Ялтада 1999 жылғы 8 қазанда жасалған Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Ресми расталған мәтін Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi,
1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып,
жалпыға ортақ халықаралық нормалардан және Тараптардың ұлттық заңдарының ережелерi мен негiздерiнен туындай отырып,
1995 жылғы 10 ақпанда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшыларының Кеңесiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Кеден заңдарының негiздерiн дамытуға,
өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды одан әрi кеңейтуге ұмтыла отырып,
еркiн сауда режимiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қажеттiгiн мойындай отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.1-бап
Осы Келiсiмде 1995 жылғы 10 ақпанда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшыларының Кеңесiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Кеден заңдарының Негiздерiнде пайдаланылатын терминдер қолданылады.
2-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты:
Тараптар арасында тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мен оларды кедендiк бақылаудың жеңiлдету тәртiбiн белгiлеу;
көрсетілген мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында шығарылатын тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді (ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1996 жылғы 18 қазандағы Шешімімен енгізілген 9-тармақтың редакциясын ескере отырып, ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Шешімімен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне және 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне сәйкес) оңайлату болып табылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.3-бап
1. Осы Келісімді 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер қолданады.
2. Осы Келiсiм ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан шығарылған және еркiн айналым үшiн шығару кеден режимiне орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы Келiсiм:
арнайы жүктерге, әскери бағыттағы өнiмдер және екi жақты қолданыс тауарларына жататын;
ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында акциздер салынатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Тараптар акциздер салынатын тауарлардың тiзбелерiмен алмасады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.4-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында көрсетiлген, ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелiнетiн тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаудың жеңiлдетiлген тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.5-бап
Тауарларға катысты кедендік операциялар жасаудың жеңiлдетiлген тәртiбiне:
кедендiк жүк декларациясының сәйкестендiрiлген бланкiлерi;
кедендiк жолаушылар декларацияларының сәйкестендiрiлген бланкiлерi;
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар жасаудың сәйкестендiрiлген ережелерi енедi.
Тауарларға катысты кедендік операциялар жасаудың жеңiлдетiлген тәртiбi кедендiк ресiмдеу және бақылау құжаттарын өзара мойындауды көздейдi.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.6-бап
Тараптар, қажет болған кезде, екіжақты халықаралық шарттардың негізінде мемлекеттік (кедендік) шекаралардағы өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру және кедендік операцияларды жасау үшін жағдайлар жасайды.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.7-бап
Тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.8-бап
ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарында тауарларды белгiленген пунктке дейiн тасымалдау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзудiң ұлттық ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап
Тауарлар қызмет аймағында тауарларды қабылдаушы орналасқан кеден органы айқындаған кедендік операциялар жасау орындарына жеткеннен кейiн, олар кеден қоймаларына немесе кеден бақылауымен кеден органы анықтаған басқа орындарға орналастырылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2020 № 389-VI Заңымен.10-бап
Кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердiң дұрыстығын растау үшiн кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi қосымша құжаттар мен мәлiметтер берiлуiн талап етуге құқылы.
Тараптар мұндай құжаттар мен мәлiметтердiң тiзбелерiн барынша қысқартуға, сондай-ақ оларды берудiң шарттарын оңтайландыруға ұмтылады.
11-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.
12-бап
Осы Келiсiм Тараптардың мемлекет iшiндегi рәсiмдерiн орындағандары туралы үшiншi хабарлама депозитарийлерiн алған күннен күшiне енедi. Мемлекет iшiндегi рәсiмдердi кеш орындаған Тарап үшiн бұл, тиiстi құжаттарды депозитариге тапсырған күннен күшiне енедi.
13-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша жеке құжаттармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін.
14-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл iшiнде қолданылады. Бұл мерзiм аяқталған соң, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, Келiсiм әр рет сайын келесi 5-жылдық мерзiмге дағдылы ұзартылады.
Тараптардың кез-келгенi осы Келiсiм қолданылған кезде туындаған мiндеттемелердi алдын ала реттей отырып, осы Келiсiмнен шығуға дейiн 6 айдан кешiктiрмей бұл туралы депозитариге жазбаша хабар жiберiп шыға алады.
15-бап
Осы Келiсiмдi талқылауға және қолдануға байланысты даулы мәселелер кеңестер және келiссөздер жолымен шешiледi. Даулы мәселелердi келiссөздер жолымен шешу мүмкiн болмаған жағдайда Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына немесе өзге халықаралық төрелiк соттарға көңiл бөледi.
16-бап
Осы Келiсiм мұндай қосылу туралы құжаттарды депозитариге тапсыру жолымен барлық Тараптардың келiсiмiмен оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашылған. Қосылу депозитарийi мұндай қосылуға Тараптардың келiсiмi туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне ендi деп саналады.
1999 жылғы 8 қазанда Ялта қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады.
Әзiрбайжан Республикасы Молдова Республикасы
Үкiметiнiң атынан Үкіметінің атынан
Армения Республикасы Ресей Федерациясы
Үкiметiнiң атынан Үкіметінің атынан
Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Грузия Үкіметінің атынан Түркменстан Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Қырғыз Республикасы Украина Үкіметінің атынан
Үкіметінің атынан
Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбi туралы
Келісімге
Әзірбайжан Республикасының
Ерекше пікірі
6-бапты және даулы мәселелерді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотында қарастыруға жол беретін 15-баптың ережелерін қоспағанда.
Әзірбайжан Республикасының
Премьер-Министрі
Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсiмге қатысушы
мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк
ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбi туралы Келiсімнiң
жобасы жөнiндегі
Армения Республикасының
Ұсынысы
1. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Тараптар осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн бiр ай барысында акциздер салынатын тауарлардың тiзбелерiмен алмасады, сондай-ақ осы тiзбелердегi барлық өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабар бередi".
2. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды кедендiк ресiмдеу ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзiледi".
3. 13-бапта "ресiмделетiн" деген сөзден кейiн "және осы Келiсiмнiң 12-бабымен белгiленген тәртiпте күшiне енетiн" деген сөздер қосылсын.
"Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсiмге қатысушы
мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк
ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбi туралы Келiсiм туралы"
ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi басшылары
Кеңесiнiң келiсiмiне
Украинаның ескертпелерi
1999 жылғы 8 қазан
Даулы мәселелердi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотында қарауға жол беретiн ережелердi қоспағанда.
Украинаның
Премьер-министрі
Ұсынылып отырған мәтiн 1999 жылғы 8 қазанда Ялта қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшыларының Кеңесi мәжiлiсiнде қабылданған, еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы Келiсiмнiң сәйкес көшiрмесi болып табылатындығын куәландырамын.
Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады.
Атқару комитетінің Төрағасы -
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы хатшысы