"Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына баспасөз релизі
2019 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл Заң 2019 жылы 15 қазанда Страсбургте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімін (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау мақсатында қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (бұдан әрі – ГРЕКО) - Еуропа Кеңесі шеңберіндегі, оған 50 мемлекет, оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция кіретін бастама. Осы елдердің көпшілігі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтан ең "таза" мемлекеттер деп танылады.
Келісімге қол қою Қазақстанның ГРЕКО-ға қосылуының шарты болып табылады.
Келісімге сәйкес ГРЕКО өкілдеріне және бағалау топтарының мүшелеріне қызметтік міндеттемелерін орындау барысында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұтқындаудан немесе ұстаудан, теңдеме жүктi тәркілеуден, ауызша және жазбаша арыздары үшін қудалаудан иммунитет беріледі.
Алайда, аталған тұлғалар қылмыс жасалған кезде немесе оны жасағаннан кейін дереу ұсталған жағдайда, тұтқындаудан және соттық қудалаудан босатылмайды
Басқа елдерде мониторингтік іс-шаралар жүргізу барысында қазақстандық сарапшыларда осындай иммунитеттер мен артықшылықтар беру туралы атап өту маңызды.
Қазақстанның қосылуы еуропалық елдердің тәжірибесіне негізделген ГРЕКО ұсынымдарын іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ ГРЕКО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарымен тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.