Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 208-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнында:

      9-баптың тақырыбындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары";

      34-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары";

      мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

      34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар";

      мынадай мазмұндағы 38-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "38-1-бап. Алғашқы көмек";

      76-баптың тақырыбындағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн" деген сөздер "Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      109 және 110-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету";

      112 және 113-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

      113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау";

      мынадай мазмұндағы 175-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруы";

      180 және 181-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "180-бап. Медициналық зерттеулер жүргiзу

      181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар";

      185-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 1-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-3) биобанк – ғылыми және медициналық мақсаттар үшін биологиялық материалдарды мамандандырылған сақтау қоймасы;";

      мынадай мазмұндағы 15-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-7) бірлесіп төлеу – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде олардың орнын толтырудың белгіленген шекті бағасының айырмасын төлеу;";

      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2) және 36-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "36-1) денсаулық сақтау жүйесі – қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

      36-2) денсаулық сақтау менеджері – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқару жөніндегі немесе денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлға қызметінің жекелеген бағыттарына басшылық ететін маман;

      36-3) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі – біліктілік санаты) – маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарындағығылыми-педагог кадрлардың педагогикалық және кәсіби біліктіліктерінің деңгейін айқындау рәсімі;";

      37-1) тармақша алып тасталсын;

      37-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау – тиісті маман сертификатын бере отырып, медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа және оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, денсаулық сақтау менеджерлерінің сәйкес келуін айқындауға арналған міндетті рәсім;";

      41) тармақша "білім беру," деген сөздерден кейін "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы," деген сөздермен толықтырылсын;

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) донор – донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, жыныс жасушалары, ұрпақты болу ағзаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;";

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) донорлық функция – донордың медициналық зерттеп-қарауды және медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын ерікті актісі;";

      52) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 54-1) және 63-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-1) интеграцияланған академиялық медициналық орталық – білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымын ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен біріктіру;";

      "63-1) қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеу – денсаулыққа әсер ететін және денсаулық сақтау жүйесінің дамуын айқындайтын негізгі факторларды анықтау, осы факторларға мақсатты әсер ету және басқару әдістерін әзірлеу үшін клиникалық-эпидемиологиялық деректер мен өзге де медициналық ақпаратты жинау және қорыту негізінде жүргізілетін зерттеу;";

      65) және 68-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) маман сертификаты – жеке тұлға біліктілігінің:

      клиникалық мамандыққа және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған;

      денсаулық сақтау менеджеріне сәйкес келуін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;";

      "68-1) медициналық-биологиялық эксперимент – жай-күйдің пайда болу немесе аурудың даму себептерін, жағдайлары мен тетіктерін анықтау, емдеу және профилактика әдістерін әзірлеу үшін зертханалық жануарларға зерделенетін жай-күйдің немесе аурудың құрылымдық-функционалдық кешенін оңайлатылған нысанда жаңғыртуға (модельдеуге) негізделген зерттеу;";

      мынадай мазмұндағы 68-2), 68-3), 68-14) және 79-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "68-2) медициналық білім беру – медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;

      68-3) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік – шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны;";

      "68-14) медициналық зерттеу – мақсаты адамның денсаулығы, аурулар туралы, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы туралы жаңа білімді ғылыми әдістермен алу болып табылатын зерттеу;";

      "79-1) мейірбике күтімі – дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;";

      80-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, өнімнің (тауарлардың) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;";

      мынадай мазмұндағы 84-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "84-6) паллиативтік көмек – терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;";

      97) тармақшадағы "ғылыми негізделген баға беру" деген сөздер "негіздеме" деген сөзбен ауыстырылсын;

      107-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі – HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;";

      мынадай мазмұндағы 108-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "108-1) университеттік клиника – ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері негізінде базасында медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілетін, барлық медициналық көмек түрі көрсетілетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының сенімгерлік басқаруындағы немесе еншілес ұйымы ретіндегі жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйым;";

      3) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.";

      4) 7-баптың 1-тармағында:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру және мониторингілеу;";

      24), 28-1) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;";

      "28-1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;";

      "47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      50) тармақшадағы "саласындағы" деген сөз ", халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 66-1) және 66-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "66-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру;

      66-2) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 83-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "83-2) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 86-1), 86-2), 86-3) және 89-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "86-1) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      86-2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру;

      86-3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келісу;";

      "89-1) иондандырушы сәулелену әсерімен байланысты аурулар тізбесін және себептік байланыcын анықтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      124) тармақшадағы "қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады." деген сөздер "қалыптастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 125), 126) және 127) тармақшалармен толықтырылсын:

      "125) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      126) медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      127) созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";

      5) 7-1-баптың 1-тармағында:

      11) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;";

      37) тармақшадағы "айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады." деген сөздер "айқындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:

      "38) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ осы тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";

      6) 9-бапта:

      тақырыптағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-9) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      7) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады." деген сөздер "зерттеулер жүргізу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама бойынша жүзеге асырылады.";

      8) 14-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге жатады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.";

      9) 18-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;";

      10) 21-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      11) 21-1-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары иеліктен шығарылмайды.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұрады.

      Рұқсат беру құжатының иесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтардың жойылғандығы туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен рұқсат беру құжатынан айыруға (кері қайтаруға) бастамашылық жасайды.

      Рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеуге мынадай:

      1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған;

      2) өтініш беруші дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) өтініш беруші заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;

      4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

      5) өнімге қойылатын талаптарды қамтитын, қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік, өнім құрамының көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуге алып келмейтін жаңа нормативтік құқықтық акт шығарылған жағдайларда қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізбестен жол беріледі.";

      12) 7-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары

      1. Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингілеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.

      2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары:

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдері;

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;

      бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың медициналық ұйымдар бойынша деректері;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып, халықаралық әдіснама негізінде жыл сайын қалыптастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.

      3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      13) 32-бапта:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін;";

      14) 33-1, 34 және 34-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі

      Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

      1) осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;

      3) медициналық көмектің:

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті;

      ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

      34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.

      3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

      1) жедел медициналық көмек;

      2) санитариялық авиация;

      3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелер;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың уәкілетті орган белгілейтін нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

      бір жасқа дейінгі балаларға патронаж;

      жүктілікті байқау және отбасын жоспарлау;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;

      кезек күттірмейтін медициналық көмек;

      алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының қабылдауы, консультациясы, оның ішінде қатты аурулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде қабылдауы, консультациясы;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

      саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беру;

      4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

      әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмек;

      бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациясы;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

      5) мыналарға:

      әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;

      тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған стационарды алмастыратын медициналық көмек;

      6) мыналарды:

      шұғыл көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызылған пациенттерді;

      әлеуметтік мәні бар ауруларды;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтитын стационарлық медициналық көмек;

      7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

      9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

      10) мыналар:

      патологиялық-анатомиялық ашу;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар;

      инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

      11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

      1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;

      2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.

      6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:

      1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісінше өндірістік практика (GMP);

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісінше дистрибьюторлық практика (GDP);

      3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісінше дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер ие болады.

      34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі әмбебаптылық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттелушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.

      2. Әмбебаптылық қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың кіріс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмектің ең төмен көлемімен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.

      3. Қолжетімділік қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу мүмкіндігін білдіреді.

      4. Дәлелділік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми деректердің болуын білдіреді.

      5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджет өлшемдеріне сәйкес келуін білдіреді.

      6. Реттелушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және дәрілік заттардың шекті бағаларын мемлекеттік реттеуді білдіреді.";

      15) мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-баптармен толықтырылсын:

      "34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) аурулардың диагностикасы және оларды емдеу;

      2) созылмалы аурулардың асқынуларын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;

      3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың зардаптарының алдын алу;

      4) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;

      5) пациентте өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;

      6) аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға медициналық күтім.

      34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.";

      16) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Медициналық көмектің түрлері

      Медициналық көмектің түрлері мыналар болып табылады:

      1) алғашқы көмек;

      2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

      3) білікті медициналық көмек;

      4) мамандандырылған медициналық көмек;

      5) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет;

      6) медициналық-әлеуметтік көмек.";

      17) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:

      "38-1-бап. Алғашқы көмек

      1. Шұғыл жағдайлар кезінде оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жүргізетін адамның өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені алғашқы көмек болып табылады.

      2. Алғашқы көмек көрсету жөніндегі базалық іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы стандарттарда айқындалады.";

      18) 39-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      19) 45-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек." деген сөздер "жұмыстарын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы жөніндегі түсіндіру жұмысын қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      20) 50 және 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Санитариялық авиация

      Пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.";

      "53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

      1. Паллиативтік көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.

      2. Мейірбике күтімі дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.

      3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      21) 62-1-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепте көрсетіледі.

      Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамының алуы эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады.

      Тексерулерден босату мерзімдері уәкілетті орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.";

      4-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;

      тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не эпидемиолог-дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не қоғамдық денсаулық сақтау (эпидемиолог) дәрігерінің жоғары біліктілік санатының болуы;";

      9-тармақтағы "есепті жылдың он бесінші қазанына" деген сөздер "есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.";

      22) 64-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      23) 76-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн" деген сөздер "Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 88-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өз қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) бірлесіп төлеуге;";

      5-тармақтағы "шетелдіктер" деген сөз "оралмандар, шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 89-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "вакцинация алуға құқығы бар." деген сөздер "вакцинация алуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін алуға құқығы бар.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.";

      26) 90-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілікте болуға;";

      27) 95-бапта:

      4-тармақтың 6) тармақшасындағы "анықталған кезде жол беріледі." деген сөздер "анықталған кезде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде жол беріледі.";

      5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері "компоненттерінің" деген сөзден кейін ", тіндердің, ағзалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет туберкулезбен ауыратын науқастарға:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

      2) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

      3) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

      4) балалар арасында туберкулездің ауыр, қатты өршитін түрлерімен науқастануды төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.";

      29) 106-баптың 1-тармағындағы "және аспаптық" деген сөздер алып тасталсын;

      30) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi

      1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және ол бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге:

      1) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың емдеуден бас тартуы және оны (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) сендірудің барлық әдістерінің оң нәтижесінің болмауы;

      2) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түріндегі емдеу режимін бұзуы негіздер болып табылады.

      3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға міндетті.

      Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша қабылдайды.";

      31) 109 және 110-баптар алып тасталсын;

      32) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету";

      33) 112 және 113-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы

      және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

      Мемлекет АИТВ жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

      2) динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;

      3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

      4) аурудың сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;

      5) АИТВ инфекциясының анадан шаранаға және балаға берілу тәуекелін төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

      113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау

      1. АИТВ жұқтырған адамдардың білім беру ұйымдарында оқуы қамтамасыз етіледі.

      2. АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың жақын туыстарының тұрғын үй және өзге де құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруге жол берілмейді.

      АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.

      3. Жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған, АИТВ жұқтырған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.";

      34) 114-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан шаранаға және балаға жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

      5) психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар ұсыну үшін сенім пунктерін, достық кабинеттерін ашу;";

      35) 115-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақысыз негізде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және консультация алуға құқығы бар.";

      "3. Шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын өзге де адамдар АИТВ-ның бар-жоғына зерттеліп-қаралудан өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.";

      36) 127-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзету Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.";

      37) 143-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;";

      38) 162-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

      1. Донорлық функцияны жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы қан мен оның компоненттерінің донорлығы болып табылады.

      2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз немесе өтеулі негізде жүргізіледі.

      Өтеулі негізде донорларды тарту донорлық функцияны өтеусіз негізде орындайтын донорлар болмаған кезде жүзеге асырылады.

      3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:

      1) донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу болып табылатын қан донациялау;

      2) қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын плазма донациялау.

      Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

      қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

      құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (иммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма (иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады);

      3) донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын жасушалар донациялау.

      4. Қанды дайындау және қайта өңдеу процесінде:

      1) қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлінген құрамдас бөліктері болып табылатын қан компоненттері;

      2) қан компоненттерін қайта өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар болып табылатын қан препараттары алынады.

      5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.";

      39) 164-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі уәкілетті орган бекіткен, донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

      Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зертханалық зерттеулер сапасына бағалау жүргізуді республикалық қан қызметінің референс-зертханасы жүзеге асырады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      40) 167-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Донорлық функция жұмыс күндері орындалған кезде донор орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

      Егер өтеусіз донациялау болса, онда донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.";

      "7. Қан немесе оның компоненттерінің аяқталған немесе аяқталмаған донациясын жүзеге асырған донор донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған кезде қан мен оның компоненттерін донациялағаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде оның ақшалай баламасын алады.";

      41) 169-бапта:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қамтамасыз ету үшін тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдері қалыптастырылады.

      Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау донорлықты жүргізу, қан, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жанында құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейтін иммуннологиялық типтеу зертханаларында (HLA-зертханалар) жасалады.

      Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау тіндерді (тіннің бөлігін), ағзаларды (ағзаның бөлігін) алумен, консервациялаумен, дайындаумен, тасымалдаумен және транспланттаумен айналысатын ұйымдардан зерттеуге берілетін жолдама негізінде жүзеге асырылады.

      HLA-зертханалар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.";

      42) 173-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аумағында қажетті сипаттамалары бар донорлық қан компоненттері болмаған кезде;";

      3-тармақ алып тасталсын;

      43) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік клиникаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.";

      44) мынадай мазмұндағы 175-1-баппен толықтырылсын:

      "175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруы

      1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдарымен және медициналық ұйымдармен медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік туралы шарттар жасасуға құқығы бар.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      45) 180 және 181-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "180-бап. Медициналық зерттеулер жүргізу

      1. Медициналық зерттеулер тірі адамдар мен жануарларға (зерттеу субъектілеріне), тірі және қайтыс болған адам мен жануардың биологиялық үлгілеріне, сондай-ақ клиникалық-эпидемиологиялық деректерді және өзге де медициналық ақпаратты пайдалану негізінде жүргізілуі мүмкін.

      Медициналық зерттеулер медициналық-биологиялық эксперименттерді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді, клиникалық зерттеулер мен қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеулерді қамтиды.

      2. Медициналық зерттеулердің мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасауға және адамды клондауға тыйым салынады.

      3. Адам эмбрионын немесе адамның шаранасын зерттеу кезінде немесе одан кейін адам эмбрионы немесе адамның ұрығы бұзылатын медициналық зерттеулерге тыйым салынады.

      4. Медициналық зерттеулер мынадай талаптар бір мезгілде сақталған:

      1) медициналық зерттеулер жаңа ғылыми деректер алуға және оларды практикалық денсаулық сақтауға енгізуге бағытталған;

      2) зерттеу субъектісінің мүдделерін қорғау және оның медициналық ақпаратының құпиялылығы қамтамасыз етілген;

      3) зерттеу субъектісінің немесе оның заңды өкілінің зерттеуге қатысуға немесе оның биологиялық үлгілерін және медициналық ақпаратын, оның ішінде ғылыми мақсаттарда биобанкті толтыру үшін пайдалануға келісімі алынған;

      4) интервенциялық клиникалық зерттеулер уәкілетті органның рұқсатымен жүргізілетін кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

      5. Адамдардың мынадай санаттары:

      1) кәмелетке толмағандар;

      2) жүкті әйелдер;

      3) әрекетке қабілетсіз адамдар;

      4) медициналық зерттеулерге қатысуы өздерінің оқуымен байланысты жағдайларда білім алушы адамдар;

      5) бөгденің көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерлер;

      6) әскери қызметшілер;

      7) медициналық зерттеулер жүргізілетін медициналық ұйымдардың персоналы;

      8) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық зерттеулер, өзге адамдарға жүргізілмейтін және мұндай медициналық зерттеулерге қатысу оларға медициналық зерттеумен байланысты тәуекелдер мен қолайсыздықтардан басым түсетін тікелей пайда әкеледі деп күтуге ғылыми негіздер болған жағдайда ғана жүргізіледі.

      6. Медициналық зерттеуге қатысуға келісім алынған кезде кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысына, пациентке немесе ерік білдірген адамға:

      1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік зат, медициналық зерттеудің мәні мен ұзақтығы туралы;

      2) медициналық технологияның, фармакологиялық немесе дәрілік заттың қауіпсіздік дәрежесі, олардың тәуекелдері туралы және күтілетін тиімділігі туралы;

      3) медициналық технологияны, фармакологиялық немесе дәрілік затты қолданудың денсаулықтың жай-күйіне күтілмеген әсері жағдайындағы әрекеттер туралы;

      4) денсаулықты сақтандыру шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.

      Бұл ретте медициналық зерттеулер басталғанға дейін кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы, пациент немесе ерік білдірген адам зерттеудің кез келген сатысында медициналық зерттеулерден бас тарту мүмкіндігі туралы хабарланған болуға тиіс.

      7. Медициналық зерттеулер кез келген сатыда:

      1) зерттеулерге қатысушы кәмелетке толмаған адамның, оның заңды өкілінің, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының, пациенттің немесе ерік білдірген адамның талап етуі бойынша;

      2) кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз адамның, пациенттің немесе ерік білдірген адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда тоқтатылады.

      8. Зерттеуге қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы құжаттарды ресімдеу және биоэтика жөніндегі комиссияның оң қорытындысы медициналық зерттеулер жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.

      9. Медициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

      181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар

      1. Биоэтика жөніндегі комиссия медициналық зерттеулер жүргізумен байланысты құжаттарға медициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында оларды жоспарлау кезеңінде, орындалу барысында және аяқталғаннан кейін биоэтикалық сараптама жүргізетін тәуелсіз сараптама органы болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасында Биоэтика жөніндегі орталық комиссия және биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар жұмыс істейді.

      3. Биоэтика жөніндегі орталық комиссия мынадай міндеттерді орындау үшін уәкілетті органның жанынан құрылады:

      1) қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамыту тұрғысынан биоэтика мәселелері бойынша талдау жүргізу және мамандар мен халықты ақпараттандыру;

      2) шетелде өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі және одан көп зерттеу орталықтарында жүргізілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;

      3) жүргізілу үшін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия қорытынды берген және уәкілетті органның рұқсаты берілген медициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;

      4) биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың қызметін үйлестіру және олардың қызметінің Биоэтика жөніндегі орталық комиссия бекіткен стандарттарға сәйкестігін бағалау;

      5) биоэтика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу.

      4. Биоэтика жөніндегі орталық және жергілікті комиссиялар пәнаралық негізде қалыптастырылады және медициналық, гуманитарлық кәсіптердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және құқық саласындағы мамандардан тұрады.

      5. Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

      6. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар мынадай міндеттерді орындау үшін медициналық ұйымдардың жанынан құрылады:

      1) осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, медициналық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;

      2) жүргізілу үшін осы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия қорытынды берген және уәкілетті органның рұқсаты берілген медициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;

      3) Биоэтика жөніндегі орталық комиссияға ол айқындаған тәртіппен жыл сайынғы есепті ұсыну.

      7. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы және ол туралы ереже Биоэтика жөніндегі орталық комиссиямен келісу бойынша жергілікті комиссия жанынан құрылатын медициналық ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      8. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың Биоэтика жөніндегі орталық комиссия беретін биоэтикалық комиссиялар қызметінің стандарттарға сәйкестігі сертификаты болған жағдайда медициналық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беруге құқығы бар.

      9. Биоэтика комиссиялары қызметінің талаптарға сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімін және оны беру тәртібін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия айқындайды.";

      46) 182-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы қарау болмаған кезде пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.";

      5-тармақта:

      үшінші бөліктегі "ЖИТС" деген сөз "АИТВ-инфекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      47) 185-1-бап алып тасталсын.

      2. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнында 118-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру";

      2) бүкіл мәтін бойынша "АИТВ/ЖИТС" деген сөздер "АИТВ" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 317-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиiсiнше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар):

      161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнында 429-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "429-бап. АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы";

      2) 80-бапта:

      бірінші және екінші бөліктер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 81-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 429-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "АИТВ инфекциясын жұқтырғандармен, ЖИТС-пен" деген сөздер "АИТВ жұқтырғандармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 700-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (үшінші бөлігінде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.".

      5. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      6-баптың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы алып тасталсын.

      6. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-4), 8-1) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-4) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;";

      "8-1) корпоративтік басқару – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;";

      "37-1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары – тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге байланысты шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).";

      2) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы

      мемлекеттік кәсіпорындардың органдары

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі немесе құрылуы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге алқалы басқару органдары болып табылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша:

      1) атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылатын орган;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.";

      3) 148-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша, осы Заңмен және (немесе) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі – басқару органы құрылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.";

      4) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын:

      "148-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы

      мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары

      Мыналар:

      1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;

      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен орындалмаған мәмілелері бар заңды тұлғаның лауазымды адамы;

      3) мыналардың:

      осы баптың 1) тармақшасында аталған адам өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамы өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары болып табылады.";

      5) 149-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған өкілеттіктерден басқа денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:

      1) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;

      2) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының құрамына тағайындауға кандидатураларды сайлайды, сондай-ақ атқарушы органының мүшесімен еңбек шартын бұзу мәселесін алдын ала келіседі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы болады, ішкі аудит кызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысы мен сыйақы беру мөлшерін және шарттарын айқындайды;

      4) қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық ұйым көрсететін қызметтерге ақы төлеу мөлшерін айқындайды;

      5) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;

      6) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметі туралы ақпаратты айқындайды;

      7) осы Заңда және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделген, тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Байқау кеңесінің осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген өкілеттіктерін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органына беруге жол берілмейді.";

      6) мынадай мазмұндағы 150-1 және 150-2-баптармен толықтырылсын:

      "150-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы

      1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

      Атқарушы орган байқау кеңесіне есеп береді.

      Атқарушы орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімін орындауға міндетті.

      Атқарушы орган осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа да органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      Алқалы атқарушы органның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауыс беруге қойылған мәселелер, алқалы атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетіліп, бұлар бойынша дауыс беру қорытындысы қамтылуға тиіс.

      Атқарушы орган мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде атқарушы органның басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) алқалы атқарушы органның басшысы мен мүшелерін байқау кеңесінің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайды және оның алдын ала келісімі бойынша лауазымынан босатады.

      Атқарушы органның басшысы мен мүшесін сайлау, тағайындау, аттестаттаудан өткізу осы Заңның 139-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Алқалы атқарушы органның басшысымен және мүшелерімен жасалатын еңбек шартына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қол қояды.

      3. Атқарушы органның басшысы:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      2) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын атынан әрекет етеді;

      3) банктік шоттар ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

      5) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      6) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;

      7) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;

      8) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      4. Атқарушы органның мүшесі байқау кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

      Алқалы атқарушы органның басшысы мен мүшелері немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам басқа заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқылы емес.

      Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аталған адаммен жасайтын еңбек шартында айқындалады.

      150-2-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.

      2. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері байқау кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.

      3. Ішкі аудит қызметі байқау кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.".

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж, № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда медициналық көмекке құқығы бар.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.

      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің осы бапта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған, қызметінің (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне қолданылады.

      Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, ведомствоның білім беру ұйымдары курсанттарының медициналық көрсетілімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.".

      8. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзетуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес қамтамасыз етуге;".

      9. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар):

      1) 2-қосымшада:

      120-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

120.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
 


                                                                        ";

      227-жол "клиникалық" деген сөздің алдынан "интервенциялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама".

      10. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты:

      1) жедел медициналық көмек;

      2) санитариялық авиация;

      3) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді;

      бір жасқа дейінгі балаларға патронажды;

      жүктілікті байқау және отбасын жоспарлауды;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқауды;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмекті;

      кезек күттірмейтін медициналық көмекті;

      алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының қабылдауын және консультациясын, оның ішінде қатты аурулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде қабылдауын және консультациясын;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;

      саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беруді қамтитын алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

      4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша;

      әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмекті;

      бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауын және консультациясын;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы қамтитын консультациялық-диагностикалық көмек;

      5) мыналарға:

      әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;

      тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған стационарды алмастыратын медициналық көмек;

      6) мыналарды:

      шұғыл көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызылған пациенттерді;

      әлеуметтік мәні бар ауруларды;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтитын стационарлық медициналық көмек;

      7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

      9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

      10) мыналар:

      патологиялық-анатомиялық ашу;

      динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар; әлеуметтік мәні бар аурулар;

      инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

      11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау нормалары мен нормативтерін қамтиды.";

      2) 38-1-бап алып тасталсын.

      11. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осындай жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш ай өткеннен кейін төленетін жарналар сомалары төленбеген кезең есебіне есепке жатқызылуға жатады.";

      2) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын, дәрігерді таңдауға құқығы бар.";

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

      1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

      он сегіз жасқа дейінгі балаларды және он сегіз жастан үлкен адамдарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

      бейінді мамандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациясы, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

      2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек;

      3) ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы стационарлық көмек;

      4) уәкілетті орган айқындайтын аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы ұсынылады.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;

      2) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

      3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.

      4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.

      5. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.";

      4) 11-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      5) 14-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) алдыңғы кезең үшін берешегі болмаған кезде аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын қайтарып алуға;";

      6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Мемлекеттік корпорация

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жатқызылатын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) төлеушілерден қорға түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді және аударуды банктік үш күн ішінде жүзеге асырады;

      2) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асырады;

      3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;

      4) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартып отырады;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестендірілген есепке алуды және ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерімен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі негізінде аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүзеге асырады;

      3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің түскен және қайтарып алған аударымдары мен жарналарының тізілімдерін ұсынады;

      4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлеріне сәйкес ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;

      5) қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ақпараттық жүйелерден ақпарат береді;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа кезде, аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      7) аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуды, төлеуді, олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер береді;

      8) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды қалыптастырады және қорға береді;

      9) өздері үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың әлеуметтік мәртебесін жаңартып отыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетуді "бір терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, өздерінің қарамағындағы ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалануы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етіледі.

      4. Мемлекеттік корпорация аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды.";

      7) 20-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "қате төленген сомаларын және", "өсімпұлды" деген сөздер тиісінше "және", "өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 26-бапта:

      1-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.";

      14) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорға төлеуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2 пайызы, бірақ 3 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      9) 29-баптың 3-тармағында:

      үшінші бөліктегі "жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшеріне тең, жұмыскердің", "табысынан", "жарналар төлеуді" деген сөздер тиісінше "ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшеріне тең", "кірістерінен", "жарналардың төленгенін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Салық органы" деген сөздер "Жұмыс беруші және (немесе) салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 30-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

      Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.";

      11) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару

      Мемлекеттік корпорация төлеуші артық (қате) төлеген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтаруға тиіс.";

      12) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.

      12. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      1) 1-бапта:

      5-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;

      17-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-баптың бесінші абзацында:

      "6) және 13) тармақшаларын" деген сөздер "6) тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", 17-тармағының 1) тармақшасын" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші – тоғызыншы, он екінші және жиырма төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 14), 15) және 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 47) тармақшасын, 7 және 10-тармақтарын, 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 8) тармақшасының тоғызыншы – он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады