1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 389-VI ҚРЗ.

      1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 31 мамырда Ашхабатта жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Кіріспенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып,".

      2. 2-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "көрсетілген мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында шығарылатын тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді (ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1996 жылғы 18 қазандағы Шешімімен енгізілген 9-тармақтың редакциясын ескере отырып, ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Шешімімен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне және 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне сәйкес) оңайлату болып табылады.".

      3. 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Келісімді 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер қолданады.".

      4. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап

      Тараптар, қажет болған кезде, екіжақты халықаралық шарттардың негізінде мемлекеттік (кедендік) шекаралардағы өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру және кедендік операцияларды жасау үшін жағдайлар жасайды.".

      5. 2-баптағы "тауарларды кедендік ресімдеу мен" деген сөздер "тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мен оларды" деген сөздермен, 9-баптағы "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік операциялар жасау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 4-баптағы "тауарларды кедендік ресімдеудің" деген сөздер "тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, 5-баптың бірінші және бесінші абзацтарындағы "Тауарларды кедендік ресімдеудің" деген сөздер "Тауарларға катысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, төртінші абзацындағы "көлік құралдарын кедендік ресімдеудің" деген сөздер "көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, 7-баптағы "Тауарларды кедендік ресімдеу" деген сөздер "Тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.

      2019 жылғы 31 мамырда Ашғабад қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түркіменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін

Молдова Республикасының
Үкіметі үшін


1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 31 мамырдағы хаттамаға Әзербайжан Республикасының ескертпесі

      Әзербайжан Республикасы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы келісімнің қатысушысы болып табылмайды.

      Әзербайжан Республикасы 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймақтарын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер арасында өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімде жазылған құқықтардың, міндеттер мен ережелердің ешқайсысын Армения Республикасына, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының басып алған аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтерге қатысты, оларды Армения Республикасы босатқанға дейін және агрессияның салдарын толық жойғанға дейін қолданбайды.

      Әзербайжан Республикасының
      Премьер-Министрі Новруз Мамедов

1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Әзербайжан Республикасының ескертпе ұсынуына байланысты АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ПІКІРІ

      Армения Республикасы 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Әзербайжан Республикасының ескертпе ұсынуына байланысты Келісімде көрсетілген құқықтардың, міндеттер мен ережелердің ешқайсысын Әзербайжан Республикасына қатысты, Таулы Қарабах Республикасының (Арцах Республикасы) халқына қатысты Әзербайжан Республикасы этникалық тазарту саясатын қолдануының және Таулы Қарабах Республикасына қарсы әскери агрессия жасауының салдары болып табылатын Таулы Қарабах қақтығысы реттелгенге дейін қолданбайды.

      Вице-премьер
      М. ГРИГОРЯН

      Қоса беріліп отырған мәтін Ашхабад қаласында 2019 жылғы 31 мамырда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған, 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың көшірмесімен сәйкес болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталуда.

      ТМД Атқарушы комитеттің
      Бірінші орынбасары В.А. Гуминский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады