"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 390-VI ҚРЗ

      1-бап. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; № 24-I, 118-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) астық нарығы жөніндегі оператор – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;";

      "14-1) астықтың резервтік қоры – табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түліктік астықпен кепілдендірілген түрде қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қажет болған кезде ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдаланылатын азық-түліктік астық қоры;

      14-2) астықтың резервтік қорын басқару – астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға және өткізуге бағытталған қызметі;";

      2) 3-баптың 9) тармақшасындағы "алдын алу болып табылады." деген сөздер "алдын алу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз ету болып табылады.";

      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;";

      4) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-2), 32-6) және 32-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) астық нарығы жөніндегі операторды айқындау;";

      "32-6) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      32-7) астық нарығы жөніндегі операторға астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;";

      5) мынадай мазмұндағы 6-4-баппен толықтырылсын:

      "6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор

      Астық нарығы жөніндегі оператор:

      1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз етеді;

      3) астық сатып алуды жүзеге асырады;

      4) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізуді қамтамасыз етеді;

      5) тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға қатысады;

      6) азық-түліктік астық сатып алу және жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады