тараптардың міндеттемелері осы Хаттаманың қолданысы тоқтатылғаннан не одан шыққаннан кейін де күшінде қалады.

10-бап

      1. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салушы Тарапты беру уақыты мен орны туралы алдын ала хабардар ете отырып, сұрау салушы Тараптың құзыретті органына заттай дәлелдемелерді беру туралы шешім қабылдайды.

      2. Тараптардың құзыретті органдарының заттай дәлелдемелерді беруі осы Хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Заттай дәлелдемелерді қабылдау және беру осы Хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.

      4. Заттай дәлелдемелер беру кезінде сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес тасымалдау кезінде олардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей тиісінше түрде оралады.

11-бап

      1. Заттай дәлелдемелерді Тараптардың мемлекеттік (кедендік) шекаралары арқылы алып өту, сондай-ақ Тараптардың аумақтары арқылы транзитпен алып өту бірінші кезектегі (басым) тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте кеден органдарына осы Хаттамаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттай дәлелдемені есепке алу карточкасы ұсынылған жағдайда кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін.

      2. Әрбір Тарап ұлттық заңнамасына сәйкес заттай дәлелдемелерді құзыретті органдардың бақылауымен алып өтуді оңайлату үшін шаралар қолдана алады.

12-бап

      1. Егер заттай дәлелдемелерді беру сұрау салынатын Тараптың және (немесе) үшінші тараптың мүдделерін қозғаса, беру сұрау салушы Тарапта қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталған соң заттай дәлелдемелерді қайтару туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органының міндеттемесі болған кезде ғана жүргізіледі.

      2. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы заттай дәлелдемелерді қайтаруды қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталған соң осы Хаттаманың 10 және 11-баптарында жазылған оларды берудің тәртібіне ұқсас жүргізеді.

13-бап

      1. Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Хаттаманы орындау барысында туындаған шығыстарды дербес көтереді.

      2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Хаттаманы орындау мақсатында бір-біріне өтеусіз көмек көрсете алады.

14-бап

      Осы Хаттама Тараптардың әрқайсысы үшін өзі қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

15-бап

      1. Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап-30 күн өткен соң күшіне енеді.

16-бап

      1. Осы Хаттама өзі күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжат беру арқылы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

      2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы болып табылмайтын мемлекет үшін осы Хаттама оған қол қойған немесе қосылған мемлекеттердің осындай қосылуға келіскені туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

17-бап

      Тараптардың келісуі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамамен ресімделеді.

18-бап

      Осы Хаттаманы қолдану және түсіндіру кезінде Тараптардың арасында туындайтын даулы мәселелер консультациялар мен мүдделі Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.

19-бап

      Осы Хаттаманың шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар орыс тілін пайдаланады.

20-бап

      Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы шыққанға дейін 6 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп және Хаттама қолданыста болған уақытта туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеп осы Хаттамадан шығуға құқылы.

      2017 жылғы 11 қазанда Сочи қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Армения Республикасы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Түрікменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Украина үшін

Молдова Республикасы үшін
 


  Қылмыстық істер бойынша
заттай дәлелдемелер болып
табылатын есірткі құралдарын,
психотроптық заттар мен
олардың прекурсорларын, атыс
қаруын, оның негізгі бөліктерін,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар
мен жарғыш құрылғыларды беру
тәртібі туралы
  2017 жылғы 11 қазандағы хаттамаға
1-қосымша

Заттай дәлелдемелерді беру
ТӘРТІБІ

      1. Заттай дәлелдемелерді беруді Тараптардың құзыретті органдарының өкілдері сұрау салу негізінде жүзеге асырады.

      2. Тараптардың аумақтары бойынша заттай дәлелдемелерді тасымалдау олардың ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптардың құзыретті органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.

      Осы мақсаттарда Тараптардың құзыретті органдары заттай дәлелдемелерді қабылдау-беру күнін, заттай дәлелдемелерді жеткізуді жүзеге асыратын адамдардың тізімдерін, Тараптардың мемлекеттік (кедендік) шекаралары арқылы өткізу пункттерін, қозғалыс маршруттарын, көлікті және өзге де қажетті мәселелерді келіседі.

      3. Заттай дәлелдемелер міндетті түрде оралады, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этикеткамен жабдықталады және тасымалдау үшін жеке немесе топтық орамаға орналастырылады. Орамалардың әрқайсысы сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының (жіберушінің) мөрімен мөрленеді. Бұл ретте орама сыртқы әсерлерден сенімді қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Заттай дәлелдемелер туралы ақпарат 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттай дәлелдемелерді есепке алу карточкасында көрсетіледі.

      5. Ілеспе құжаттамада заттай дәлелдемелердің жеке нөмірлері мен оралған күндері көрсетіле отырып, олардың тізбесі, заттай дәлелдемелер мен ораманың сыртқы түрі туралы мәліметтер, этикеткадағы мөр бедерінің мәтіні қамтылады.

  Қылмыстық істер бойынша
заттай дәлелдемелер болып
табылатын есірткі
құралдарын, психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларын, атыс қаруын,
оның негізгі бөліктерін,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар
мен жарғыш құрылғыларды беру
тәртібі туралы
2017 жылғы 11 қазандағы хаттамаға
2-қосымша

Заттай дәлелдемелерді қабылдау-беру
АКТІСІ

      20___жылғы " "_______________            _____________________
(акт жасалған орын)

      ______ сағат ______ минут

      _____________________________________________________________________

      Сұрау салушы Тараптың құзыретті органының өкілдері:

      _____________________________________________________________________

      (беруге қатысқан адамдардың лауазымдары, тектері мен аты-жөндері)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының өкілдері:

      ______________________________________________________________________

      (беруге қатысқан адамдардың лауазымдары, тектері мен аты-жөндері)

      ______________________________________________________________________

      Берілетін заттай дәлелдемелер: ____________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (заттай дәлелдемелердің сипаттамасы, оның ішінде заттай дәлелдемелердің саны,

      салмағы және жеке белгілері (болған жағдайда), құзыретті органдар өкілдерінің

      қолдарымен куәландырылған және елтаңбалы мөрдің бедерімен бекітілген түсіндірме

      жазбалары бар заттай дәлелдемелердің орамасы)

      ___________________________________________________________________

Сұрау салушы Тараптың құзыретті
органы өкілдерінің қолдары:
______________________________
(қолы) (тегі және аты-жөні)

Сұрау салынатын Тараптың құзыретті
органы өкілдерінің қолдары:
_________________________________
(қолы) (тегі және аты-жөні)

  Қылмыстық істер бойынша
заттай дәлелдемелер болып
табылатын есірткі
құралдарын,психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларын, атыс қаруын,
оның негізгі бөліктерін,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар
мен жарғыш құрылғыларды беру
тәртібі туралы 2017 жылғы
11 қазандағы хаттамаға
3-қосымша

Заттай дәлелдемені есепке алу карточкасы

1. Деректемелер

1.1. Тіркеу № _____ 20 ___ жылғы ______

1.2. Ведомство, карточканы жасаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.


1.3. Оралған күні


2. Заттай дәлелдеме туралы ақпарат


2.1. Атауы


2.2. Заттай дәлелдеменің массасы (салмағы), саны


2.3. Алып қойылған күні


2.4. Алып қойылған жері


2.5. Алып қоюды жүргізген ведомство


2.6. Ораманың нысаны мен мөлшері Уәкілетті адамның қолы


  Қылмыстық істер бойынша
заттай дәлелдемелер болып
табылатын есірткі
құралдарын.психотроптық
заттар мен олардың
прекурсорларын, атыс қаруын,
оның негізгі бөліктерін,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар
мен жарғыш құрылғыларды беру
тәртібі туралы 2017 жылғы
11 қазандағы хаттамаға
  4-қосымша

Заттай дәлелдеменің этикеткасы
Заттай дәлелдеменің нөмірі ___________________________________
(жеке нөмірі)
Оралған күні ___________ Алып қойылған күні _________________
Алып қойылған жері _______________________________________
Ораған
_____________________________ МО
_____________________________ (ораманы мөрлеу кезінде
Т.А.Ә пайдаланылатын мөрдің бедері)

Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттамаға
АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ

      Әзербайжан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттамаға Ескертпе ұсынуына байланысты Армения Республикасы Әзербайжан Республикасының Таулы Қарабах халқына қатысты этникалық тазарту саясатын қолданудың және Таулы Қарабах Республикасына қарсы әскери агрессияны өрістетудің нәтижесі болып табылатын таулы-қарабах қақтығысы реттелгенге дейін Әзербайжан Республикасына қатысты көрсетілген Хаттаманың ешқандай құқықтарын, міндеттері мен ережелерін қолданбайды.

      Армения Республикасының
Президенті
С. А. Саргсян

      Осы арқылы қоса беріліп отырған мәтіннің 2017 жылғы 11 қазанда Сочи қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманың тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын осымен куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитеті төрағасының -
Атқарушы хатшысының
бірінші орынбасары
В. Гуминский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады