Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 395-VI ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағындағы "30) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;" деген сөздер "30-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 31-баптың 1-тармағындағы "27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;" деген сөздер "27-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 48-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      49-баптың 2-1-тармағы "алаңдарымен" деген сөзден кейін ", оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 108-құжат; 2020 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      1), 1-1) және 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірме – педагог, тәлімгер, мәдениет қызметкері немесе шығармашыл қызметкер өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;

      1-1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;";

      "1-4) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;";

      мынадай мазмұндағы 1-5), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-5) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;";

      "12-2) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

      12-3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;";

      13) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

      13-1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 35-11), 35-12), 35-13) және 35-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-12) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      35-14) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) 8-бап мынадай мазмұндағы 14-4), 14-5) және 14-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-4) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      14-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      14-6) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;";

      5) 19-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.".

      4. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 99-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1), 5-2) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы – жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;";

      "5-2) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған спорттық медицина ұйымы;";

      "9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      23) тармақшадағы "оқитындардың" және "спорттың" деген сөздер тиісінше "білім алушылардың" және "дене шынықтыру мен спорттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

      25-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;";

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) студенттік спорт – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;";

      56) тармақшадағы "Халықаралық арнаулы" деген сөздер "Арнайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 49-1), 65-8), 65-9), 65-10) және 65-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "49-1) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;";

      "65-8) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-9) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65-10) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      65-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) 8-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін" деген сөздер "жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1), 20-6), 20-7), 20-8) және 20-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;";

      "20-6) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      20-7) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      20-8) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      20-9) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;";

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін" деген сөздер "жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;";

      "14-4) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тиісті аумақтар шегінде ерікті негізде құрылатын спорт клубтарын құруға және олардың қызметіне жәрдемдеседі;";

      5) 14-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "Халықаралық арнайы олимпиадалық" деген сөздер "Арнайы олимпиадалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "колледждерде" деген сөз "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі сабақтарында дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті қолдану көзделеді.";

      7) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "адамдардың" және "айналысулары үшін" деген сөздер тиісінше "тұлғалардың" және "айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 19-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "Дүниежүзілік арнайы" деген сөздер "Арнайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 31-баптың 4-тармағындағы "колледждерде" деген сөз "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 40-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Спорттық медицина және бейімдік дене шынықтыру мен спорт мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.";

      11) 41-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады