"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына"
Баспасөз релизі
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының 5-тармағымен әзірленді.
Заң негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.
Заң құқықтық салдары ретінде құқықтық реттеудің жаңа құралдарын енгізу, құқық қолдану практикасында туындаған құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мәртебесі мен ұйымдастырушылық қызметіне қатысты мәселелерді реттеу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алуды қамтамасыз етуді бөліп көрсеткен жөн.
Әлеуметтік-экономикалық салдар тұрғысынан Заңнан:
- сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде төмендету;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және салдарын жою;
- азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күтілуде.
Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.