2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
(2021 жылғы 23 наурызда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 2, 11-құжат)
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабының 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша):
1) 1) тармақша "мүше мемлекеттер басшыларының" деген сөздерден кейін ",мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2) тармақшадағы "үкіметтері басшыларының," деген сөздер алып тасталсын;
3) 5) тармақша "Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының," деген сөздерден кейін "Армения Республикасы Премьер- Министрі Әкімшілігі Басшысының," деген сөздермен толықтырылсын, "Армения Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздерден кейін ",Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8) тармақшадағы "Қорғаныс" деген сөз "Қауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстаи Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Осымен, аталған мәтіннің 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында, мыналар:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В. Путин
қол қойған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманның толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
Қазқстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі |
М.Такиев |