Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 мамырдағы № 326-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж. № 16, 56-құжат):

      1) 7-баптың 19) тармақшасында:

      "өткізу жолымен" деген сөздер "ұйымдастыру арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қамтамасыз етеді" деген сөздерден кейін ", террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту

      Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларға білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде әлеуметтік оңалту қамтамасыз етіледі.

      Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту құқықтық, білім беру, психологиялық, медициналық, мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық көрсетілетін қызметтерді қамтиды.".

      2. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат):

      10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында:

      бесінші абзацтағы "және одан көп" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш;".

      2-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады