Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 23 наурыздағы № 238-VІ ҚРЗ.

      1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат; 2017 ж., № 5, 9-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.";

      3-1-тармақтағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады