Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 28 қазандағы № 267-VІ ҚРЗ.

Баспасөз-релизі

      2018 жылғы 16 қазанда Хельсинки қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Финляндия Республикасына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасында Қазақстан Республикасындағы Солтүстік инвестициялық банктің қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қол қойылды.

      2019 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

      Осы келісімнің ережелерін қабылдау және іске асыру, Қазақстанға сумен жабдықтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп секторы және басқа да салаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз