2019 жылғы 15 қазанда Страсбургте жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (төменде ГРЕКО деп аталатын) қосылуына байланысты
ГРЕКО мүшелерінің өкілдері мен бағалау топтары мүшелерінің артықшылықтар мен иммунитеттерге ие екенін және егер олар қылмыс жасау немесе қылмыс жасауға әрекет жасау кезінде не оны жасағаннан кейін бірден тап болса, тұтқындаудан және соттың қудалауының босатылмайтынын назарға ала отырып,
ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің Қазақстан Республикасына сапарлары уақытында өз функцияларын жүзеге асырумен байланысты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалану мүмкіндігі болуға тиіс екендігінің маңыздылығын тани отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
1. Осы Келісім ГРЕКО мүшелерінің өкілдеріне және бағалаушы топтар мүшелеріне қолданылады. Осы Келісімнің мақсаттары үшін "бағалаушы топтар мүшелері" термині ретінде ғылыми сарапшылар, Еуропа Кеңесінің лауазымды адамдары және ГРЕКО жұмысына көмектесетін, Еуропа Кеңесі жалдаған аудармашылар түсініледі.
2. Артықшылықтар мен иммунитеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға жекелеген адамдардың бас пайдасы үшін емес, олардың ГРЕКО жұмысымен байланысты функцияларын тәуелсіз орындауын қамтамасыз ету мақсатында беріледі.
2-бап
Бағалауды дайындау және жүргізумен, сондай-ақ осы функцияларды жүзеге асырумен байланысты кезекті рәсімдер мен сапарлар барысында ГРЕКО мүшелерінің өкілдері мен бағалау топтарының мүшелері мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады:
а. Жеке басын қамаудан немесе ұстаудан және жеке багажға тыйым салудан иммунитетті, сондай-ақ айтқандары мен жазғандарына және ресми түрде өзі жасаған барлық әрекеттерге қатысты - болатын мемлекетінің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясының кез келген түрінен иммунитетті пайдаланады;
b. Егер бұл мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында кіруге тыйым салынатын немесе реттелетін аймақтар туралы заңдарға және қағидаларға қайшы келмеген жағдайда - болатын мемлекеті олардың функцияларын орындау үшін қажетті шекте мемлекеттің аумағында жүріп-тұру еркіндігін, оның аумағына кіруін және мемлекеттен шығуын қамтамасыз етуге тиіс.
3-бап
1-баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың иммунитеттер мен артықшылықтардан бас тартуын Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысы Еуропа Кеңесінің лауазымды адамдарына, Бас Хатшының алдындағы өз міндеттемелерін орындайтын ғылыми сарапшыларға қатысты жүргізеді. ГРЕКО мүшелері өкілдерінің иммунитеттер мен артықшылықтардан бас тартуын оларды тағайындаған мемлекеттер жүзеге асырады. Иммунитеттерден бас тарту Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысының немесе ГРЕКО-ға кіретін мемлекеттің пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген және осы бас тарту осындай иммунитет берілген мақсаттарға нұқсан келтірместен жүргізілуі мүмкін жағдайларда жүргізілуге тиіс.
4-бап
1. Сақтау, тасымалдау және соған ұқсас өзге көрсетілген қызметтер үшін алымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамаға сәйкес оларды кіргізуге рұқсат береді және барлық кедендік баждардан, салықтардан және олармен байланысты алымдардан босатады:
а) ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің ресми міндеттемелерін орындауына арналған заттарды;
б) ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің жеке пайдалануына арналған заттарды.
Осы тармақтың а) және б) тармақшаларында көрсетілген заттарды сатуды не өзге тәсілмен иеліктен шығаруды, осы заттардың берілуін және оларды заттар пайдалана отырып ақылы қызметтер көрсетуді қоса алғанда, қандай да бір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.
Осы тармақтың а) және б) тармақшаларында көрсетілген заттарды пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын басқа тұлғаға беруге кедендік әкелу баждары төленген жағдайда жол беріледі.
ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің ресми міндеттемелерін орындауы аяқталғаннан кейін, осы тармақтың а) және б)тармақшаларында көрсетілген заттар Қазақстан Республикасының аумағынан кері шығарылуға тиіс.
2. ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің жеке багажы осы баптың 1-тармағында көрсетілген иммунитеттер қолданылмайтын заттар немесе әкелінуіне және әкетілуіне заңмен тыйым салынған немесе болатын мемлекетінің карантиндік қағидаларымен реттелетін заттар бар деп пайымдауға маңызды негіздер болатын жағдайларды қоспағанда, тексеріп-қараудан босатылады.
Осындай тексеріп-қарау тек ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.
5-бап
ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің Қазақстан Республикасында бағалау тексерістерін жүргізуге қатысты құжаттары ГРЕКО қызметіне қатысты шамада қол сұғылмайтын болып табылады. ГРЕКО ресми хат-хабары және ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің ресми байланыс құралдары ұсталуға немесе цензураға ұшырамайды.
6-бап
ГРЕКО мүшелері өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің қызметтік міндеттемелерін атқаруы кезінде толық сөз бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметтік міндеттемелерін атқаруы кезінде олар айтқан жазған және өзге жасаған іс-әрекеттеріне қатысты - болатын мемлекетінің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясынан иммунитет соған қатысы бар тұлғалар ГРЕКО мүшелерінің өкілдері немесе бағалаушы топтардың мүшелері болуы тоқтатылса да, берілуін жалғастырады.
7-бап
Осы Келісімнің 1, 2, 3, 4, 5 және 6-баптарының ережелері бағалаушы топтың өкілі/мүшесі мен азаматтығы бар немесе өкілі болып табылатын немесе болған мемлекеттің билігі арасындағы өзара қатынастарға қолданылмайды.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша, оның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 11-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісімді талқылауға немесе қолдануға қатысты даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олар Тараптар арасында консультациялар немесе келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.
10-бап
Осы Келісімді талқылауға немесе қолдануға қатысты даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олар Тараптар арасында консультациялар немесе келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.
11-бап
1. Осы Келісім Еуропа Кеңесінің Бас Хатшылығы Қазақстан Республикасының осы Келісімді ратификациялағаны туралы құжатты алған сәттен бастап күшіне енеді.
2. Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысы Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерге және ГРЕКО-ға кіретін, бірақ Еуропа Кеңесінің мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге осы Келісімнің күшіне енгендігі туралы хабарлайды.
2019 жыл 15 қазан Страсбург қаласында ағылшын, француз қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндер теңтүпнұсқалық болып табылады. Осы Келісімді талқылауда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы үшін | Еуропа Кеңесі үшін |
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
Габриэлла Баттаини-Драгони Бас Хатшының Орынбасары |
---|
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.