Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 5 наурыздағы № 234-VІ ҚРЗ.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша баспасөз релизі

      2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Аталған Қазақстан Республикасының Заң 2017 жылғы 30 қарашадағы қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау мақсатында қабылданды.

      Келісімді ратификациялау ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Тараптардың өзара іс-қимылын дамытуға ықпал етеді.

      Келісімді іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз