Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 248-VІ ҚРЗ.

      2018 жылғы 27 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы
келісім

      (2019 жылғы 8 мамырда күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 3, 39-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)

      қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастар мен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,

      1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.

      Уәкілетті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3-бап

      Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан ("Отар" станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстан Республикасының аумағына ("Рохати" станциясы, Душанбе қаласы) дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер оларды тиісті түрде қабылдауды және беруді жүргізеді.

      Әскери мүлікті тасымалдау мәселелері Тараптар мемлекеттері қатысушы болып табылатын әскери тасымалдау саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес реттеледі.

      Әскери мүлікті Душанбе қаласының "Рохати" станциясына дейін жеткізуге байланысты шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.

      Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік тазарту және декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тәжікстан тарапы Тәжікстан Республикасында кедендік рәсімдерді ресімдегені үшін шығыстарды өзіне алады және оған жауапты болады.

4-бап

      Тәжікстан тарапы Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді.

6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

7-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын Тәжікстан тарапы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім оның 4-бабын қоспағанда, Тәжікстан тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.

      2018 жылғы 27 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының      Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін      Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық
көмек көрсету туралы келісімге
қосымша

Берілетін әскери мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

ЗАҚ мүлкі

Оқ-дәрілер

1

5,45 мм кәдімгі оғы бар патрон (БО)

дана

1 500 000

2

12,7 мм патрон

дана

30 000

3

ЗУ-23-2-ге 23 мм оқтар

дана

20 000

4

ВОГ-17 жарықшақты гранатасы бар 30 мм оқтар

дана

90 000

5

ВОГ-25 жарықшақты гранатасы бар 40 мм оқтар

дана

30 000

6

ПГ-7 40 мм оқтар

дана

2 000

7

Т-72 танкісіне 125 мм танк оқтары

дана

1 500

8

82 мм жарықшақты-фугасты мина

дана

30 000

9

120 мм жарықшақты-фугасты мина

дана

25 000

10

2С3-ге 152 мм оқтар

дана

10 000

Артиллериялық аспаптар, оқу-жаттығу керек-жарақтары

11

ПАБ-2М буссолі

жиынтық

58

12

ПРК-69 түзеуді есептеу аспабы

бірлік

69

13

Б7х35 дүрбісі

бірлік

140

14

АК компасы

бірлік

69

15

ПУС-7 7,62 мм

бірлік

10

Авиациялық зақымдау құралдары

16

ГШ авиациялық зеңбірегіне 30 мм патрондар

дана

30 000

17

| С-5 басқарылмайтын зымырандары

дана

5 000

РХБҚ мүлкі

18

Химиялық барлаудың әскери аспабы

дана

500

19

ДП-5В дозиметрлік аспабы

дана

500

Инженерлік мүлік

20

ДСТ-451типті саперлік қашықтық өлшегіш (ДСП-30)

дана

10

21

Инженерлік барлау перискобы (ИБП)

дана

10

22

Шағын жаяу әскер күрегі (ШЖК)

дана

200

23

Үлкен саперлік күрек (ҮСК)

дана

200

Тыл мүлкі

24

Қара түсті броньды кеудеше (2-3-санатты)

дана

300

25

Қорғаныш дулыға (металл)

дана

300

26

Рюкзак

дана

300

27

Кариматы бар ұйықтауға арналған қап

дана

300

28

Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке

жұп

300

29

Плащ-шатыр

дана

300

30

20 орынды шатыр (2-санатты)

жиынтық

2

31

40 орынды шатыр (2-санатты)

жиынтық

1

32

Алюминий құты (2-санатты)

даңа

300

33

Алюминий қолбақыр (2-санатты)

дана

300

34

Мақта кеудеше

дана

1 000

35

Кең балақты мақта шалбар

дана

1 000

36

ІІІалбар белбеуі (3-санатты)

дана

500

Тау жабдығы

37

Альпинизмге арналған жіп

метр

1 000

38

Жіп (қосалқы репшнур)

метр

7 000

39

Қар көшкіні бауы

метр

3 000

40

Муфтасы бар карабин (5 тонна)

дана

5 000

41

Муфтасы бар карабин (2,5 тонна)

дана

2 000

42

Ілмек (жартастық, көлденең)

дана

4 000

43

Ілмек (жартастық, швеллерлік)

дана

5 000

44

Ілмек (жартастық, тік)

дана

10 000

45

Мұз жарғыш

дана

300

46

Бензинді примус

дана

600

47

Сақтандыру жүйесі

жиынтық

150

48

Қар ілмектері

жұп

100

Медициналық мүлік

49

Б-2 жиынтығы (шиналар)

жиынтық

565

50

№ 2 үлкен таңу жинағы

жинақ

22

51

СБПА-15 көлеңкесіз шамы

дана

112

52

Бірегейлендірілген санитариялық керек-жарақ

дана

700

53

Медициналық зембілдер

дана

5 870

54

Зембіл астына қойылатын аласа тұғыр

жұп

166

55

Зембіл астына қойылатын биік тұғыр

жұп

179

56

Құралдар үстелі

дана

148

57

С-6 медициналық орындығы

дана

155

58

40 л оттегі баллоны

дана

423

59

Азоттың шала тотығына арналған баллон

дана

512

60

Басынан жараланғандарға арналған дулыға (ЖД)

дана

975

61

Ересектерге арналған балдақ

дана

1 000

62

Медициналық зембіл иықбауы

дана

700

63

Медициналық жамылғы (МЖ)

дана

400

64

Бірегейлендірілген таған

дана

816

65

Флакон ұстағыш

дана

336

66

Жаңғыртылған Дитерихс шиналары

дана

158

67

ТБА буындардың тайып кетуін болдырмауға арналған шарнирлі шиналар

дана

490

68

Саусақ сынығын емдеуге арналған шиналар

дана

40

69

Сымды сатылы шина

дана

455

70

Фанерлі шина

дана

95

71

№ 1 медициналық жиынтық жәшігі

дана

500

72

№ 2 медициналық жиынтық жәшігі

дана

40

73

№ 3 медициналық жиынтық жәшігі

дана

90

74

№ 4 медициналық жиынтық жәшігі

дана

400

75

Б-4 жиынтығы

жиынтық

500

76

Далалық таңу үстелі (БДТҮ)

дана

300

77

Резеңке қан тоқтатқыш жгут

дана

400

Байланыс құралдары

78

Р-105 радиостанциясы

жиынтық

30

79

Р-107 радиостанциясы

жиынтық

30

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің тәжік тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады