"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына баспасөз-релизі
2018 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет Басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осы Келісімнің мақсаты жалпы тұқым нарығын дамыту және өзара тұқым саудасындағы кедергілерді жою.
Келісімді іске асыру әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және Қазақстанға:
- сорт сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіруге;
- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тұқым нарығына шығу мүмкіндігін кеңейтуге;
- республикада селекцияны және тұқым шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге;
- отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.